РЕЦЕНЗИЯ №0191 – 11.03.2024 ж.


ПІКІР

Автордың аты-жөні: Есембаева Умит Камаловна

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №2 арнайы мектеп-интернаты

Жұмыс тақырыбы: Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, сөйлеу тілін дамыту жолдары

          Талаптар бойынша жұмыс құрылымының дұрыс рәсімдеуі, педагогикалық тұтастығы. Авторлықбағдарлама талапқа сай рәсімделген. Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айқындалған.

          Тақырыптың ашылуы (жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты болуы, теориялық және практикалық бөлімдерінің байланысы,  инновациялық сипатының, мақсаты мен міндеттерінің айқындалуы). Жұмыстың атауы оның мазмұнымен байланысты. Теориялық бөлім практикалық бөлімде заңды жалғасын тапқан.

          Педагогикалық идеяның өзектілігі, жаңалығы, практикалық маңыздылығы (мәліметтердің жаңалығы, жұмыстың қорытындыларын пайдалану мүмкіндіктері туралы  нақты ұсыныстары, педагогикалық үрдісті пайдалануы). Бүгінде балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі өте  өзекті болып отыр. Автор білім алушылармен кері байланыс орнатуға жіті мән берген. Әр сабақты түрлі әдістерді қолдану арқылы өткізуді жоспарлайды.

          Шығармашылық қабілеттілігі (зерттелген материал бойынша жеке өзінің қосқан үлесі, ой-пікірі, көрнекілігі осы салаға деген қызығушылығы). Жұмысты құрастыруда автордың шығармашылық қабілеттілігі айқын көрінеді. Автордың аталған салаға деген қызығушылығы байқалады және бұл жұмыста өз көрінісін тапқан.

Жұмыстың тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы, барлық бөліктерінің бірізділігі. Жұмыстың мазмұндау логикасы жоғары. Автор қарастырып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын толықтай пайдаланған.

Пікір беруші:

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия

гуманитарлық инстиутының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты      _________    Н.Х. Шадиева