Төрлет, төрлет Жаңа жыл!

Накина Гульнара Интуевна
КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:   Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Балалар  әуенмен безендірілген залға кіреді, жарты шеңбер жасап тұрады.

ӘН: «Кел, кел жаңа жыл!»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар!  Баршаңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келе жатқан мешін жылы бәріңізге бақыт,шаттық, береке, бірлік несібе әкелсін! «Балапан» тобының «Төрлет, төрле жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Төрле төрле жаңа жыл.

Айналамыз тебірене жаңа жыр.

Төрле-төрле құтты жыл,

Халыққа әр күн төгіп нұр,

Төрле, төрле құтты жыл.

 

Көңілді әуенмен Ақшақар  шығады:

Ақшақар: Ой, балалар, тоқтай тұрыңдар. Менсіз қалай мереке болады? Бәрің жиналып қалыпсыңдар. Сәлеметсіңдер ме ,достарым! Мені таныған шығарсыңдар? Мені бәрі Ақшақар деп атайды. Бәрің жиналыпсыңдар Бірақ біздің көңілді мейірімді аяз атамыз қайда жүр екен? Кешігіп жатыр ғой. Аяз ата, ау, ау. Естіп тұрсың ба, мені сені шақырып жатырмын!

Музыка ойнап залға Аққала жүгіріп шығады:

Аққала: АУ, АУ! Қазір келдім! (Шыршаны бір айналып шығады)

Ақшақар: Не болды? Бұл не ғажап? Сен кімсің, қайдан келдің?

Аққала: Мен кіммін? Мен аққаламын! Сәлеметсіңдер ме! Сендер шыршағы өте әдемі әсемдеп, мерекеге жиналыпсыңдар! Ал мені ұмытып кеттіңдер. (ренжіп) Мен сендерге ашулымын.

Ақшақар: Аққала ашуланба жан жағына қарашы балалардың бәрі әдемі. Бәріміз сенің келгеніңе қуаныштымыз. Қәне күлші енді. Балалардың дайындаған тақпақтарын тыңда.

Тақпақтар:

Нұрали:

Қала нұр, дала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында.

Ойнап барлық бала жүр.

Алуа:

Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды.

Аяз ата би билеп,

Әнімізге қосылды.

 

Мансұр:

Таяғы бар қолында.

Қар борайды соңында.

Қандай сыйлық бар екен,

Арқалаған қабында.

 

Аққала: Ох, мына жер ыстық болып кетті ой қазір еріп кетемін!

Ақшақар: Қане мен сені сиқырлайын. Қазір мен саған үрлеймін. (аққаланы айналып үрлейді)  Балалар маған көмектесіп жіберіңдер. Бәріміз желдетейік. (балалар аққаланы үрлейді)

Аққала: Шіркін ай, салқындадым. Көп рахмет! Ал енді мен ортаға өзімнің достарымды шақырамын!

Көңілді әуенге Аққала киінген ұлдар шығады.

Аққалалар би билейді.

 

Жылдам әуен ойналып залға мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Бұл не жиналыс? Неге көнілді болып жатыр, не күлкі?  Қазір сендерге мерекені көрсетемін. Бәріңді осы жерден қуып жіберемін.

Ақшақар: Тоқта, бізге қазір Аяз ата келеді, Саған көрсетеді.

Мыстан кемпір: Сендер оны күтпесеңдер де болады. Өйткені ол келмейді (ха-ха-ха) Әрине сыйлықты ешкім әкелмейді.

Ақшақар: Неге келмейді, ол уәде берген.

Мыстан кемпір: Аяз атаны алдап, қамап үлкен құлып салып қойдым. Ал ол құлыптың кілті менде! (мойынында лентамен ілініп тұрған кілтті көрсетеді) Оны мен ешкімге де бермеймін.

Әуен ойналады. Мыстан кемпір шыршаның жанына орындыққа отырады. Кілтіне қарап қызықтап, қулығы үшін өзін мақтай бастайды.

Аққала: Мыстан-ай, мыстан-ай, енді қайттік?

Ақшақар: Мыстан кемпірді ұйықтату керек. Мен қазір сиқырлы әуен қоямын.

Бесік  жыры орындалады. Мыстан кемпір шыршаның түбінде ұйықтап қалады)

Ақшақар: Ұйықтады. Аққала кілтті ал да Аяз атаны құтқар. Жүгір

Көңілді әуен ойналады. Аққала жүгіріп шығып кетеді.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мына үлкен сиқырлы қапты. Бұның ішінде не бар екен ашып көрейікші.

Қаптың ішінен сайқымазақ шығады.

Сайқымазақ:  Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жаңа жыл мерекесіне келе жатқанда мені мыстан кемпір ұстап алып осы қаптың ішіне қамап тастады. Сендер мені байқап босатқандарыңа рахмет! Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Менің де достарым осында келіп жеткен сияқты ғой келіңдер ендеше бәріміз бірге би билейік!

Би:  «Сайқымазақтар»

Жүргізуші: Балалар аяз ата келгенше қонақтарға өз өнерімізді көрсетейік.

Тақпақтар:

Ағыбай:

Мен тілеймін бар әлемге,

Жаңа бақыт жаңа жыл,

Әке –шеше ата-әже.

Құтты болсын жаңа жыл.

Дамир

Аппақ тонға оралып.

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.

Данияр:

Тамаша, тамаша.

Шыршамыз тұр жараса,

Басында  әсемжұлдызы.

Көз тоймайды қараса.

Айгерим:

Қала нұр дала нұр,

Құтты болсын жаңажыл.

Аяз атаның даусы естіледі.

Ақшақар. Естіп тұрсыңдар ма? Бұл аяз атаның дауысы бәріміз бізге аяз атаны шақырайық!

Бәрі аяз атаны шақырады.

Аяз ата: Ау, ау келдім, келдім

Әуен ойналып, залға Аяз ата кіреді.

Аяз ата: Құтты болсын балалар!

Келген жаңа жылдарың,

Үлкен болып қапсыңдар,

Еркелей ұл қыздарым!

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме қонақтар» Мерекелерің құтты болсын!

Жүргізуші:  Қәне шеңберге тұрайық,

Әннен шашу шашайық!

 

ӘН: «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз атаға тақпақтар айтып берейік.

Тақпақтар:

Абдурахман:

Тым алыстан Марстан.

Келіп аяз атамыз.

Жылды тойлап,

Билеп ойнап,

Көп қызыққа батамыз.

Аяна:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей,

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Арсен:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың,

Оранды ақ көрпеге.

Асқар тау қарлы шың.

Аделя:

Әдемілеп ілініп,

Ойыншықтар тізіліп,

Қандай жақсы шыршамыз.

Кел билейік бәріміз.

Ақшақар: Аяз ата балалар сенімен ойнағысы келеді.

Ойын: «Қатырмақ»

Ойын мақсаты: Балаларды жылдыдамдыққа баулу. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойын шаршы: Аяз ата қатарамын катырамын деп бір дене мүшені атайды. Сол кезде балалар жасырып үлгеруі тиіс. Ойын 5-6 рет қайталанады. Әр түрлі дене мүшелерін қатырады.

ӘН: «Аққала»

Осы кезде Мыстан кемпір керіліп созылып оянып кетеді.

Мыстан кемпір: Бұл не шу? Не айқай? (Мойнындағы лентаның жоқ екенін көріп) ұрлап кетті ұрлап кетті деп айқайлайды.

Аяз ата: Бұл сен мыстан кемпір, неге мені алдап қамап қойдың? Қазір мен сені қатырып тастайын. (Шыршаны айналып қуады)

Мыстан кемпір қашып келе жатыр: Тоқта, тоқта Аяз ата сендер қызық екенсіңдер бәрін мерекеге жиналып мені шақыруды ұмытып кеттіңдер! Мен ашулымын!

Ақшақар: Мыстан кемпір сен ашуланба! Қарашы айнала көңілді әдемі балалар да әдемі!

Мыстан кемпір: Бұл қалай болды сонда балалар бәрі әдемі мен сонда әдемі емеспін бе?

Ақшақар: Ол не дегенің мыстан кемпір сен өте әдемісің! Солай ғой балалар!

Мыстан кемпір: Ой мен сондай әдемімін (өз өзіне тамсанып) Балалар сендер менімен ойнайсыңдар ма? Мен сендерді қорқытпаймын Бірақ сендерді шыршаларыңның шамдары жанбай тұр ғой!

Аяз ата: Оны қазір жөндейміз! Бәріміз бірге 1-2-3 Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат» Шырша шамы жанады. Ал енді ойнайтын сәт келді

 

Ойын: «Кім сылдырмақты бірінші сылдырлатады»

Ойын шарты: 2 орындыққа сылдырмақтар қойылады. 2бала шығып кедергілерден өтіп жарысады. Кім бірінші сылдырмаққа жетіп сылдырлатса сол бала жеңіске жетеді.

 

Жүргізуші: Тамаша балалар! Ал енді біздің қыздарымыздың қандай өнерлері бар. Біздің ақшақарымыз сияқты әдемі қыздарымыздың өнерін тамашалайық!

Қыздар биі: «Жұлдыздар»

Жүргізуші: Балалар бізге біреу келе жатқан сияқты.

Көңілді әуенмен Қой мен Мешін келеді.

Қой:  Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Мен сендермен қоштасып, мешін жылына табыстамақпын!  Келесі жыл берекелі де мерекелі болсын!

Мешін: Рахмет саған! Мен келесі жылды қабыл алып, тек қана жақсылыққа толтырамын! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші:

Келесі мешін жылы тек қуаныш пен береке алып келсін деп келесі кезекті

«Мешіндер» биіне береміз.

Аяз ата: Ал балалар менің кететін кезім келді. Менің балабақшада көптеген балалар күтіп отыр.

Ақшақар: Аяз ата сен бір нәрсені ұмытып кеткен сияқтысың!

Аяз ата: ОЛ НЕ?

Ақшақар: Сыйлық

Аяз ата: Аа, қане Ақшақар менің қабым қайда? Орындықтың астынына, шыршаңың артынан да қарайды ата-аналардан сұрап көреді.

Осы кезде Мыстан кемпір шанамен сүйреп әкеледі.

Мыстан кемпір: Аяз ата, алақай міне сыйлықтар!

Аяз ата: Рахмет саған!

Аяз ата мен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып беріп қоштасып кетеді.

Жүргізуші:  Рахмет балалар! Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды! Келесі жылы кездескенше!

Leave a Reply

Your email address will not be published.