РЕЦЕНЗИЯ №0152 – 10.03.2023 ж.


Алматы қаласы, Алатау ауданы, Өжет ықшам ауданы 156 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі Д.М.Какимжанованың «Қызықты грамматика» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

           «Қызықты грамматика» атты авторлық бағдарлама талапқа сай рәсімделген. Авторлық бағдарламаның рәсімделуі, жұмыстың құрылымы бойынша талаптарды орындауы және оның көлемі, интервалдары талапқа сай рәсімделген.

               Бағдарлама 34 сағатқа есептелген, 33 сабақ бойынша тапсырмалар ұсынылған. Бағдарламада оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, қазақ тілі саласы бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету және сөздік қорларын молайту мақсат етілген. Осыған орай оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамытуды; тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеуді; теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіруді; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды; оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыруды көздейтін тапсырмалар жиынтығы берілген.

          Авторлық бағдарламаның ғылымилығы, яғни мәтінінің тілі, баяндау стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, грамматика саласы бойынша түсініктеме аппаратын қолдануы жоғары дәрежеде.

          Жалпы, Д.М.Какимжанованың «Қызықты грамматика» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында ұсынуға болады деп есептеймін.

Ұсыныс: Пайдаланылған әдебиеттер тізімін талап бойынша рәсімдеңіз.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева