“Қазақ тілі сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері” авторлық бағдарлама


Т.А.Ермырзақызы – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпыға бірдей білім беретін мектеп, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                      Түсінік хат

Қазақ тілі талай ғасырдың қыры мен сырын, қалтарысы мен бұлтарысын бүккен тарихи терең тіл. «Сыны кетсе де сыры кетпеген» бұл тілдің сұлулығы мен сипатына әлі күнге көзі қарақты азаматтар үңілумен келеді.Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер – білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін ерекше қастерлеген ата – бабаларымыздың ана тілін асқақтата аялаған дәстүрін дәріптеп, үкілі үмітін ақтау міндеті де, сол мұраны жан – жақтан үздіксіз ағылған әсіресе қызыл бейрухтың тасқындар апатынан арашалап, көздің қарашығындай сақтау міндеті ұстаздың қолында. Ендеше, бұл бағдарламада қазақ тілін оқыту туралы жаңа білім жүйесінің басты негіздерін жүзеге асыру жөнінде бағыт беріледі.Осы тұрғыдан алғанда  авторлық бағдарлама оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді, қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар, оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор.5-сыныпқа арналған «Сөз әлемі» авторлық бағдарламасында жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетілді.Сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара, жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдары айқындалды.Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.

     «Сөз әлемі» авторлық бағдарламасының мақсаты – оқушыларға тіл білімі салалары бойынша талдауды үйрете отырып, қазақ тілінің байлығы, сөз сыры мен көркемдігін ұғындыру.

   Ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Авторлық бағдарламаның міндеттері:

  • Әртүрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сөз сырының құпиясын ашуға, сөздердің жасалу жолын ажыратуға практикалық дағдыларын  дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Меңгерген білімдерін нақтылы жағдайда қолдана білумен байланысты икемділікті қалыптастыру;
  • Алдына мақсат қоя білуге, өз-өздерін оқытуға, өздерін бір «жаңалық» ашуға баулу.
  • Оқушының тіл мәдениетін дамыту.
  • Теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

Авторлық бағдарламаның құжат негізі:

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы).

Авторлық бағдарлама бойынша қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар:

  • Сын тұрғысынан ойлау;
  • Дамыта оқыту;
  • Деңгейлі тапсырмалар арқылы оқыту;
  • Интербелсенді əдістерді тиімді қолдану;
  • Əңгіме əдістері.

Авторлық бағдарламаның əдіснамалық негізі:

Бірізділік, жүйелілік, ғылымилық жəне салыстырмалы талдау принциптері басшылыққа алынды.Тілдік, ғылыми жалпы ұстанымдары ескерілді.

Оқыту барысында қолданылатын педагогикалық əдіс- тəсілдер:

  • Оқушылардың жас жəне тіл білудегі деңгейлік ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зертттеу жəне жоспарлау, болжау дағдыларын қалыптастыратын əдіс-тəсілдер мен деңгейлік тапсырмалар;
  • Графикалық органайзерлер мен кіші жоба қорғау стратегиялары;
  • Тіл үйренушілердің дербес      танымдық       қызметін ұйымдастыруда  интербелсенді стратегиялар;
  • Мазмұндық ерекшелігіне қарай           схема, таблица, иллюстративтік материалдар;

Авторлық бағдарламаның айырмашылығы:

Пəнді оқыту жаңа басым бағыттар арқылы, яғни функционалдық, мəтінге негізделген, коммуникативтік əрекеттермен жүзеге аспақ. Коммуникативті əрекеттерді (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым) дамытуға арналған стратегиялар қарастырылған.

Күтілетін нəтиже.

  • Қосымша      əдебиеттермен       жұмыс     жасау барысында    оқушылар мəтінге талдау жасайды жəне коммуникативтік əрекеттері дамиды;
  • Оқушылар əртүрлі ресурс көздерінен материалдарды пайдаланып, шығармашылық, ғылыми зерттеу жұмысын жасай алады;
  • Тақырыпты меңгеруде тақырыптар аясын терең меңгеріп, өз пікірлерін айта        біледі, тұжырым жасайды;
  • Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен жұмыс жасалынады;

Ресурстармен жұмыс.Оқулықтармен қатар, ғаламтор             желісінен алынған ақпараттарды, қазақ тілі бойынша ғылыми тұжырымдар мен еңбектерді, кесте, диаграмма, сызбаларда берілген  мəліметтерді таңдай алады.

Нысаны: 5-сынып оқушылары  

Авторлық бағдарламаның құрылымы.

36 сағат, 5 тараудан тұрады.

[embeddoc url=”https://docs.google.com/document/d/1oQEQCF_mYBzu7AsE8MnOcOolpRsAdKoD/edit?usp=share_link&ouid=110981233461962601522&rtpof=true&sd=true” download=”all” viewer=”google”]