8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік «Күн мен анам»


Абдрахиева Алфера Тельмановна

«Салтанат » бөбекжай-бақшасы»МКҚК

тәрбиешісі

Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, әуен залына кіреді.

Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырып қадырлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор ден- саулық, мол бахыт тілейміз және кішкентай бүлдіршіндеріміздің  дайындаған «Күн мен анам» атты ертеңгілікті мерекелік  шашу етеміз .

Жүргізуші:Балалар біз қайда келдік?

Балалар: Анамызға, көктем мерекесіне.

Жүргізуші: Кәне балалар ана туралы қандай тақпақтар білеміз? Тақпақтарын айтуға ортаға: Құралай, А.Малика, Мирас, Ерсал, Анель,К.Әмірхан, С.Әмірхан  шығады.

 


Құралай:

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анамды сыйлаймын

 

Малика:  

 Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз        

 

Мирас:     

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ел жүрегі елжіреп

Құшағыңа аласың

 

 

 

 

 

 

Ерсал:

Түнұйқысын төрт бөлген

Мәпелеп өсірген

Ана деген керемет

Бар қатеңді кешірген

 

К.Амирхан:

Мен ауылға барамын

Әжем тілін аламын

Қонаққа ол кеткенде

Үйді бағып қаламын

 

Анель:

Мен айтамын тақпақ

Анамды мақтап

Менің анам әдемі

Менің анам аппақ

 

С.Әмірхан:

Сіздерден өскен балалар

Батырлармен даналар

Құттықтаймыз мерейраммен

Құрметті аналар!

 

 

Жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен».

Жүргізуші: Көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекеміздің құрметіне бүлдішіндеріміздің дайындаған тақпақтарын әрі қарай тыңдайық. Тақпақтарын айтуға ортаға:Б.Амирхан, Санжар, Айғаным, Айсүлу,Дильназ,Қ.Амирхан, Арай шығады.

 


Арай:                 

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға  түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Санжар:

Мені жақсы көреді,

күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

маған айтып береді.

Айғаным:

Ішім ауырса, тісім аурса

Анам дәрі береді.

Барлық адам, барлық бала

Оны жақсы көреді.

Қ.Амирхан:

Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді аламын,

Ақылды болам.

 

Айсүлу:

Айналайын, анашым,

Аялайсың, бағасың:

Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

 

Дильназ:

Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

 

Б.Амирхан:

Ана деген ақ көңіл

Күнмен бірге күледі

Ана деген шат көңіл

Шарықтайды үнемі.

 

 


 

Музыка әуенімен көктем келеді.

Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын.

Жүргізуші:Көктем біздің балалардың өнерлерін бірге тамашалайықшы ортаға тақпақ айтуға Айсу, Тимур, Айнүр, Әйгерім, Диас,З.Мадина,Алмаз шығады.

 

Айсу:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.

Диас:

Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнің батса да

Өзің күнісің баланың

 

Әйгерім:

Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

Айнүр:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,-

Анаға бас иеміз!

Тимур:

Бала,бала,бала деп

Мені өсірген анашым

Гүлге толсын құшағың

Бақытты бол анашым

 

З.Мадина:

Бізді өсірген апатай

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мереке.

Алмаз:

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде.

 

 

Ойын: Көктеммен бірге ойын «Гүл жинау».

Жүргізуші: Ал, енді балалар әжелерімізге арнап дайындаған әнімізді айтайықшы.

Ән: «Әжем менің қандай».

Жүргізуші: Балалар, кәне кім таға да әжелер, аналар туралы тақпақ

 

және мақал-мәтелдер біледі? Ортаға  шыға қойындар: Әділхан, Аңсар, Лера, Ясмин, , Сұлтан,Еркін,Дана.

Әділхан:  

Анамның тілі,

Аяулы үні

 

Аңсар:

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам.

 

Лера:                 

Ананың сүті –бал,

Баланың тілі-бал.

 

Ясмин:

Күннің шуағы- жылы,

Ананың құшағы- жылы.

 

 

 

 

Дана:                 

Ананаларды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әрқашан біз ардақтап

Әжеге бас иеміз.

 

Сұлтан:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

 

Еркін:

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені,

Өте жақсы көреді.


Жүргізуші: Балалар бізге қонақа балапандар келіпті. Бірақ олар өте көңілсіз.

(Балапандар жылайды)

Жүргізуші: Сендерге не болды? Неге жылайсыңдар?

Балапандар: Анамыздан адасып қалдық?Анамызды қалай табамыз?

Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?

Жүргізуші:  Егер күн болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап

қалған шығар, күн болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.

1-ші балапан: Күнді тауып ояту керек.

Жүргізуші: Балапандар, сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай

табасыңдар? Сендермен бірге көктем барсын.

Көктем: Жақсы мен бірге барайын.

Жүргізуші: Сендер жолға шықпай тұрып бізбен бірге би билеңдерші.

Би:«Ойыншықтар».

Көктем:Ал енді біз күнді іздеуге барайық. Жолда кімді кездестірсек, содан сұраймыз. (Балапандар жолға шығып кетеді, алдарынан мысық шығады).

Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.

Көктем: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?

2-ші балапан: Біз анамыздан адасып қалдық

Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.

Мысық: Мен  үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін. Сендер оданда иттен сұраңдар?

Көктем: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ойату керек екенін. Мына балапандар аналарынан адасып қалыпты.  

Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана күн оянады.

Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз  балапандарға көмектесейік, күнді оятайық. Ол үшін «Алақан соқ» өлеңін айтайықшы, содан кейін  күн шығады.

Ән: «Алақан соқ».

Күн: Кім мені оятқан?

Көктем: Күн тезірек шықшы. Мына балапандардың анасын тезірек тауып берейікші.

Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп жатыр.

(Күн шығады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Күн ортада).

Тауық шығады: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең таптым, қатты сағындым.

Балапандар: Хормен: Алақай, анамыз келді!

Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек дей отырып бәріміз қосылып  «Әр қашан күн сөнбесін» әнін айтайық. Ата-аналар бірге қосылып айтуларыңызға болады.

Жүргізуші: Осымен 8 Наурызға арналған ертеңгіліміз аяқталды.Ынта қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау сәләмәт болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *