Ата – аналармен шығармашылық бағыттағы жұмыс: «Сиқырлы саусақ»


Хамитова  Салтанат Бериковна
Тәрбиеші
«Ақсу қаласының № 2 бөбектер бақшасы» МКҚК

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін, қол моторикасын дамыту, шығармашылық жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерге көмек көрсетуге, сыйлауға тәрбиелеу. Жұмысты толық аяғына дейін жеткізуге және таза жұмыс жасауға баулу.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, практикалық.

Керекті көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: Үлгі суреттер, мақта, бояу түрлері, желім, А3 қағаздар, қайшы, түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар.

Барысы: -Сәлеметсіздер ме ата-аналар, балалар? «Сиқырлы саусақ» ойын-сауығына қош келдіңіздер!

-Құрметті ата-аналар қалай ойлайсыздар, балалардың есте сақтау қабілеттерін, ой-өрісін дамыту үшін қандай сабақтың маңызы зор болып табылады? (Сурет сабағы)
-Дұрыс айтасыздар! Бала өміріне сурет салу жұмысы көп пайда түсіреді. Сурет салу арқылы баланың ішкі дүниесін, ойлау қабілетін анықтауға болады.
«Шығармашылық» деген- «ойлап табу», «көрсету» деген түсінікті білдіреді. «Шығармашылық» саласына: сурет , жапсыру, мүсіндеу, ән күй жатады.

-Ендеше бүгін біз сіздермен (аналары мен балалармен) әр түрлі әдістер арқылы шығармашылық жұмыстар жасаймыз. Ол үшін екі топқа бөлінулеріңіз керек. (Екі топқа бөлінеді) Шығармашылық жұмыс жасауды бастайық. Бүгін мен сіздерге 3 тапсырма беремін.
-Ата аналар сіздер сурет салудың қандай әдістерін білесіздер? (жауаптары)

Бірінші тапсырмада сіздер ұжымдасып,мақтаны жапсыру арқылы бір композиция құрастырып салуларыңыз керек. Тапсырманы орындауды бастадық.(Аналары мен балалары бірлесіп салады)
Жұмыстарыңызды аяқтап болсаңыздар, екі топтан бір-бір адамнан шығып жұмыстарын қорғасын.
1-ші топ мақтаны жапсыру арқылы жаз мезгілін бейнелеп жасады.
2-ші топ мақтаны жапсыру арқылы қыс мезгілін бейнеледі

Ал енді ортаға келіп бір серігіп алайық «Егер ұнаса саған» әні.

-Балалар, айтыңдаршы сендер қандай пішіндерді білесіңдер?т.б. «Не ұқсас?» ойынын ойнату.

Екінші тапсырмада екі топқа түрлі түсті қағаздардан қиылған пішіндерді беремін,сіздер бейне жасап шығуларыңыз керек (бірінші топқа әртүрлі көлемде дөңгелек пішіндер, екінші топқа әртүрлі көлемде үшбұрыш пішіндер беріледі)

1-    ші топ дөңгелек пішіндерден қарлығашты бейнелеп жасады.

2-    ші топ үшбұрыш пішіндерден балықты бейнелеп шықты.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз? Біздің президентіміз кім? Туып өскен қаламыз, қай қала?т.б.

Үшінші тапсырмада ұжымдық жұмыс ата аналар балаларымен қосылып тычко әдісі арқылы туған қаламыз Ақсуды бейнелеу ұсынылады.
Екі топтың ата аналары да Ақсу қаласының көрікті жерлерін тычко әдісі арқылы бейнелейді.

Қорытынды:

Екі топтың жасаған жұмыстарын жинап алу, мадақтау. Жұмыстарын көрмеге қою.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *