“Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқу жаттығулар жинағы” Авторлық бағдарлама


А.А.Уртбайкызы –  Қарағанды облысы,  Шет ауданы,  Еркіндік ауылы,  “Еркіндік ЖББ мектебі” , бастауыш сынып мұғалімі

Кіріспе

Математика пәнінің негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдарлама оқушылардың білім-білік деңгейлері, танымдық қабілеттерін арттырады.

Оқушының қисынды ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық – ойын тапсырмалар беру.

Бастауыш сыныпта өтілетін бірақ шығарылу қиын есептер мен тапқырлықты талап ететін қисынды есептер астарлап келеді.Есеп зерделілікке, қиялдауға, қисынды ойлауға, тапқырлыққа үйретеді.Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығуларды орындауға машықтандырады.Математикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін арттырып, зейінін, есте сақтау процестерін дамытады.

 Мақсаты – математикалық білімдерін тереңдету, оқушылардың математикалық мәдениетін көтеру.  өздігінен ізденуге бейімдеу және игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында   қолдана білуге  дайындау.

Міндеттері:

 –  ақыл ой іс-әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның     шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

  • кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;
  • практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;
  • пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • қисынды ойлауын дамыту;
  • таңдау сабақтың талабына қажет білім, білік, дағдыларын меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

  • Бұл бағдарламада танымдық тапсырмалардың бірнеше түрлері қарастырылды. Осы танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың математикалық тіл байлықтары жетіледі.
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыстануға, дәлелдеуге, салыстыра отырып пікір айтуға, есте сақтауға, өз-өзіне сеніммен қарауға, жаңа шешімдерді іздей білетін тұлға қалыптастыру. Сауатты оқуға, түсінуге, ажыратуға, салыстыруға алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады. Оқуға деген ынтасы, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығы, танымдық қабілеті, өздігінен жұмыс атқару дағдысы қалыптастасады.  

Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.

Жиілігі: 36 сағат  

Оқушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс:

өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білуге дағдылану;

теориялық білімдерін практика жүзінде ұштастыра білу;

өз қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білу;

 – күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс әрекеттің ерекшелігін бақылау  

   әдісін қолдану арқылы анықтау.

 Оқушылар істей алуы тиіс:

 –  өзгеше және шапшаң ойлау;

  әрекетті немесе нәтижені сынау;

 – өз көзқарасын және өз ойын ашық айту;

 тірек сөздермен  жұмыс жасау.

[embeddoc url=”https://docs.google.com/document/d/1b_rNPlm7eRu-MdyE2aXg1B434p780MPJ/edit?usp=share_link&ouid=110981233461962601522&rtpof=true&sd=true” download=”all” viewer=”google”]