“Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздердің пайда болуы” сабақ


                                                              Астана  қаласы әкімдігінің

 «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК

Пән: Қазақстан тарихы

                                                                              Оқытушы: Садуева Амангул Уатханқызы.

 

 Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының халық болып қашан қалыптаса бастағанын және алғаш рет қалай аталғанын айтып беру мен қатар жүз ұғымына түсінік береу. Сонымен қатар оқушыларды патриоттыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың өтілу әдісі: түсіндірмелі әдіс, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, карта, слаид, тірек – сызбалар.

 

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Өтілген тапсырманы тест арқылы сұраймын.)

 


  1. ХІІ ғ. аяғы – ХІІІ ғ. басында қандай мемлекет құрылды?

                                   А)  Түрік қағанаты

                                   В)  Қарлұқ қағанаты

                                   С)  Монғол мемлекеті

                                   Д)  Оғыз мемлекеті

                                   Е)  Қарахан мемлекеті

  1. Монғол мемлекетінің негізін қалаушы?

                     А)  Шыңғыс хан

                     В)  Жошы хан

                     С)  Батый хан

                     Д)  Шағатай

                     Е)  Төле

  1. Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі аумақты алып жатқан мемлекет?

                     А) Монғол мемлекеті

                     В) Түрік қағанаты

                     С)  Алтын Орда

                      Д)  Ақ Орда

                     Е)  Моғолстан мемлекеті

  1. Алтын Орда мемлекетінің алғашқы ханы?

                     А)  Береке хан

                     В)  Сартақ хан

                     С)  Өзбек хан

                     Д)  Батый хан

                     Е)  Жошы хан

  1. Алтын Орда да қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды?

          А) Береке хан

          В) Мөңке хан

          С)  Өзбек хан

          Д)  Меңгу Темір

          Е)  Шейх Ахмед

  1. Алтын Орданың күйреуінің себептері?

          А)  Биілік үшін өзара қырқыстар  

          В)  Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары

С)  Халық көтерілістері

Д)  Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы

Е)  Барлығы

  1. Алтын Ордадағы ең жоғарғы лауазым қалай аталды?

                     А)  Ұлысбек

                     В)  Қаған

                     С)  Хан

                     Д)  Бекілербек

                     Е)  Атабек

  1. Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталды?

                     А)  Інжу

                     В)  Икта

                     С)  Сойырғал

                     Д)  Түтік

                     Е)  Ұлыс

  1. Тағар деген не?

                     А)  Әскерді азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық

                     В)  Дін басыларына берілетін үлестік жер

                     С)  Мал салығы

                     Д)  Ақсүйектерге берілетін жеңілдік

                     Е)  Хан туыстарына берілетін сый

  1. Алтын Орда қай ғасырда хандықтарға бөлініп кетті?

                     А)  ХІҮ ғасырда

                     В)  ХҮ ғасырда

                     С)  ХҮ ғасыр ортасында

                     Д)  ХҮ ғасыр аяғы мен ХҮІ ғасыр басында

                     Е)  ХҮІ ғасырд



Жаңа сабақ

Жоспары:

  • Қазақ қалқының қалыптасуы.
  • «Қазақ» этнонимінің шығуы.
  • Қазақ жүздері
  • «Алаш» атауы

 

                 Қазақ халқының қалыптасу процесі көне заманнан б.з.б.ІІ – І мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:

 

Ақ Орда  тайпалары – Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды.

Рузбихан: «ХІҮ ғасырдың аяғында»Қазақ атауының шығуы жөнінде түрлі пікірлер ХІІІ ғасырдан бері жалғасып келеді.  – ХҮ ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғандығын көрсетеді», – деді.

Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтамыз .

  • Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі – Х – ХІІ ғғ. өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.
  • ХІІІ ғ басында Шыңғысхан қысымынашыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер бұл процеске өз үлестерін қосты.
  • ХІІІ – ХІҮ ғғ. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.

Қазақ этносының негізін құраған тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңырат т.б. Бұл тайпалар тілі – түркі тілі, антропологиялық типі – монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.

Шаруашылығы – көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.

Бүгінгі таңда Қазақ этимологиясының 20-дан астам түсіндірмелері бар. Мысалы: “Қазақ” деген сөз “қаз” “ақ” деген сөздeрден шыққан. Бұл “қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат”- дейді немесе: “Қазақ” атауы “қас”- нағыз және “сақ”-көне заманындағы сақтар атаулыдан құрылған және “қас-сақ”- нағыз сақ деген ұғымды білдіреді.

Түріктанушылардың пікірінше, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері – Шығыс Дешті Қыпшақ.

Қорыта айтқанда:

  • Рузбихан: «ең көбі және ержүректері қазақтар» болған.
  • ХҮ Ғ. ІІ жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.


 

Қазақ жүздерінің пайда болуы

Жүз–тарихи шаруашылық және географиялық аумақ, белгілі рулық топтың территориясы. Жүз–бөлік, тарап мағынасын білдіреді. Үш жүз–географиялық орны мен климатының айырмашылығымен ерекшеленеді.

Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді:

  1. Ұлы жүз
  2. Орта жүз
  3. Кіші жүз
  • Ұлы жүз-территориясы-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары-үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, шапырашты, қаңылы, сіргелі, ысты, ошақты және т.б.
  • Орта жүз-террриториясы-|Орталық және Солтүстік Шығыс Қазақстан. Рулары-қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңыр ат, уақ т.б.
  • Кіші жүз-территориясы-Батыс Қазақстан. Рулары-алшын, адай, төрт қара, қара кесек, т.б. Кіші жүзді үш негізгі рулық одақтар құрайды: Жеті ру, Әлім ұлы, Бай  ұлы.

Қазақ жүздерінің шығу тарихы: Слайд арқылы көрсетіледі.

  • ІХ – Х ғғ. аралығында «Алаш» сөзі алғаш рет айтылып, қазақ халқының ұраны болған.
  • «Атамыз – Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің ұрпағымыз», деген сөз қалды.
  • Кейбір шежірелерде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: «Алаш».
  • Алаш – ертедегі түркі тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы.

Сабақты бекіту:1 – тапсырма. «Тарихи диктант» Шарты: диктан ішінен бүгінгі тақырыпқа қатысты есімдерді теріп жазу.

  • тарихи – шаруашылық және географиялық аймақ.
  • Қазақ халқы жүзге бөлінді.
  • ертедегі түркі тайпаларының қауым болып біріккен одағы.

2 – тапсырма: Ауызша сұрақ – жауап:

  1. Қазақ халқының қалыптасу процесі қай ғасырдан бастау алды?
  2. Этносаяси қауымдастық дегеніміз не?
  3. Қазақ тайпаларының құрамына кірген тайпалар?
  4. Рузбихан қазақтар туралы не деп суреттеді?
  5. Қай ғасырда «қазақ» атауы нақты сипат алды?
  6. Алаш деген не?
  7. Жүз ұғымы?
  8. Қазақтар неше жүзге бөлінген?
  9. Қазақ жүздерінің арғы атасы?
  10. Ұлы жүздің аумағы?

3 – тапсырма.  Сөзжұмбақ «Ақарыс», «Бекарыс», «Жанарыс»  тақырыбы бойынша

 

Бағалау:

Үйге тапсырма беру: Жеті ата және қай жүзден, рудан шыққандарыңды жазып келу.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *