РЕЦЕНЗИЯ №151 – 17.09.2023 ж.


Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №13 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Каирбекованың  «Қызықты жаратылыстану» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           Автор М.Б.Каирбекованың «Қызықты жаратылыстану» атты авторлық бағдарламасы техникалық талаптарға сай рәсімделген. Бағдарламаның құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай безендірілген.

          Бағдарламаның педагогикалық тұтастығы, оның ішінде оқыту мақсаттарына жетуде таңдалған әдістері айқындалған. Сабақ жоспарларында теория мен практиканың бірлігі сақталған.

          Бағдарлама 36 сағатқа есептелген. Берілген тақырыптар  оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейін ескере отырып құрылған. Сонымен қатар, бастауыш сынып педагогтарының әдістемесі желісінде құрылғандығы байқалады. Ұсынылып отырған тақырыптар тәжірибеде кеңінен қолданылу үшін толық сараптаудан өткізілген. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өңделген. Оқушылардың ойлауын, зейінін, қызығушылығын арттыруда берілген сабақтарды қолдану тиімді деп санаймын.        

          Жалпы, М.Б.Каирбекованың «Қызықты жаратылыстану» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.

Ұсыныс: Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеу ұсынылады.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х.Шадиева