Сынып сағаты “Бастауышым – мақтанышым!”
Павлодар қаласы,
Екібастұз,
«№19 Арнайы жалпы білім беру мектебі»
бастауыш сынып мұғалімі
Кенжетаева Гульзираш Маукеновна
Мақсаты: Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылау мақсатындағы сынып сағатында өлеңді дауыс ырғағына салып мәнерлеп оқуға үйрету,өз Отанына, мектебіне, ұзтазына, ата-анасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, қызығушылықтарын ояту.
Көрнекіліктер: Стенд «Күншуақ», слайд, шарлар. гүлдер.
1-оқушы-Жансая:
Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-оқушы-Арман:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
3-оқушы-Жансая: Бүгін біз сауатымызды ашып, 4-жыл бойы білім берген, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
4-оқушы-Бауыржан: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз бізге көп нәрсені үйретті. Сондықтан алғашқы ұстазымыз-Гүлзираш Маукенқызына мың алғыс !
Бауыржан: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достастық,
Бастауышпен қоштастық.
Жансая: Оқытты ұстаз-анамыз,
Өсті білім санамыз .
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Арман: Бойымызда бұла күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу – білім үйреткен,
Ұстазыма мың алғыс!
Ән: «Ақылшым-мұғалім»
Мұғалім: Жақсы, балалар, сендер осы білімді қайда аласыңдар?(Мектепте)
Ендеше, балалар, қазір сөзжұмбақ шешеміз. Бәрің мені мұқият тыңдаңдар.
«Мектеп» сөзжұмбағын шешкізу.
Бауыржан: Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу-білім, тәрбие,
Ой – санама еккенің.
Арман: Мектеп, мектеп, бұл мектеп,
Оқыған ата-анамыз,
Атыңды сенің құрметтеп,
Әрқашан еске аламыз.
Жансая:
Ыстық мектеп партасы,
Оқулығы, картасы.
Мұнша қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам мектебім. «Мектебім» әні орындалады.
Мұғалім: Жақсы, балалар, рахмет сендерге! Шаршаған шығарсыңдар, мына жерге жайғасып, отырыңдар.
Келесі бөлім: «Білім еліне саяхат» деп аталады.Балалар, қазір сендер әр пән бойынша алған білімдеріңді сынға саласыңдар. Өздерің жаттаған өлең-тақпақтарыңды айтып, ребустар шешіп, жұмбақ есептер шығарып, көріністер көрсетіп, ән айтып, би билейсіңдер.
Алдымен ана тілінен жаттаған тақпақтарымызды есімізге түсірейік. (Оқушылар өздері жаттаған тақпақтарын айтады.)
Мұғалім: Жақсы, балалар, енді бәрің маған қараңдар. Мына сөзді оқып көрейік.
1001- мақал, 101-жұмбақ . Қазір мен сендерге карточкалар таратамын, сендер сонда жазылған сөйлемдерді оқып, тапсырмаларды орындаймыз.
- 2 жақсы қас болмас,
2 жаман дос болмас.
- 1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
- Білгетінің бір -9
Білмейтінің – 99.
- 7 жұрттың тілін біл,
7 түрлі білім біл. (Сөйлемдерді оқу, талдау сын ес»м, сан есімдерді табу.)
Мұғалім: Жақсы, балалар, отырыңдар. Енді қонақтарға 2-3 көрініс көрсетейік.
Ө. Тұрманжанов. «Неліктен» (Жансая- Бауыржан)
О. Әубәкіров: «Бауырсақ» ( Жансая-Арман)
«Бай мен Алдар» (Бауыржан-Арман)
Енді, балалар, бәрің мына суреттерге қараңдаршы, бұлар нелер? (Пішіндер)
Мұғалім: Әрине, бұлар «Көңілді пішіндер.» (Пішіндерге тоқталу, талдау.)
Мұғалім: Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ-есеп оқимын, мұқият көңіл қойып тыңдаңдар.
- Тал басында тізіліп,
10 жапырақ түр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті 2-еуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (10-2-5=3)
- Бір-бірімен жарысқан,
2 аю, 1 арыстан.
2 қоян, 3 түлкі,
Бәрі неше ойлан сен? (2+1+2+3=8)
- Алшаға кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 9 туысын
Ертіп келді бұл ара,
Сонда бүгін алшаға,
Келіп қонды қанша ара? (10 ара)
- Менде де бар 1 мысық,
Сен де де бар 1 мысық,
Менде бар 1 күшік,
Сенде мүлдем жоқ күшік
Бізде қанша мысық бар
Шешуін тез таба алсаң,
Сен мендегі күшікті ал. (2 мысық, 1 күшік.)
- Бес бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын 5 алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма?
- Бір топ бала тоғаннан
15 балық ұстады.
Бөліскенде оларды,
Тиді әркімге 3 балық.
Сынайын мен сендерді,
Бала сонда қанша еді? (15 :3=5)
- 5 бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын 5 алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма?
Р е б у с т а р ш е ш у :
6Н, 7М, 5 тас, 5 ік, 40 аяқ.50,
- 2санын 5рет жаза отырып, және : , + амалдарын пайдалану арқылы 7 санын шығарып алу. (2 : 2 + 2+ 2+ 2 =7)
- Теңдеу шешу.
Х+23=60 Х-25=46 24-х= 9
Х=60-25 Х=46+25 Х=24-9
Х=37 Х=71 Х=15
37+23=60 71-25=46 24-15=9
60=60 46=46 9=9
Мұғалім : Жақсы, балалар, енді біраз дем алайық, ән тыңдайық.
Жансаяның орындауында ән: «Қошақаным»
Би: «Қаражорға»
Балалар, сендердің қамдарыңды ойлап, әрқашан сендерге қамқор болып жүретін
Бір адам бар, ол кім? (Ол ана)
Жақсы, ендеше сол аналарға рахметімізді білдірейік.
1-Арман
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім –дейтін.
2-Бауыржан
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған,
Ол жанымда жүрсе менің
Батырларша батылданам.
3-Жансая
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Әлпештеген анашымды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ән: «Ақ мамам»
Көрініс:«5 алдым»
Мұғалім: Оқыңдар деп ұл-қыздарым,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән-би арнап сіздерге
Тағзым етем ұстаздар.
Көрініс:»Ә н с а б а ғ ы н д а»
Ән : «Жаңбыр»
Жақсы, балалар, сендер мен үшін мектепте оқушысыңдар, ал бір-бірің үшін сендер кімсіңдер? (Достармыз)
Ендеше бәріміз (Достарым) әнін шырқайық.
Бұдан соң мұғалім, ата-аналар сөз алады.
Метки: Сценарий "Бастауышым – мақтанышым!"