Ашық сабақ ” Баскетбол ойын техникасы”


Арын Егор

Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің

денешынықтыру мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар

Өткізілген күні;  
Сабақтың тақырыбы Баскетбол ойын техникасы.                             6А сынып
Сабақтың мақсаты Баскетбол ойын элементтерінің әр түрлі техникаларын үйрену.
Күтілетін нәтиже Баскетбол ойын техникаларын біледі, берілген әдіс-тәсілдерін қолдана алады.
Сабақта қолданған модульдер,әдіс-тәсілдер. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық.
Керектенетін құрал жабдықтар Баскетбол добы,ысқырғыш,кегли,секундомер,смайлик,стикер,сурет.
  Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Дайындық бөлімі

 

12 минут

Кезекшінің рапортын қабылдау.

Сәлемдесіп сабақтың тақырыбын,мақсатын айту.

Көшбасшыны анықтау.

Ынтымақтастық ахуалын туғызу.Шаттық шеңберге тұрғызып «Менің жаксы  қасиеттерім» сергіту сәтін өткізу.

Сабақты бастауға жағдай жасау.

Оқушылардың көңіл күйлерін смайлик арқылы анықтау.

 

 

 

 

 

Жалпы дамыту жаттығуларын жасауға жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет қиындысы арқылы екі топқа бөлу.

Сапқа тұру.

Оңға,Солға,Артқа бұрылу.

Алға жүру.

Аяқтың ұшымен,өкшемен жүру.

Баяу жүгіру.

Оң жақ,сол жақ жанымен жүгіру.

Екі аяқты алма кезек алға сілтеп жүгіру.

Екі қолды алға созып ұстап, тізені алақанға тигізе жүгіру.

Екі қолды артқа ұстап, өкшені алақанға тигізе жүгіру.

Екі аяқпен алма кезек секіріп жүгіру.

Жүреден отырып оң,сол жақ жанымен секіріп жүру.

Екі аяқты иық кеңдігіндей ашып екі қолды жоғары көтеріп оң қолды алға, сол қолды артқа және сол қолды алға, оң қолды артқа айқастыра айналдыру. 4×2 рет

Екі қолдың саусақтарын айқастыра ұстап желкеге қойып денені алға,артқа,солға,оңға ию. 4×2 рет

Бір орында тұрып, отырып тұру. 4×2 рет

Қолдың саусақтарымен екі тізені айналдыра ұстап, жартылай отыра екі тізені іш жағына, сырт жағына айналдыру. 4×2 рет

Етбеттеп жатып шынтақты бүгіп жазу. 4×2 рет

Орында тұрып жоғары секіру. 4×2 рет

Оң жаққа отырып сол аяқтың басына оң қолды тигізу. 4×2 рет

Сол жаққа отырып оң аяқтың басына сол қолды тигізу. 4×2 рет

Екі қолды айқастыра ұстап төбеге қойып,аяқтың ұшымен жоғары көтеріле созылу.  4×2 рет

2.Негізгі бөлімі

 

28 минут

Жекелей,жұптық,топтық жұмыс.

Оқушыларға бағыт-бағдар беру.

Сергіту сәтін орындату.

Кегли арасымен допты алып жүру./4мин/

Жұптасып допты алып жүру./4мин/

Бірінші топ; айып добын орындау./5минут/

Екінші топ; допты алып жүріп екі қадам жасап себетке лақтыру. /5минут/

Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау./10мин/

3.Қорытынды бөлімі

 

5 минут

 

Кері байланыс

Оқушыларға бағалау парақтары беріледі,  өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма; жалпы дамыту

жаттығулары.

Оқушыларға бүгінгі сабақта не меңгергені туралы стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Залды айнала жүру, екі қолды жоғары көтеріп алға,артқа айналдырып баяу жүру. Дене босату жаттығуларын орындау екі қолды жоғары көтеріп еркін тыныс алу, төмен түсіріп демді сыртқа

шығару.Сабақты қорыту. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар не үйренгенін, не үйренгісі келетінін жазып береді.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *