Мақала тақырыбы:«Кюизенер таяқшалары арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту»


Сейсенова Жанна Елтаевна
Өскемен қаласы әкімдігінің «Азамат» балабақша бөбекжайы тәрбиешісі

Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.

Х.Кюизенер таяқшаларын басқа әдістемелік құралдарымен, дидактикалық құралдарымен ұштастыруға болады. Бұл таяқшалар басқа да дидактикалық құралдар сияқты балаларда математикалық білімдерін дамытып, жетілдіруге арналған. Таяқшалар педагогтардың негізгі құралы ғана болып саналмайды, ол балалардың оқу – таным құралы.

Жинаққа сипаттама. Жинақ пластмасс призмалардан тұрады, олардың түсі мен формасы әртүрлі. Жинақ құрамында 241 призма бар. Ең кішкене призма 10мм, кубик пішінді. Жинақ құрамына кіреді: ақ – саны 1 – 25 дана, қызғылт – саны 2 – 20 дана, көгілдір – саны 3 – 16 дана, қызыл – саны 4 – 12 дана, сары – саны 5 – 10 дана, күлгін – саны 6 – 9 дана, қара – саны 7 – 8 дана, қою қызыл – саны 8 – 7 дана, көк – саны 9 – 5 дана, тоқсары – саны 10 – 4 дана.

Түстерді таңдау жинақты қолдану мақсатын жеңілдетеді. 2,4,8 таяқшалары қызылдар отбасын құрайды, 3,6,9 таяқшалары көктер отбасын құрайды, сарылар отбасын 5 және 10 құрайды. Таяқшаларды бір отбасына жинау – бұл таяқшалардың көлемдерінің қатынасына байланысты. Мысалы: Қызылдар отбасына екіге бөлінетін, көктер отбасына үшке бөлінетін, сарылар отбасына беске бөлінетін таяқшалар кіреді. Ақ түсті кубик – бұл «ақ түстілер» бүтін сандар отбасына жатады, және кез келген таяқша ұзындығына келеді. Ал 7 саны қара түспен белгіленген ол бөлек отбасын құрайды. Әр жинақтың ережесі болады: неғұрлым ұзын таяқша болса онда оның білдіретін саны да көп. Таяқшалар боялған түстер сандық қатынастарға байланысты, қарапайым натурал қатарын анықтайды. Әрбір таяқша – бұл сан, яғни түспен көлемді білдіреді.

Жалпы «Кюйзенер» таяқшаларының мақсаты: Баланың даму деңгейін, пішін, сан, түс, көлем туралы түсінігін анықтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

1.     Таяқшалардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

2.     Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.     Ойын арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.

Кейбір ата-аналар таяқшаға сандарды жазады ол дұрыс емес неге? дейсіздер ғой. Өйткені бала өзі оны өлшеп білу керек, қай сан екенін және өлшеу арқылы олар өздері санмен танысады. Содан соң өздері есеп құрастырады сол таяқшалар арқылы. Егер жасаған таяқшаларға артына магнит жасап қойса ол өте жақсы, магнитпен таяқшада жұмыс жасауға болады және балаларға қолдануға қолайлы. Таяқшалардың өздеріне арналған қорапшаларға сақтау керек түстеріне байланысты. Ол және балаларға да ыңғайлы балалар жұмыс жасап болған соң әр түсті өз орындарына қояды. Балалардың математикалық және шығармашылығын дамыту үшін Кюйзердің таяқшалары қолданады. Кюйзенер деген бельгиялық математик сол кісі осы таяқшаларды ойлап шығарған үшін сол кісінің атымен аталған.

Кюйзердің әдісі нені көздейді?

Сол таяқшалар арқылы балалардың қол моторикасы дамиды есте сақтау қабілеттері, салыстыру ұзын, қысқа және түстерді ажыратады екен. Таяқшалар бірнеше түстен тұрады әртүрлі түс, әртүрлі ұзындығы, сол арқылы балалар сандарды естеріне сақтайды және есеп шығарады.

Кюйзенер таяқшаларымен қалай жұмыс жасауға болады?

Таяқшалармен көп тапсырма орындауға болады. Тапсырмалар блок арқылы өткізуге болады.

1.     Таяқшалармен танысу

А) мен көрсетіп тұрған таяқшаны көрсет

Б) ең ұзын, ең қысқа таяқшаны көрсет

2. Түстермен танысу

А) Қызыл түсті және көк түсті таяқшалардан шаршы жасап бер. Қайсысы үлкен? Әр түстермен солай жұмыс жасауға болады.

Б) бірнеше түсті таяқшаларды алдарына қойыңдар. Бір түсті таяқшаны алып тастап баладан сұра қай түс жоқ.

3. Өлшеу тапсырма

А) Таяқшалар арқылы балалар карандаш, кітап, қалам өлшеуге болады.

Б) кезкелетін түсті алып, көктен қысқа, сарыдан ұзын (қандай түс)

В) көздерін жұмып екі бірдей ұзындығы таяқшаны тауып ал.

Г) таяқшадан жол немесе үй құрастыр.

Логикалық тапсырмалар

Кюйзенер таяқшалармен ойын

1.Егер бала қаламаса оны мәжбүрлемеу керек байқаңдар жас шамасына

2. Баланың жас-шамасына

3. қиын тапсырманы бермендер

2-3 жастағы балаларға жайғана түстермен таныстыру егер бала түстерді жақсы естеріне сақтаса сонда математика сабағына таяқшаларды қолданындар.

“Санды айт”

Тәрбиеші кез-келген санды айтады бала сол санға байланысты таяқшаны көрсетеді. Керісінше, тәрбиеші таяқшаларды көрсетеді, бала санды атап шығады. Бала шатыспау үшін сандарды рет-ретімен айтып шығу керек 1-10 дейін. Содан соң тапсырманы біраз қиындатуға болады. Содан соң есеп шығару.

Қорыта келегенде Кюизенер таяқшалары ол тек ғана дидактикалық құрал емес, бұл балалардың оқу-таным құралы және педагогтардың балаларға математикалық білімдерін меңгерту құралы. Бұл таяқшалармен жұмыс кезінде балалар тек сан мен санауды ғана меңгермейді, сандармен түстердің қатынасын меңгереді. Бұл әдістемелік құралдың маңызы өте зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *