Мерекелі, берекелі Алтын күз


Абдрахиева Алфера Тельмановна

«Салтанат » бөбекжай-бақшасы»МКҚК

тәрбиешісі

Мақсаты:Күз туралы балалардың алған мағлұматтарын кеңейту,көңіл күйлерін көтеру,табиғатты аялай білуге үйрету,сыйластыққа тәрбиелеу.

Музыкалық әуен ойнап тұрады.Балалар әуен залына кіреді.

Жүргізуші:Қош келдіңіздер ата- аналар!Армысыздар ұлағатты ұстаздар!Бармысыздар жас достар!Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші: Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың .

Алтын күзге арналған,

Ертеңгіліктібастайық.                                                                                                   Балалар: Біз бүгін қандай мереке тойлауға  келдік.

Балалар: Күз мерекесін.

Жүргізуші: Дұрыс,жақсы.Ал кәне  мерекеге арнап дайындаған тақпақтарымызды айтайық ортаға:

 

Құралай: Қыстың жақын қалғаның,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.

Дильназ: Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығына ризамыз.

Алтын арай астында,

Шомыламыз нұрға біз.

Мирас:    Бүгін мейрам, бүгін той.

Қуаныш күн біліп қой,

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

 

Жүргізуші: Балалар,біздің отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан.

Жүргізуші: Онда отанға деген сүйіспеншілігімізді «отан» әнімен жеткізейік.

Ән «Отан»

Жүргізуші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып ,түрлі түстерге боялып құлпыра түседі.Олай болса,құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің  ерекшеліктері туралы  не айтар екен.Ортаға:Ерсал,Дана,Санжар шығады.

 

Ерсал: Жайдары күз,Алтын күз,

Аяулы күз,Алтын күз.

Дәнге толып кең далам

Дәриядай шалқыған.

Санжар: Алтын сары,қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақтар күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.

 

Дана:  Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді .

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

 

 

Жүргізуші: Балалар күзде жапырақтар қандай түстерге боялады?Олар күзде не істейді?Олай болса балалар бізде бір сәт сол күзгі жапырақтар сияқты би билеікші.

Би: «Жапырақтар».

Жүргізуші: Балалар күз туралы кім тағы тақпақтар біледі? Ортаға тақпақ айтуға Д.Малика,Арай,Лера шығады.

 

 

Д.Малика: Алақай ,алақай,

Шаттанады балақай.

Күз түсті,дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Арай:          Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келд.і

Кел жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Лера:           Қамба толды астыққа,

Алғыс саған Алтын күз!

 

Жүргізуші: Балалар күзде жаңбыр жиі жауады ма?Ал біз жаңбыр туралы өлең білеміз бе?

Балалар: Иә.

Ән: «Жаңбыр».

Қоянның кіруі (қоян жылып отырады)

Жүргізуші: Балалар естіп тұрсындар ма?Біреу жылап жатқан сияқты?

Балалар: Иә,қоян жылап жатыр.

Жүргізуші: Балалар кәне сұрайықшы қояннаң ол неге жылап отыр екен?

Балалар: Қоян неге жылап отырсың?

Қоян: Балалар маған орманда көңілсіз болып кетті,менімен ешкім ойнамайды.

Жүргізуші: Қоян сен жылама,қазір біздің балалар саған арнап би билейді.

Би «Қол шатыр».

Жүргізуші: Балалар енді біз ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін «Күз ханшайымын» шақырайық,ал қоян сенде бізге қосыл.

Балалар: Хормен:Келші,келші Алтын күз.

Келші,келші Жарқын күз.

Осы кезде Күз ханшайымы  ортаға шығады.Қолында күзгі базарлығы бар.

Күз ханшайымы: Амансыздар ма балалар? Мен сіздерге күз мерекесіне арналған той болып  жатқаның естіп келдім.  Тойларын тойға ұлассын!

Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз өзінмен бірге молшылық, тоқшылық ала келдіңіз.

Біздің көкөністеріміздің сізге арнаған сыйы бар тақпақтарын айтуға шығады:А.Малика,Асанәлі,Сұлтан,О.Арай,Ясмин.

 

А.Малика: Өсіремін бойыңды,

Дамытамын ойынды.

Қояндарға азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

О.Арайлым:Уылжып піскен қарбыз,

Қарбызды жеме жалғыз.

Ясмин:         Жүзім,алма, жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

 

Асанәлі:    Қирмын мен қиярмын,

Алғайсын жиі суарып.

Сұлтан:     Картоп біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Жүргізуші: Алтын күз енді біздің балалардың дайындаған өленің тамашалайық.

Балалар апорт деген не? Ол қайда өседі? Ендеше кәне апорт әнің айтайықшы?!                                       Ән: «Апорт».

Күз ханшайымы: Балалар өте жақсы өлең айттыңдар,ал менің сендерге дайындап әкелген сыйым бар. Оны топқа барғасын тәтилерін бөліп береді. Ал қазір мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Жүргізуші: Қазір біз көкөністі кім тез жинайды ойынын ойнаймыз. Олай болса балалар кәне айтыңдаршы қоян не жақсы көреді? Ал күз ханшайымына не жинап береміз?

Ойын: Кім жылам,кім тапқыр?

Балалар: Қоянға сәбіз,ханшайымға картоп жинап береміз.

Қоян: Балалар сендерге көп рахмет,сендермен көңіл көтердім,мына жинап берген сыйларына көп рахмет, бұл сәбіздермен қыс бойы қоректенемін. Сау болындар!

Қоянның кетуі.

Мысықтың келуі. Мяу-мяу деп келеді.

Мысық: Мен адасып кеттім. Мен өзі қайда келдім?

Жүргізуші: Мысық сен уаймдама. Кел мерекеміздің қонағы бол. Ал қазір піскен жемістеріміз шыққалы тұр.Тақпақтарын айтуға шығады:Қ.Әмірхан,Тимур,Әділхан,Анель,Дана.

 

Қ.Әмірхан: Өзім шебер жүзіммін,

Толып пісіп үзілдім.

Анель: Мен өрікпін, өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Дана:   Жеміс -жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау- бақта.

Жапырақтар ұшып жатыр,

Ұшып жатыр жан- жаққа.

Тимур:       Мен алмамын,алмамын,

Аузындамын бар жұрттың.

Әділхан:    Шиемін мен шиемін,

Піскенше тоң киемін.

 

 

Жүргізуші: Келесі кезекті биге берейік:Балалардың орындауында «Жемістер биін»тамашалайық.

Би: «Жемістер биі»

Күз ханшайымы: Балалар енді менің сіздермен қоштасатын сәтім де жетті.Сендердің Алтын күз мерекелерін жақсы өтті,жақсы билеп,ән айттыңдар,маған ұнады жарайсындар. Келесі көріскенше сау саламат болыңыздар!

Балалар: Сау болыңыз Алтын күз!

Жүргізуші: Балалар біз мысық туралы өлең білеміз бе? Ендеше мысық қазір балалар соған арнап өлең айтайықшы.

Ән: «Мияу-мияу мысығым».

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мерекелі,берекелі Алтын күз атты ертеңгілігіміз аяқталды.Елімізде молшылық болсын деп,келесі көріскенше сау саламат болыңыздар дейміз! Ал мысық сен бізбен бірге жүре ғой. Үйіңді тауып берейік.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *