РЕЦЕНЗИЯ №0159 – 17.03.2023 ж.


Шымкент қаласы ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ дефектолог А.А.Алиеваның «Аутизмі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор А.А.Алиеваның «Аутизмі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу»  атты авторлық бағдарламасы түсіндірме жазбадан, аутизмі бар балалардың клиникалық-психологиялық сипаттамасынан, балалар аутизмінің әртүрлі нұсқаларының сипаттамасынан және психологиялық-педагогикалық жұмыс бағдарламасының мазмұнынан тұрады.

          Бағдарламаның мақсаты – аутист баламен байланыс құру; даму  дағдыларын қалыптастыру; аутист балалардың эмоционалды күйін бақылау, оған үнемі жақсы көңіл-күй сыйлау; аутист баланың сыртқы әлемге бағдарлануына жағдай жасау; оған қарапайым байланыс дағдыларын үйрету; балаға мінез-құлық түрлерін үйрету; аутист баланың өзіндік санасын және жеке тұлғасын дамыту; зейінін дамыту; есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту. Осы мақсатқа жету үшін автор түлі ойындар мен жаттығуларды ұсынады. Аталған бағдарламаның тақырыбы өте өзекті.

          Жалпы, А.А.Алиеваның «Аутизмі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу»   атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады деп санаймын.

Ұсыныс: Авторлық бағдарламаның техникалық рәсімделуін, яғни шрифтын, интервалдарын талапқа сай ретке келтіру керек.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х.Шадиева