РЕЦЕНЗИЯ №150 – 17.03.2023 ж.


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, 266 мектеп-лицейі физика пәнінің мұғалімі Б.Ж.Жолдасбековтің

«Физика сабағында STEAM элементтерін қолдану» атты әдістемелік құралына

ПІКІР

          Автор Б.Ж.Жолдасбековтің «Физика сабағында STEAM элементтерін қолдану»  атты әдістемелік құралы техникалық талаптарға сай рәсімделген.

          Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлімде «STEM технологиясы – мазмұны, құрылымы», «Физиканы пәнінде STEM технологиясы арқылы Arduino робототехникалық жиынтығын қолдану» сияқты мәселелер қарастырылған. Аталған бөлімде STEM атауының генезисінен бастап STEM технологиясын сабақта қолданудың жолдары айтылады. Автор STEAM технологиясын физиканы оқытуда кеңінен қолдану арқылы оқушылардың пәндік, интеллектуалдық және шығармашылық құзіреттіліктерін арттыруға, сонымен қатар пәндік білім сапасын жоғары сатыға көтеруге, қолданбалы ғылымды мектеп табалдырығында сапалы дамытуға мүмкіндік аламыз деген байлам жасайды. Оқыту үдерісінде оқушылардың пәнді сапалы меңгеріп, сыни ойлау қабілеттерін арттыруда, технология саласында өзіндік авторлық жобалары мен туындыларын жүзеге асыруда аталған технологияның маңызы өте зор.

          Әдістемелік құрал мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары деңгейде.

          Жалпы Б.Ж.Жолдасбековтің «Физика сабағында STEAM элементтерін қолдану» атты әдістемелік құралын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік еңбек ретінде қолдана алады деп есептеймін.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институтының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х.Шадиева