«Жаңа жыл-жаңа жыр»


Тохметова Раушан Есенболовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының музыка мұғалімі

Мақсаты: тәрбиеленушілерге Жаңа жыл мерекесінің маңызын  ұғындыру,өнерге баулу,Жаңа жыл кейіпкерлерімен таныстыру, өнерге баулу, сахына мідениетіне тәрбиелеу.

Ербол  -шығады

Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңажылдық карнавал,

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Тезірек келіңдер, жиналыңдар,-деп айтып хабарлап шығып кетеді.

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.

Жүргізуші :  Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Бүгінгі Ақсұңқар тобының   «Қош келдің Жаңа Жыл атты ертеңгілігімізге» қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!

Ән : «Шырша жыры»

 

Ән біткен соң әндетіп Алдар Көсе домбырасымен кіреді:

Алдар көсе:

Мен Алдармын, Алдармын!

Балқанға да барғанмын,

Орхонға да барғанмын.

АҚШ қа да барғанмын,

Жапонға да барғанмын.

Шаршанқырап қалған соң,

Шайтанға мініп алғанмын.

Мен Алдармын ,Алдармын,

Шайтанды да алдадым.

Алдау деген түк емес,

Мыстанды да алдадым деп таңғалып мына жерде қандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші: Алдаке сіз қайдан адасып жүрсіз? Мен мына жерден балалардың әндетіп жатқан дауысын естіп,тамашалап кетейінші деп келдім. Бірақ мына жерде Наурыз мерекесіне ұқсамайды , еш кайсысы ұлттық киім кимеген а а а , білдім сендерде Жаңа Жыл мерекесі ғой солай балалар.

Балалар- Ия

Алдар Көсе: олай болса мен сендердің Жаңа жыл мерекелеріңді тамашалап көруге болама ?

Жүргізуші: Бірақ біздің балаларды алдамайтын шығарсыз?

Алдар Көсе:   жооқ , жооқ мен ешкімді алдамаймын , тек Жаңа жыл мерекесін көремін .

Жүргізуші:Олай болса келіңіз жайғасып отырыңыз.Алдар Көсе шыршаның жанына барып жайғасып отырады. Ой қандай керемет мына шырша өте әдемі екен балалардың киімдері де өте жақсы екен , бірақ Жаңа жылда балалар басқаша киінеді  екен ғой .

А а а , Айтпақшы бағана алдымнан Мыстан кемпір жолығып,  өте ашулы екен.

Маған қайда кетіп бара жатқанын айтпады , мен осында келетінімді оғанда айтпадым.

Жүргізуші: Сен мыстанды алдадың ,ал кесірі бізге тимей ме?

Алдар:  Ол жағын білмеймін,мен өзім Жаңа жыл мерекесін тамашалайын.Жүргізуші :балалар бір дыбыс шығады кім болды екен

Музыка әуенімен ескі жыл  Мешін  шығады:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын,

Аппақ қардай арымыз да ақ болсын!

Жаңа жылға жаңа қадам басайық,

Бір алламыз жанымызға жақ болсын!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнін, әр айын,

Тойларыңыз құтты болсын, балалар!

Тойларыңыз тойдан тойға ұлассын!

Жүргізуші:  СІздің неге көңіл күйіңіз жоқ?

Мешін: Аяз Ата мен  Ақшақарды жаңа келер Тауық жылын мыстан орманға қамап қойыпты енді жаңа жылды қалай тойлатамыз содан менің көңіл күйім жок?

Енді біз кім көмектесер?

Жүргізуші:  Жарайды көңіліңді түсірме ! Біз саған Аяз Ата мен Ақшақарды  құтқаруға көмектесеміз!
Жүргізуші :Балалар  Аяз Атамен Ақшақарды  мыстан кемпір ұстап, қамауға алыпты. Енді не істейтінімізді білмей тұрғанымыз?
Алдар көсе: Онда неге тұрмыз? Жаңа жылды бәріміз бірге құтқарайық! Олай болса бәріміз  дауыстап  шақырайық!  Мүмкін дауысымызды естіп мыстан босатар.
Барлығы бірге: – Аяз ата а-у-у-у-у-у-у,Аяз ата а-у-у-у-у,
(Осы кезде Мыстан кемпір ұшып кіреді)
Мыстан: -Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?! О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?! (өтірік таңқалған болып) – Сендердің  Аяз Атамен Ақшақарды  мен қамап қойғанмын, ал сендер Аяз атаны шақырып жатырсыңдар, қандай күлкілі, ха-ха-ха-ха!
– Ауылдың құрметті адамын шақырып алып, менсіз, мына – мыстан кемпірсіз жаңа жыл тойлағыларың келді ма? Мен сендерге қазір көрсетемін! Ал Алдармен басқаша сөйлесемін… Алдар қашып кетеді.,шыршаның  жанына барып отырады.

Жүргізуші: Оныңыз қалай?

Мыстан: Ә, бәлем, солай ма екен!  Енді, сендерге Ақшақар мен боламын!   Мене Ақшаларыңды  алдынан қошеметтеп неге қарсы алмайсындар ?

-Балалардың жанына барып неге айтпайсыңдар мен Ақшақармын ғой.

-Балалар жоқ сіз Ақшақарға ұқсамайсыз

-Не дейді енді кімге ұқсаймын?

-Мыстан кемпірге ой мыналар не дейді , мен мыстанға ұқсаймын ба не? Не деп ата –аналардың жанына барып сұрайды?

-Ия , мен сендердің Аяз Атамен Ақшақарларыңды Тауық жылында ормаңға қамап  қойдым.

-Бүгін меніімен бірге Жаңа Жыл мерекесін тойлатысындар.

Алдарға барып   маған қарашы мен Ақшақарға ұқсаймын ба?

Алдар –Көсе: жок жок ұқсамайсыз.

Алдар Көсе: Мынау қалай Ақшақарға ұқсайды, өзі Ақшақар болғысы келедіЖүргізуші: Мыстан кемпір біздің Аяз Атамен Ақшақарларымыз қайда?

Біз мына шыршамызды жарқыратып жана жылды тойлатуға Аяз Ата мен Ақшақарымыз күтіп отырмыз.

Алдар Көсе: Мына шыршаны кім жағады енді ?

Мыстан мен жағып берейін .

Мыстан : Мен казір шыршаларынды  жағып беремін Өйткені Аяз Атамен Ақшақар жоқ ғой..

Алдар Көсе:  сен қашаннан бері шыршаны жағатын болғансын?

Мыстан : Қазір мен сендерге жағып көрсетейін .

Жүргізуші:Жок жок, ол калай болғаны сіз қалай жағасыз?

Мыстан:Жарайды, жарайды. балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?

Балалар:      Иә!

Мыстан: Онда, кәне жағып жіберейік!   (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)

Алдар Көсе: Ой мыстан бұныз не? Шыршаны бұлай жағуға болар мекен Жүргізуші : Ол қалай болғаны шыршаны сіріңкемен жағуға болама?

-Балалар:жоқ

Жүргізуші:Мыстан апа сіз түсінбедіңіз ғой біз шыршанның шамын жағу керек.

-Мыстан : Алдар ғой маған шырша шамын жақ деген , сосон жағып берейін дегем.

Жүргізуші:   Жоқ! Жоқ!    Кәнеки, балалар , мыстан апа олай істеуге болмайды.

Оны сіріңкемен жақса жанып кетеді олай істеуге болмайды.Шыршаны жағуға бізге тек Аяз Атамен Ақшақар көмектесе  алады .

Жүргізуші: Мыстан бізде бүгін Жаңа Жыл ғой біздің балалар Аяз Атамен Ақшақарды күтіп отыр сен оларды босатшы.:

Мыстан:  олай болса  менің тапсырмамды орындаңдар? маған өнерлеріңді көрсетіңдер сонда ғана босатамын мүмкін , ойланып көрермін..

Мыстан: Жарайды, жарайды, ал сендерде маған беретін қандай сыйларын бар?

Мыстан :Сонда ғана Аяз Атамен Ақшақарды Тауық жылын босатамын.

Жүргізуші : Енді не істейміз Аяз Ата мен Ақшақарсыз Жаңа Жылды қалай тойлатамыз? Шыршаның артыннан тосын сый шығады.

Ол сиқыршы:

музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!

Сиқыршы: О, мыстан, не шу шығарып жатсың?  Бүгін Жаңа Жыл мерекесі ғой балаларды қуантайық .

Сиқыршы: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі. Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе соны көруге болады.

Мыстан:  Менің тапсырмамды орындаңдар ?

Саған сыйлық берсем Аяз ата мен Ақшақарды Тауық жылын  жібересің бе?

Мыстан: Енді оны қандай сыйлық алғанымызға қарай көреміз.

Сиқыршы:Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып сиқырлы сөзді айтсам болды, не көргің келсе, соны көруге болады.

Мыстан:(ойланып,ойланып)  мынау бір керемет болды ғой,  қандай тапсырма айтсам екен деп айналып шыршаны жүреді?

Олай болса маған жақсы би көрсетіңдер?

Сиқыршы:

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Биші балалардың  өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Суф- суф- суф

Би:  «Аңдар» биі балармен бірге, Мыстанда билейді.

Мыстан:О, мынау тамаша екен. Тағы ойланып журіп  ал енді  ән айтқызып бере аласың ба?

Сиқыршы:

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Әнші  ұлдарымыздың  өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Суф- суф- суф   дегенде

Кайрат Нуртас болып Ербол  Ән айтады.

Мыстан бірге билейді. Мыналар керемет екен  мынау расымен Қайрат Нуртассын ба ? деп жақындап Ерболдан сұрайды? Керемет керемет деп қол шапалақтайды

Алдар мен Ескі жыл мына Мыстан риза болып жүр ғой , балалардың өнері ұнаған сияқты.

Мыстан тағы қандай өнерлерін бар кане көрсетіңдер ?

Сиқыршы:

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Әнші  қыздарымыздың өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Суф- суф- суф   даегенде

Айгерім Қалаубаева  – ( Айымжан ән орындайды.)

Мына балалардың өнерлері керемет екен

Мыстан тағы қандай өнерлерін бар?.

Сиқыршы:

Айнам менің, айнам,

Жан-жағыңды жайнат.

Әнші   ұлдардың өнерін,

Осында әкеп сайрат.

Суф- суф- суф   даегенде

Дос-  Мұқасан тобы шығады. 5-бала шығып орындайды.

Мыстан:Ай, тамаша, ризамын, ризамын керемет мыналар балабақшаның келешек  әншілері ғой.. Мен Аяз атаны өзім алып келемін деп кетіп бара жатқанда таяғы мен айнаны  түсіріп алады..

Айнаны мыстан өзімен бірге алып кетеді де шырша түбіне тығып кетеді.

Жүргізуші: Ал балалар, сиқыршыға рахмет айтайық.

Барлығы: Рахмет

Сиқыршы:Мыстаннан құтылғанға  қуаныштысыңдар ма?

Балалар: Өте қуаныштымыз!

Жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән орындалады

ӘН: «Аяз ата»

Жүргізуші: . Балалар, Аяз атамыз неге келмей жатыр әлгі мыстан алдап кетті ме?  Бәріміз Аяз Ата мен Ақшақарды  шақырайық.

Барлығы:Аяз ата, Ақшақар а-у-у-у-у-у-у,

Жүргізуші:

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Аяз Ата Ақшақар Жаңа Жыл кіреді:

Ақшақар:Ата жіберіңізші мені, кірмеймін үйге қайтамын.

Аяз ата:Айналайыным-ау не болды саған ,ауырып тұрған жоқсын ба?

Ақшақар:Жоқ,жоқ,ауырып тұрған жоқпын.Ешқайда бармаймын ,үйге барайық.

Аяз ата :Қызым-ау не деп тұрсын,бізге тойға келдік.Балалар көп .Амандасады:

Аяулы аналарға ардақты ұл-қыздарға.

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің!

Аталарың сендерге,

Асау желмен алысып

Шаршап келді алыстан.

Аяз Ата: – Рахмет, рахмет балаларым!
Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық..

Сол кезде Ақшақар жылап тұрып:-Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.Мыстан кемпір алып қалды ғой деймин.

Аяз ата:Ештене етпес мен өз таяғыммен жағамын.

Жүргізуші:Ақшақар сенің таяғын қандай еді?

Ақшақар: -Менің таяғым жылтырауық..Сіздер оны көрген жоқсыздар ма?

Жүргізуші:Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып,қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе?Қане балалар Ақшақарға сендер тауып беріңдерші./балалар шыршадан тауып береді/Сол кезде Сыйқыршы да айнасын тауып мен айнамды ол қай уақытта алып кетті.

Аяз ата:-Рахмет сендерге балапандарым.Кызым енді көңілін көтерілді ме?

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпа

Тауық жылы:

Жаңа жыл балаларды  жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын, ,
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

Тауық жылы мен боламын.

Жүргізуші:Аяз ата енді шыршаны жағып беріңіз, балалар көп күтті.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Аяз Ата шырша жамын жағып Жаңа жылды әрі қарай тойлатайық:

Аяз Ата : шырша шамын жағады.

ӘН: «Кішкентай шырша» үш тілде

Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.

ТАКПАҚТАР АЙТАДЫ БАЛАЛАР

Аяз Ата: өнерлерің үстем болсын қандай керемет.

( Ақшақар мен  Аяз -ата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап,мадақтайды.)

Жүргізуші:

Кішкентай  бишілерімізді  шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық

Би:  «жұлдыздар» биі ( 6-ҚЫЗ)

Жүргізуші:Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз ата бүгінгі келген күндей,

Жүздеріңнен қуаныш арылмасын

Мешін жылы : Менің сіздермен қоштасатын уақытымда келді
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2017-жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.

Келесі жыл бастауын тауыққа берейін.

Аяз ата: Дұрыс айтасың! Ал Ескі жыл,сен құтты жыл болдың! Біз ризамыз саған,Ескі жыл! Біз сенімен қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз. Ал сау бол, Ескі жыл!

Мешін жылы сау бол деп шығып кетеді.

Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып- қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.

Тауық  жылы : балалар сендер ойын ойнағыларын келеме ?

Балалар –ия ,-олай болса ойынымыз ескі жыл мешінге арналмақ.

Ойынның шарты:  «Көңілді маймылдар.»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар! Қимылмен көрсетеді,қозғалып қойған бала өз өнерін көрсетеді.
Жүргізуші : Біздің балалардың өнерің  әрі қарай тамашаланыздар.

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.ұлдарымыздың королдар биін тамашалыңыздар.

Би: Корольдар ( ұлдар)

Ақшақар : Ойын сюжеттік Ағылшын тілінде.

Ән: «Джингл белс»

Аяз Ата -Ақшақар қызым біздің сыйлығымыз қайда, балаларға сыйлық берейік .бәрі іздейді.

-Сол кезде Мыстан кемпір мен орманнан тауып алып келдим деп әдемі болып киініп келеді де,  сыйлықты табыс етеді мен жаңа жылда ешкімге жаманшылық  жасамаймын сіздер орманда сыйлықты тастап кетіпсіздер міне мен алып келдім

Мыстан айтады:

Кешіріндер, кешіріндер

Енді жаман болмаймын

Өшіргішпен өшіріндер

Менде сыйлық сыйлайын.

Аяз Ата рахмет деп айтады. Аяз ата мен Ақшақар сыйлықты таратады.

Алдар менде керемет демалып калдым жанажыл мерекесі балабақшада керемет өтеді екен , енді сендермен наурызда  жолығармын деп домбрасымен әндетіп барлығы бірге шығады.

Аяз ата: Балалар,  керемет  сендердің өнерлеріңді көріп бір дем алып қалдық.. Ойнадық, ән айтып, би биледік. Аяз – Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым?  Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!

Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар  келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар

Жүргізуші:

Асыға күткен Жаңа жыл,

Кел, Жаңа жыл,Жаңа жыл!

Жаңа заман, жаңа ойлар

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Жүргізушілер: Осымен Жаңа жыл мерекесі аяқталды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.

Аяз Ата- Айкен апай

Ақшақар – Айзат  апай

Алдар Көсе- —Карағөз

Сиқыршы-        Дана 5гр

Мыстан кемпір – Айжан апай

Тауық жылы- Аягөз 7гр

Мешін жылы-  Қырмызы  1 гр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *