«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы»


Прманова Гүлназ Магимарқызы

«Балдырған» орта тобының  тәрбиешісі

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

Мақсаты: Балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Жүргізуші : Балалар, біз таңертең ұйқыдан тұрып балабақшаға келгенде сендер таңғы жаттығулар жасайсыңдар ма?

 

Балалар: Иә

 

Жүргізуші : Ал қазір таңғы жаттығуымызды жасап жіберейік.

  1. Басты оңға және солға 3- 4 рет айналдырамыз.
  2. Екі қолды иыққа қойып алдыға және артқа сермейміз 3 – 4 рет.
  3. Екі қолды қайшылаймыз 3 – 4 рет
  4. Екі қолды кезек кезек алдыға және артқа сермейміз 3 – 4 роет.
  5. Екі қолды белге қойып айналдырамыз 3 – 4 рет.
  6. Қос аяқпен секіреміз 3 – 4 рет.
  7. Бір аяқты кезектестіріп секіру 3 – 4 рет.
  8. Оң қолды сол аяққа қою, сол қолды оң аяққа тигізу 3 – 4 рет.

Балалақша медбикесі Әбдиева Клара апайдың сөздері кетеді.

 

«Флешмоб» би.

 

Жүргізуші: Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі балалар мен ата – аналар арасында өтіліп отырған  «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты эстафеталық жарасымызға қош келдіңіздер. Қазақстан Республикасының  Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың ата – аналардың дене шынықтырумен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балалармен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өтіліп отқан спорттық бауқауымызды ашу үшін бөбекжай меңгерушісі Искакова Бақыт апайға сөз кезегін береміз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруге тиіс. Меніңше бұл ата -аналарымыздың қолдарынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!

 

 

 

 

 

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң.

Отбасыларымызды шақырамыз. (осы кезде әр отбасы өз орындарына келіп тұрады).

 

Әр команда өздерінің аттарын атап аталған команданың  ұранын айтады.

 

№1 «Байтерек»

№2 «Қыран»

№3 «Сұңқар»

 

Әділ қазылар алқасы: И. Бақыт апай, И. Нұргүл апай, Ә. Клара апай

Жүргізуші жарыстың түрлерімен таныстырамын.

 

                                           ОЙЫН 7 ТУРДАН ТҰРАДЫ.

 

Жүргізуші:     Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Жанұялар жарысып,

Спортсмен отбасы болар ма ? – де келе бүгінгі жарысымызды  бастаймыз.

 

         № 1. 

«Кім жылдам?»

Ойын шарты: Қолдарыңызға таяқшаны ұстап кедергілер арасынан жыланша жүгіріп өтеді, ата аналар кедергілерден секіріп өтуі тиіс, содан соң таяқшаны келесі ойыншыға тапсырады, осылай барлық отбасы мүшелері тапсырманы орындап шығады.

 

     № 2. 

«Кенгуру»

Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып, кедергілер арасынан секіріп өтіп, қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.

 

       № 3. 

«Қырық аяқ»

Ойын шарты: Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады, қай команда ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол команда жеңіске жетеді.

 

 

 

 

         № 4. 

Жұмбақ шешу.

Шарты: Жұмбақты  шеше алмаған жағдайда, шешкен отбасы ұпаймен бағаланады. Мен айтқан жұмбақтарды отбасымызмен бірге жақсылап ойланып, тек қана бір ғана жауабын береміз.

 

Жұмбақтар:

Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң , ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап.       (Доп)

 

Оны өзiм сүйретем
Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды.      «Шана»

 

Шойын жолдан аумайды.
Табанға қанжар байладым,
Бетiнде айна ойнадым.      (Коньки)

 

Ол жақта жер құрғайды.     «Су»

 

Үлкен алтын табақтан,

Еш тесікте тұрмайды.

Әлемге нұрын таратқан.   «Күн»

 

     № 5.

«Кедергілерден  өт»

Ойын шарты:  Үш топ обруч арқылы жанұясын тез жинап, кедергілерден өтіп мәреге жетуі тиіс.

 

№ 6.

«Доппен секіру»

Ойын шарты: Үрлемелі резеңке доппен кедергілер арасымен өту, кім бірінші болып жетеді сол жеңіске  жетеді.

 

№ 7 .

«Допты домалату»

Ойын шарты: Допты мәре сызығына дейін қос қолмен домалатып апарып, қайтар кезде екі аяқтың арасына қойып секіріп қайтады. Келесі ойыншы әрі қарай жалғастырады.

 

 

 

   Қорытынды бөлім:

 

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз.

Жеңілсек, жеңілдікдеп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз  –  дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 

Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен отбасын марапаттап,

мақтау қағазын табыс етеді. Жарыс өз мәресіне жетеді.

 

Жүргізуші:    Бүгін міне оң болып, әр ісіміз,

Жоғары боп күш – жігер, намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарасымыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *