РЕЦЕНЗИЯ №0160 – 17.03.2023 ж.


Шымкент қаласы ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ дефектолог А.А.Алиеваның «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» атты әдістемелік оқу құралына

ПІКІР

          Автор А.А.Алиеваның «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» атты әдістемелік оқу құралы талапқа сай рәсімделген.

          Әдістемелік құрал  түсіндірме жазба, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде инклюзивті сыныпта сабақты ұйымдастырудың ерекшеліктері, инклюзивті сыныпта сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар, кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық процестерін дамыту және коррекциялаудың әдістемелері, қабылдауды диагностикалауға арналған әдістемелер қарастырылған. Автор «Суретте жасырынған кім екенін тауып көр?», «Суретте қандай заттар жасырынған?», «Іздеп тауып, белгіле», «Дұрыс белгіле», «Есіңде сақта,нүктелерді дұрыс белгіле» сияқты әдістерді ұйымдастырудың үлгісін көрсетеді және аталған әдістердің ерекшеліктеріне тоқталады. Мәселен, «Есіңде сақта,нүктелерді дұрыс белгіле» әдісі арқылы баланың айналасындағы заттарға зейінін аударуға болатынын баса айтады.

          Жалпы, А.А.Алиеваның «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» атты әдістемелік оқу құралын мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық процестерін түзету сабақтарын ұйымдастыруда және тікелей сыныпта, біріктірілген инклюзивті бастауыш сыныбында мектеп мұғалімдері қолдана алады деп санаймын.

А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х.Шадиева