«Құстар келгенде»


Касымова Гульмира Багинтаевна

Қарағанды қаласы  “№68 Мектеп – интернат – балабақша  кешені”

тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы  орыс ортаңғы тобы

Білім беру саласы «Коммуникация»

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Құстар келгенде»

Мақсаты: Өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліндегі жаңа сөздермен таныстыру, қарапайым сөйлем құрату, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу.

Білімділік міндеті: Құстардың қазақша атауларын дұрыс айтуға , жаңа сөздерді қолданып сөз тіркестерімен дара сөйлемдер құруға үйрету

Дамытушылық міндеті: сұрақтарға түсініп жауап беруді  жетілдіру. Қазақша  әр түрлі амандасу түрлерін бекіту, ақпаратттық технологияны қолдану арқылы толық, түсініп  жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті: Балаларға  патриоттық тәрбие беру, қазақ тіліне деген құрметке тәрбиелеу. Ақпараттық көрнекіліктерді қолдану арқылы құстарды қорғауға, қамқор болуға баулу, достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар:

Шарлар, суреттер,интерактивті тақта, геометриялық пішіндерден құрастырылған адамдар пішіні, планета суреттері, конверт-хат, жұлдызшалар, таяқшалар, сандар, компьютер, панно, әр балаға ыдысқа салынған құм.

 

Дыбыстық жұмыс: қ,ғ,ұ,ө   (фонетикалық жаттығу жасату)

Сөздік жұмыс:   дала құстары, жыл құстары, ұшып келді, жәй сөйлемдер құру

Көрнекілік: құстарға байланысты слайдтар,  құстардың суреті,  үн таспаға жазылған дыбыстар, үлестірмелі карточкалар, экран, жұлдызшалар

 

Іс-әрекет кезеңдері

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы лық Қонақтармен амандасу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім. Балалар бұл ненің даусы?

Дұрыс құстардың даусы.

таспадан құстардың үні  естіледі. Хат келеді

Балалар біз дала құстарымыз, бірақ атауларымызды білмейміз, көмектесіңдер! Біз сендерді теледидардан көріп үйренеміз.

(экраннан құстар туралы фильм көрсету)

– Балалар көмектесеміз бе?

 

Балалар залға көңілді  кіреді, шахматтық ретте тұрып амандасады:

 

– Амансыздарма құрметті қонақтар!

– Қош келдіңіздер!

– Қайырлы таң апайлар !

– Қадамдарыңызға гүл бітсін!

– Аспанымыз ашық болсын!

– Аман-сау болыңыздар құрметті қонақтар!

– Еліміз тыныш болсын!

– Күніміз жарық болсын!

– Аспанымыз ашық болсын!

– Деніміз сау болсын!

-Суымыз мөлдір болсын

– Ауамыз таза болсын

Әрқашанда бейбітшілік болсын!

бәрі бірге :

Бүгінгі күніміз сәтті болсын!

 

 

 

Құстардың даусы

 

 

 

 

 

 

көмектесеміз

Ұйымдастыру-іздестіру Балалар бүгін мен сендерге құстардың қазақша атауларын үйретемін.

Сабағымызды бастамас бұрын тілімізді жаттықтырып алайық

Экраннан қарғаның суретін көрсету мынау не?

Ғарышкердің суреті мынау кім?

Ғарышкер деген  сөз қай дыбыстан басталады ? бірінші дыбыс қалай естіледі?  Тамағымыз арқылы

Ғ дыбысынан басталатын

сөздерді айтайық

сөздерін айтқызу.

Өріктің суретін көрсетіп сұрау мынау не? Бұл сөз қай дыбыстан басталады?

Ө дыбысын қайталайықшы

Ұшақтың суреті, мынау не? Қай дыбыстан басталады?

Ернімізді алға созып ө деп айтамыз

Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты

Бірінші дыбысты айтып көрейікші Ұ,Ұ

 

Мынау не?

 

Қарға қандай дыбыстан басталады?

Қ  дыбысын айтқанда біз тамағымыз арқылы айтамыз қәнекей айтып көрейікші:

Қарға,қарға, қарғалар.

Қар үстінде жорғалар.

Біз тілімізді жаттықтырдық, тілдеріміз қазақша сөйлеуге дайын. Енді дала құстарына көмектесейік.

(Жаңа сөздермен таныстыру)

Балалар мынау не?

Қарлыштың басқа құстардан ерекшелігі бар: оның  құйрығы айыр

Кәне тындаңдар қар-лы-ғаш бірінші дыбыс қандай? тағы қандай сыйқырлы дыбыс бар?

Кім айтады? дұрыспа?

Қыздар айтындаршы, ұлдар айтындаршы.

Келесі бізде қандай құс? Бұл ұзақ, ұ-за-қ

Тұмсығы  үлкен, түсі қара

Балалар тыңдаңдаршы ұзақ менің аузыма қараңдаршы,  ұзақ

Бірінші дыбыс қандай?

Тағы қандай  сыйқырлы дыбыс естіп тұрсыңдар?

менімен бірге дұрыс айтайықшы: Ұзақ

( балаларға суретпен келіп  қайталайды)

Ваня ( жеке айтқызу)  2-3 балаға айтқызу.

Мынау қара торғай, қараторғайдың  түсі қара, тұмсығы үшкір, аузыма қарап қара торғай деп қайталаңдар.

Қазақ тіліне тән қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

суретті беріп бәріне айтқызып шығу. (екі құстың экранда бейнесі шығу)

Қараңдаршы ұзақ үлкен, ал  қараторғай қандай?

Жақсы тапсырманы дұрыс орындадыңдар,

(үш сурет жыл құстарының)

Балаларды жеке шығарып айтқызу       (2 бала)

Дем алатын кез келді (сурет көрсету арқылы балалар қимыл арқылы айтып отырып орындайды)

 

Сергіту сәті:

Кәне балалар құстар болып ойнайық

Денемізді жаттықтырайық

Қарлығаш болып ұшайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ болып шоқиық

Жан-жағымызға қарайық

Қанаттарымызды қағайық

Орнымызға барып отырайық.

 

Дымбілмес келеді жылап:

Мұғалім: Дімбілмес сен неге жылайсын?

Дымбілмес:  құстар ұшып келіп жатыр атауларын білмеймін, мені бәрі мазақтайды Дымбілмес деп атайды.

Мұғалім сен жылама балалар саған көмектеседі, (мына жерге отыр)

балалар көмектесеміз бе?

Мұғалім: балалар мынау не?

Катя суретті ал Дымбілмеске көрсетіп айт

Дымбілмес: қайталайды

Дымбілмес: құстардың суретін салып алып басқа суреттерді шығарады.

Балалар менімен «Не артық» ойынын ойнайсыңдар ма?

Мұғалім: ойын шартын түсіндіреді

( балалар артық суретті тауып қоршайды, сосын неге артық екенін айтады)

–         Не артық?

–         Неге?

 

Дімбілмес: мадақатап, танданып отырады. Балалар рахмет сендер ақылды екенсіңдер, суреттерді сендерге сыйлаймын.

Мұғалім: Дымбілмес сен жыл құстарын танып білесің ғой енді

Дымбілмес: иә білемін балалар үйретті ғой

Мұғалім: сен енді Дымбілмес емессін, сен Білгішбексін

Дымбілмес: тамаша, достарыма барып айтайын, мен сендерге жыл құстарының қазақша атауларын үйреткендерің үшін өте  ризамын, сауболыңдар.

Құстардың дыбысы естіледі,

(Соңғы фильмді көру)

Мұғалім: Балалар жарайсыңдар, сендер ақылдысыңдар, үйге барғанда аналарыңмен әкелеріңе құстардың қазақша атауларын үйретіңдер.

 

 

 

 

 

 

ғарышкер

 

ғ дыбысынан басталады

 

 

ғарыш, ғарышкер, ғалам

 

Өрік

Ө дыбысынан басталады

Ө-ө-ө,  тәтті өрік

Ұ дыбысынан басталады

 

 

ұшақ

Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты

 

Ол қарға

 

Қ дыбысынан басталады

 

 

 

 

 

 

Балалар барлық іс-әрекеттерді орындайды

Ол қарлығаш

 

 

Қ дыбысы

Ғ дыбысы

қарлығаш

иә дұрыс

 

 

 

 

 

 

Ұ дыбысы

 

Қ дыбысы

 

 

 

 

 

Қараторғай

 

Ғ дыбысы

 

Суретте қараторғай

 

 

Қараторғай кішкентай

 

 

Қарлығаш, ұзақ, қараторғай жыл құстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә көмектесеміз

Қарлығаш

 

 

Мынау қарлығаш

 

 

Ойнаймыз

 

 

 

 

 

Доп артық

Доп ойыншық, ал жүзім, шие, алма жемістер

 

 

 

 

 

Бала: мынау ұзақ, ұзақ жыл құсы, оның түсі қара

Бала: мынау қарлығаш, қарлығаш дала құсы

Бала: мынау қараторғай, қараторғай қара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-түзетушілік Балалар бүгін жақсы жұмыс істедіңдер

Жарайсыңдар, енді қонақтармен қоштасайық

 

 

Құрметті әріптестер келесі кездескенше сау- саламат болыңыздар!

Қандай ғажап күніміз

Үйрендік қазақ тілін бүгін біз.

Сәтті болсын әрқашанда күніміз.

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

– жыл құстарын біледі

– қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды

– амандасудың  түрлерін

Қандай түсініктерді игерді:

– жәй сөйлемдерді құруды

– толық жауап беруді

Меңгерген дағдылармен іскерліктер:

– қойылған сұрақтарға түсініп жауап беру

–  ойын шартын бұзбай орындау

–  көркем сөздерді қатесіз айту

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *