РЕЦЕНЗИЯ №0153 – 17.03.2023 ж.


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, «С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат» КММ география пәнінің мұғалімі Ф.К.Кулбаракованың «Жас табиғатшы» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           Автор Ф.К.Кулбаракованың «Жас табиғатшы» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген. Жұмыстың рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, ақпарат көздеріне сілтеме беруі, шрифты таңдауы, интервалдары, әдебиет тізімдерін рәсімдеуі талапқа сай.

          Авторлық бағдарламада жаңартылған білім стандарты ережелеріне сәйкес оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлығын ояту мақсатында күнтізбелік тақырыптар түзіліп, әрбір тақырыпқа сәйкес сабақ жоспарлары құрастырылған. Авторлық бағдарламада табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғау ерекшеліктері, құстарды аялау, қорғау мақсатындағы өтілетін сабақтар, табиғаттың қыр-сырларын түсіндіру мақсатында толық анықтамалар мен дидактикалық тапсырмалар, қызықты логикалық  жаттығулар берліген.

          Авторлық бағдарлама мәтінінің тілі, баяндау стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары дәрежеде.

          Қорыта айтқанда, Ф.К.Кулбаракованың «Жас табиғатшы» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп есептеймін.

Ұсыныс: 1) Бағдарлама мәтінінде қателіктер бар, соларды жөндеу қажет (мәселен, 5-бетте «қорғңау», «жаттығулвар» сөздері қате жазылған); 2) Сөздердің арасы қосылып кеткен, соларды ажырату керек; 3) Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеу керек.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева