Открытый урок по ботанике “Вирустар мен бактериялар”


Абылхалимова Аяулым Сериковна
преподаватель естественных дисциплин КГКП “Есильский сельскохозяйственный колледж им. Ж. Кизатова”

«Ж.ҚИЗАТОВ АТЫНДАҒЫ ЕСІЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»КМҚК

КГКП «ЕСИЛЬСКИЙ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.КИЗАТОВА»

Пән /Предмет:    Ботаника        Топ/группа:  25

Мамандық: 1508000  «Орман шаруашылығы, бау – бақты және ландшафты құрылыс»

Оқытушы/Преподаватель: ___ А.С.Абылхалимова

Сабақтың тақырыбы /Тема занятия: Вирустар мен бактериялар

Сабақтың мақсаттары / Цели занятия:

·                   студенттердге вирустар мен бактериялардың қоректенуін, тыныс алуы, таралу   ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ауру тудыратын вирустар мен бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру;

·                   теориялық және логикалық ой – өрісін дамыту арқылы, танымдық құштарлықтарын арттыру және алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету, микроскоппен дұрыс жұмыс істей білуге дағдыландыру;

·                   бактериялар мен вирустардың адам өміріндегі, өсімдіктер әлеміндегі, медицинадағы маңызын түсіндіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі /Вид занятия: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың типі/Тип занятия: аралас сабақ

Оқыту әдiстерi / Методы обучения:  түсіндіру, әңгімелесу, пікір алысу, эссе, Венн диаграммасы, тәжірибелік.

Көрнекiлiк /Материальное оснащение:   дәріс материалы,  «Бактериофагтар» тақырыбына арналған бейнефильм, «Вирустар әлемі», «Бактериялардың құрылысы» тақырыбындағы плакаттар, интерактивті тақта, мультимедиялық плазмалық панель, электронды микроскоп, микропрепараттар

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ / ХОД И СОДЕРЖАНИЕ ЗАНЯТИЯ

1. Сабақты ұйымдастыру /Организация занятия:  сәлемдесу, студенттердің сабаққа дайындығы мен қатысуын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Білім алушылардың тiректi бiлiмдерiн актуализациялау /Актуализация опорных знаний: студенттердің өткен сабақ бойынша білімі тест сұрақтары мен ауызша сұрақ жауап арқылы тексеріледі

Эукариоттар қандай организмдер?
Балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған өсімдік?
Сабағы буын және буын аралықтарынан тұратын өсімдікті ата
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көне топты ата
3. Оқудың тақырыбын хабарлау, мақсатын қою, білім алушылардың таным қимылын мотивациялау /Сообщение темы, постановки цели, мотивация познавательной деятельности обучающихся: Сабақ, білім алушылардың тақырып бойынша мектептен алған білімдерін еске түсіру мақсатында, плакаттардағы вирустар мен бактериялардың түрі мен құрылысын еске түсіруден басталады.

4. Сабақтың негізгі мақсаты : Вирустар мен бактериялар дүниесімен таныса отырып, құрылысындағы ерекшеліктері мен маңызы, көптүрлілігі туралы ақпарат алу, сұрақтарға жауап беру.

5. Жаңа материалды келесi сұрақтар бойынша баяндау /Изложение нового материала:

Студенттер тақырыпты толық түсініп, вирустардың маңызын мен құрылысын көз алдына елестете алу үшін,  мультимедиялық  тақтаның көмегімен бактериофагтың тіршілік ету ерекшелігі мен құрылысы туралы  қысқаша бейнефильмді көреді.

Дәрісте қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1.     Вирустар  – жасушасыз тіршілік иесі

2.     Вирустардың түрлері, формасы, көбеюі

3.     Бактерия – бір жасушалы организм

4.     Бактериялардың қоректену ерекшелігі

Вирустарды зарттейтін ғылым қалай аталады?  (Студенттер жауап береді)

Вирус (лат. vīrus – «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан –кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар,биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді.

Вирустар тірі организмдерге қандай кері әсерін тигізе алады? (Студенттер жауап береді)

Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.

Вирустарда жасуша болады ма? (Студенттер жауап береді)

Вирустар — жасушаға дейін пайда болған түзіліс. Оларды ағза ретінде  қарауға болмайды. Себебі ағза дегеніміз-өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Демек, вирустарды тірі организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне басқа ағзаның жасушасы керек. Пішіні: шар, сопақ, тақша, жіп тәрізді болады. Жасушадан тыс формалары-вирион деп аталады.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериялар – Жер бетінде тіршілік ететін өте көне ағзалар. Бактериялар, көк – жасыл балдырлар бытыранықтар дүниесіне жатады. Олар прокариоттар.

Прокариоттар деген не? (Студенттер жауап береді)

Бактериялардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды.

Ауру тудыратын бактерияларды атаңдар(Студенттер жауап береді)

Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады.

Білім алушылар бактериялардың түріне байланысты қоректену ерекшелігін, олардың маңызын есте жақсы сақтау мақсатында, төмендегі кестемен танысады:

Автотрофты
Гетератрофты
фотосинтездеуші
хемоснтездеуші
паразиттер
сапрофиттер
жасыл, пурпур, күкіртті бактериялар
Темір бактериялары, азотты бактериялар
Іш сүзегі, вибриондар, сіреспе таяқшалары
Шіріту бактериялары, ашыту бактериялары

5. Материалды бекiту /Закрепление материала: Студенттер, тақырып бойынша мектепте өткенді еске түсіру және жаңа сабақты бекіту үшін,  екі топқа бөлініп    5-8 мин. аралығында «Вирустардың пайдасы мен зияны» және «Бактериялардың маңызы» тақырыбында эссе жазады.

Ары қарай бактериялардың құрылысы мен пішінін көру үшін зертханалық жұмыс орындалады

Тақырыбы: Сүт қышқылы бактерияларын, цианобактерияларды және пішен таяқшасын электронды микроскоппен қарау.

Қажетті құрал – жабдықтар: айран, пішен таяқшасы бар қидан жасалған тұнба, заттық және жабын шынылар, пипетка, шыны таяқшалар, электронды микроскоп, түсті қарандаштар.

Жұмыстың барысы

1.Айранның бетіндегі сілемейден иненің ұшымен алып, заттық шынының бетіндегі бір тамшы тушқа араластыру керек. Оны жабын әйнегімен жауып, электронды микроскопқа орнатқанда, моншақ тәрізді және таяқша тәрізді боялмаған бактериялар көрінеді. Бұл – сүт қышқылы бактериялары.  Олардың суретін салу.

2.Пипеткамен пішен тұнбасының бетіндегі бактериядан түзілген кілегеі қабықтан бір тамшы алып, заттық шыныға тамызып, бетін забын шынымен жауып қарағанда, ұзынша пішен таяқшасы көрінеді. Суретін салу.

3.Жылқы қиынан жасалған препараттан бактериялардың әр түрінің пішінін көріп, суретін салып, сипаттау. Олардың қай типке жататынын анықтау. Осы бактерияларға қоректенудің қай типі тән?

Қосымша сұрақтарға жауап беру:

·        Вирустардың құрамына не кіреді?

·        Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустар қалай аталады?

·        Вирус ұғымын кім және қай жылы енгізді?

·        Вирустың көбеюі неше сатыдан тұрады?

·        Бактериялардың пішіні қандай болуы мүмкін?

·        Бактериялар мутацияға бейім бе?

·        Ядро дегеніміз не? Оның атқаратын қызметі қандай?

·        Вирустардың құрамына не кіреді?

·        Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустар қалай аталады?

·        Вирус ұғымын кім және қай жылы енгізді?

·        Вирус көбеюі неше сатыдан тұрады?

·        Бактериялардың пішіні қандай болуы мүмкін?

6. Материалды жинақтап қорыту, бағалау /Обобщение материала, подведение итога занятия:

·        Вирустар мен бактериялардың  қоршаған ортамен, тірі организмдермен байланысын тусіну үшін, төмендегі сызбанұсқаға сипаттама беріліп, толықтырылады

 
·        Вирустар мен бактериялардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін біліп, оны есте сақтап қалу мақсатында, студенттер Венн диаграммасын өздігінен толтырады

Бактериялар мен вирустардың негізгі биологиялық ерекшеліктері:

·        Вирустар жасушаға дейін пайда болған түзіліс

·        Бактериялар біржасушалы әртүрлі пішінді ағзалар

·        Вирустар өздігінен тіршілік етпейді

·        Бактериялардың денесі сілемейлі органикалық заттан тұрады

·        Вирустардың пішіні шар, сопақ, таяқша тәрізді болады

·        Бактериялардың жасуша қабықшасының өткізгіштік қабілеті бар

·        Бактериофагтар – бактерия вирустарының ерекше тобы

·        Бактериялар қолайсыз жағдайда спора түзеді.

7. Үйге тапсырма /Задание на дом:  дәрісті оқып, сұрақтарға жауап беру. Вирустық аурулармен күресу жолдарын атап жаз. Бактериялардың тұрмыстағы маңызын ата.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *