«Мерекелік от шашу»


Прманова Гүлназ Магимарқызы

«Балдырған» орта тобының  тәрбиешісі

КМҚК «Жауқазын» бөбекжайы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты: Түрлі түсті бояуларды пайдалана отыра салюттың оттарын салуға дағдыландыру. Ойлау  қабілеттерін дамыту. Үлкендерді  сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету түсіндіру.

Көрнекіліктер:үлгі суреттер,қылқалам,ақ қағаз,бояулар,су,сүлгі

Сөздік жұмыс:от шашу.

Билингвальдық компанент:

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті
1.Мотивациялық қозғаушылық

 

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Қайырлы таң ,балалар.

Шеңбер бойынша тұрып,өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
2.Ұйымдастыру-шылық ізденістік

 

1.Сиқырлы дорбаша.

(дорбаша ішінде сурет).

Мына суретке қараңдаршы бұл суретте не салынған?

2.Әңгімелесу.

-Отшашуды біз қай кезде қолданамыз.

-Ал бізге қандай мереке жақындап келе жатыр?-

-Отшашу қандай болады екен?

-Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?

3.Сөздік жұмыс: отшашу,жаңа жыл.

Билингвальдық кмпанент:

 

4.Сергіту сәті.

-Ал ендешеосы Жаңа жыл мерекесіне байланысты отшашудың суретін саламыз.

5.Сурет салу жолдары:

1.Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.

2.Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп,ақ парақтын жоғары жағына нүкте түсіріп алып,жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі-түсті сызықтар түрлі түсті отшашуды саламыз.

Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.

6.ДО: «Түстерді ата» қоржын ішінен алып шыққан фигурулардың түстерін атау.

М:түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

 

Балалар толық жауап береді.

-Бұл суретте отшашу салынған.

 

-Мереке болған кезде.

-Жаңа жыл мерекесі.

-отшашу үлкен,әдемі.

қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады .

 

-Балалар сергіту сәтін орындайды.

-Баяу әнді тыңдай отырып балалар қылқаламмен жұмыс істейді.

Балалар ойын ойнауға белсене қатысады.

-Бүгін біз отшашу суретін салдық.

-Отшашу мереке кезінде болады.

-қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады

 

3.Рефлексиялық-түсунішілік

7.Қорытындылау

Бүгінгі сабақта біз ненің суретін салдық?

-Отшашу қай кезде болады екен?

– Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?

 

 

Күтілетін нәтиже :

Білу керек :түстерді ажырата білуді

 

Игеру керек: отшашу суретін салуды.

 

Меңгеру керек: қылқаламның толық ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды бояуды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *