Қазақ ұлттық ойындарының топтастырылуы және олардың сипаттамасы


Әйіпқалиева Гүлжан

учащаяся 3 курса Западно Казахстанского инновационно-технологического университета

Руководитель: профессор, кандидат химических наук Джумакаева Баян Сабировна

Қимыл ойындарының алуан түрлі болуы баяғыдан-ақ қимыл ойындарын зерттеушілер мен құрастырушыларды ойындарды топтап, жіктеу, оларды саралау қажеттігіне әкәледі.

Педагогикалық әдебиетке талдау жасаған кезде қимыл ойындарын саралау, топтастыру тұрғыснда мынадай жалпы бағыт байқалып отырады: оларды қарапайым және күрделі; актив және пассив; ырықты және ырықсыз; жасына қарайғы принцип бойынша ойындарға бөлу. Мысалы, Е.А.Покровский қимыл ойындарын «… ақыл-ой және дене бағыты бойынша жіктеуді» ұсынады. П.Ф.Лесгафт «… ойындарды олардың организмге дене ықпалын көрсету белгілері бойынша саралау қажет» деп есептейді. Д.А.Колоц қимыл ойындарын жеке, жарыс, жауапкерлік және арнайы деп бөлу мен саралауды дұрыс деп санайды. А.Б.Леонтьеваның еңбегіне ойындарды мынадай белгілері бойынша айқындауға және саралауға көмектесетін  өзгеше бір анықтағыш табамыз: өндірістік және тұрмыстық дағдылармен байланысты ойындар: доп ойындары; соғыс ойындары; жаттығу оцындары. Қимыл ойындарының маңызын, сондай-ақ сипатын, оларды пайдаланудағы сабақтастықты анықтау үшін, Е.М, Гельфман мен С.А. Шмаков,[12]мынадай саралауды ұсынады: зейін бөлетін ойындар; уақытты бағалауға үйрететін ойындар; баланың жеке мүмкіндіктерін ашып көрсететін ойындар; көз өлшемін дайындайтын ойындар; байқаушылыққа жаттықтыратын ойындар; қимыл реакциясы мен үйлесімін жылдамдататын ойындар;  балалардың эмоциясы мен сезіміне әсер ететін ойындар.

Сондай-ақ біз әр түрлі ұлттық ойындарды зерттеу мәселелерімен айналысып жүрген мамандардың көзқарастарын айқындап алуға тырыстық және айқындамаларды анықтадық.

Қазақ ұлттық ойындары сияқты дене мәдениетінің осындай халықтық құралдарына алғаш рет жүйелеу бағытын біз М. Гунндердің, [13]еңбектерінен таптық, ол өзі жинаған қазақ ұлттық ойындарйн ескере отырып, оларды мынадай белгілері бойынша саралауды, топтастыруды ұсынды: жалпы сипаттағы ойындар; кедергі және күрес элементтері бар ойындар; ашық жерлердегі ойындар; қысқы уақыттағы ойындар; демалысқа арналған ойындар; ат спорты ойындары; аттракцион ойындары. Мұндай ұсынысты автор қимыл ойындарының ережелерін сипаттау негізінде жасайды.             М. Гун-нер,[13]арнайы сөз етпестен, қазақ ұлттық ойындары мен спорттық ойындарының арасында шектеу келтіреді.

Қазақ ұлттық ойындары мен олардың түрлерін саралау                             М.П. Тәнекеевтің, [3]арнайы зерттеулерінің нысанасы болды. Бұл автор қазақ ұлттық ойындарының қалыптасуы мен болу жолдарын қарастырумен қатар, көпшілігін ұлттық ойындары мен спорт түрлерін екі үлкен топқа бөлуге ұсыныс жасайды:

а) ат спортының түрлері;

ә) атқа мініп жүруге байланысты ойындар.

Б.П. Төтенаев,[2]бірегей топтастыру, саралау жасайды, ол ұлттық қимыл ойындарын жастық басқыштарына айрықша назар аудара отырып, қазақ халқының ұлттық өмірінің аясында қарастырады.

Оның саралау жүйесінің ерекшеліктері де осымен айқындалады. Автор қазақ халқының ұлттық қимыл ойындарын 2 үлкен топқа бөлуді ұсынады:

1)              салт-тұрмыс негізінде пайда болған ойындар;

2)              жастар ойындары мен қимыл ойындары.

Бірінші топтың құрымында ол мынадай ішкі топтарды бөліп көрсетеді: а) мерекелік ойындар; ә) қазақша күрес.

Осы топтың құрамында ол егіншілік тұрмысымен байланысты ойындарды бөліп көрсетеді. Бұл жерде ұлттық қимыл ойындарын тұрмыстық сипаттағыойындармен араластыру жөнінде өзгеше көзқарасты қарауға болады.

Екінші топта зерттеуші мынадай кіші топтарды бөліп көрсетеді:

а) 1 жастағы балаларға арналған ойындар;

ә) балалардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтармен ойындар;

б) халықтық құралдарды пайдалануға байланысты ойындар;

в) жануарлардың мінез-құлықтарына еліктеуге байланысты ойындар;

г) материалдық заттарды пайдалануға байланысты ойындар;

д) саймандарды пайдаланбайтын ойындар;

е) қимыл ойындар.

Біздің сеніміміз бойынша, топтастыруға, саралауға мұндай көзқарастың бірегейлі жоралғылық ойындарды қарастыру саласын қосып алу отырып, олардың ықпал ету диапазонына сипаттамасы елеулі түрде толықтырады.

Е.С.Сағындықов, [5]қазақ ұлттық ойындарын математика, ана тілі сабақтарында, кластан тыс және оқудан тыс тәрбиелік жұмыстарды қолдану проблемасые зерттей келіп, пайдаланатын ойындар сипаты мен мазмұны жағынан жан-жақты болып келіп, өзіне жаңа көзқарасты қажет ететіндігін айқындайды. Қалыптасқан жағдайда байланысты автор ойындарды көпшілікке тарауына байланысты жүйелеп, қимыл ойындарын мынадай үш топ бойынша топтастыруды ұсынады:

а) көңіл көтеретін қимыл ойындары;

ә) денешынықтыру спорт ойындары;

б) ойлау қабілетін дайындайтын ойындар.

Қазіргі заманғы педагогикалық процесте қазақ ұлттық нысандарын енгізу жағдайларын қарастыра келіп, Ж.Т. Төлегенов, [14]автордың пікірінше, қабылданылып жүрген ойындарды ұтымды  топтастыруға мүмкіндік беретін қазақ ұлттық ойындарын саралауды ұсынады. Ол ұсынған саралау алты топты қарастырады:

– қимыл жылдамдығын, ептілік пен үйлесімділікті дамытуға бағытталған ойындар;

– күшті, төзімділікті дамытатын ойындар;

– зейін мен қимыл реакциясына тәрбиелейтін ойындар;

– лақтыру қимылын дамытатын ойындары;

– негізгі қимылдық сапаларды кешенді дамытуға байланысты ойындар.

Ұсынылып отырған саралаудан көрінетіндей, Ж.П. Төлегеновтың, [14]негізгі принципі – бұл дене сапаларын дамтыуға белгілі бір ойындардың ықпал етуін зерттеу. Сонымен бірге негізгі қимылдық сапалардың кешенді дамуымен бірге ойындар топтастырылатын 6- топта ол ойындарды қалған барлық ойындар топтарына да жатқызуға болады. Қимыл ойындарын бөлу кезіндегі мұндай әмбебаптық, біздің ойымызша, онша орынды емес және ойындардың нақты міндеттерін білу үшін саралауда өзгеше көзқарасты қажет етеді.

Сонымен, әр түрлі қимыл ойындарын саралаумен айналысатын авторлардың, ғалымдардың айқындамаларына баға беруге болады. Олардың нық сенімі бойынша, оқу-тәрбие жұмысында жүргізілетін оң нәтижелерге ойындарды мұқият топтастырған кезде ғана жетуге болады.[1].

Төменде кейбір ұлттық ойындарынын сипаттамасына тоқталуға жөн көрдік.

Ұшты-ұшты

Ойын бастауышы айнала отырған ойнаушыларды жаңылыстыру үшін ұшатын ұшпайтын нәрселерді араластыра тез-тез «ұшты-ұшты» сөзін айтады. Шарт бойынша тек ұшатын нәрсе аталған ғана ойнаушылар қолдарын көтеруі керек. Ал кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айып тартады: не өлең айтады, не би билейді, не болмаса басқа өнер көрсетеді.

Мысалы:

– Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты (ұшады).

– Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты (ұшпайды).

– Ұшты-ұшты – үкі ұшты (ұшады).

– Ұшты-ұшты – үйрек ұшты (ұшады).

– Ұшты-ұшты – тырна ұшты (ұшады).

– Ұшты-ұшты – тырма ұшты (ұшпайды).

 

Тепе-тендік

Бұл ойынды ойнау үшін жұмыр ағаштың үстіне тақтайды көлденеңінен тепе-тең қалыпқа келтіріп қояды. Ойынды жүргізуші оң қолына құм салынған, ал сол қолына бос тостаған ұстап, тепе-тең жағдайға келтірілген тақтайдың ортасына шығып, құмды сол қолындағы бос тостағанға төгіп-шашпай құюы керек. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындаған ойынша жүлдеге ие болады.

Ақ сандық, көк сандық

Балалар екі-екіден тұрып, бір-бірімен күштерін салыстыруға үйренеді. Олардың тіл байлығы артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш-қайраты дамып, қимылы сапаланып, жақсарады.

Мазмұны. Ойыншылар санау арқылы екі-екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады.

Басқарушының берген белгісінен кейін, олар бір-біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп, алуға тырысады. Кімде-кім қарсыласын бірінші боп көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрай бастайды:

«Аты жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алғаннан соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді.

Келесі жолы күш сынаспай-ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады.

Ойын басқарушының қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында басқарушы қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді.

Ойынның ережесі. Күштері бір-бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады.

«Теңге» алу.

Балалар ұлттық ойын түрлерімен, олардың жаттығу әдістерімен жақын танысады. Өздері ойнап жаттығады. Қимыл-қозғалыс икемділіктері артып, денелерін ықшам алып жүруге дағдыланады. Шапшаң қимылдауға, жүгіру, кезінде қосымша жаттығулар жасауға үйренеді.

Мазмұны. Ойыншылар санау арқылы 2-3 топқа бөлініп, топтар апаңның бір шетіндегі сызықтан кейін тұрады. Әр топтың алдында 15-25 м жерде ойыншылар саны қанша болса, сонша «теңгелер» (құм салған қалташалар) жатады. Одан 15-25 м қашықтыққа белгі қойылады.

Ойын басқарушының «Бір! Екі! Бастаңдар!» деген бұйрығынан кейін, әр топта бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Көп кідірмей, бір «теңгені» алып, белгіні айналып, екінші баланың алақанына соғу арқылы ойын кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады.

Ойын осылай топтағы (командадағы) барлық бала ойнап шыққанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай ойнаған және ұймшылдық пен шапшаңдық көрсеткен команда жеңген болып саналады.

Ойынның ережесі. Командалар саны балалардың көп, не аз болуына байланысты болады. Әр команда 6-7 баладан болуы мүмкін. «Теңгені» тоқтамай, тез алып өту керек.

Бұл ойынды ойдағыдай өткізу үшін алдын ала балалар мынадай жаттығулар жасау керек:

– жүгіріп келе жатып, жатқан заттарды іліп алу;

– сәл еңкейіп жүгіру;

– жүгіріп келе жатып, екі қолды жерге кезек тигізу.

Жаяу көкпар

Ойын күні бұрын белгіленген орында өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды (түйілген орамалды) екі жүз, төрт.

Білектесу

Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі бала оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстап алған екі палуан ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге (жатқызуға) ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.

Байқап қал!

Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатынасады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. Олар стол үстіне 15-20 ұсақ нәрселерді (қалам, түрлі ойыншық, кішкене сурет т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады, екі жағының топ басқарушылары өзгелерге көрсетпей стол үстіндегі нәрселердің тізімін жазып алады. Балаларға бір минут қаратқаннан кейін оларды шығарып жіберіп, өздері көрген нәрселердің тізімін жазып келулерін тапсырады. Қай топтың балалары стол үстінен көрген нәрселердің түрін көп жазып келсе, сол топ ұтқан болып саналады. Ойын көру, ойда сақтау қабілетін жетілдіре түседі.

Дәл басу

Бұл ойыншының көп аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған сол, бір бала тас не кішкене орындық сықылды затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15-20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала қадамдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады.

Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.

Ойынның шарты түсінікті болу үшін, әрбір ойыншының тұрған жерін бормен беліглеп қойса да болады. Сөйтіп, орнынан айрылған ойыншы ойын жүргізуші болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойыншы ойнағанда әрбір қабырғаға екі адамнан тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.

Қарагие

Қарагие –жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгалды жерде, алаңдарда ойналады. Ойынға барлық бала қатыса алады. Әр ойыншының қарағайдан  немесе қайыңнан жонылған ұзындығы 2-2,5 метр бір басы үшін сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап келтіріп алу керек, сонда мұқалмайды.

Ойын жүргізуші көмбеден 15-20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты – әрбір ойыншы белгіленген қашықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ұтқан болып саналады.

Әріп таңдау

Ойнаушы балалар дөнгелене отырады. Бұлардың ішіндегі ересектеі ойын басқарушы болады. Өзгелерге сұрақ қоятын да сол.

Ойын былай ойналады: әркім өзіне бір әріпті А, Б, В, Г, Д немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:

–         Сен қандай әріпті алдың?

–         А.

Ойыншы бала басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.

–         Сенің атың кім?

–         Азат.

–         Фамилияң кім?

–         Алимбаев.

–         Қайдан келдің?

–         Атыраудан.

–         Қайда барасын?

–         Алматыға.

–         Немен барасың?

–         Автобуспен.

–         Онда не өседі?

–         Алма.

–         Тағы не өседі?

Арқан тарту (1-түрі)

Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшытүйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.

Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің берген командасы бойынша «бір, екі» деп санап шығады. Содан кейін «бір» дегендері бір жаққа, «екі» дегендері екінші жаққа бөлінеді.

Арқанның өызыл мата байланған жерін күні еденге немесе сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынның мақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағын тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады.

Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықпен өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі.

Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады.

Жаяу тартыс

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі ұшы біріктіріп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – екі ойыншының біреуі екіншісін белгіленген межеге дейін тартып алып бару. Қайсысы бұрын межеге жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылайша ойнаушылардың барлығы тартысып болғаннан кейін ғана ең көп ұпай жинап жеңіске жеткен ойыншыны анықтап, жариялайды.

Арқан тарту (2-түрі)

Орын мен жабдық: алаң, зал, дәліз. Ойын үшін 8-10 м арқан керек. Жерге әрқайсысының аралығы 2-3 м үш параллель сызық сызылады. 8-10 м-лік арқанның ортасына қызыл, көк немесе т.б. түсті жүберек байланады. Ол орталық сызыққа дәл келтіріп қойылады. Ойнаушылар екі командаға бөлініп, арқанның ортасынан 1 м қашықта арқанның екі жағына бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

Ойынның түсініктемесі. Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. Үш рет тартқаннан кейін екі немесе үш ретінде де арқанды өз жағына тартып шығарған команда жеңеді.

Даусынан біл

Ойынға қатысушылар тегіс алаңға немесе мектеп ауласына жиналады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Орталарынан бір баланы қаламақ арқылы бөліп, көзін байлайды да, топтан шығарып, қалғандары өол ұстасып шеңбер бойымен айнала жүріп, өлең айтады. Екінші топтан бір бала шығып, көзін байлаған баланың қарсы алдына келіп, айтылған өлеңнің бір сөйлемін, не бір сөзін айтады. Көзін байлаған бала қарсындағы баланы таныса, оның көзін байлап, өз орына тастап кетеді. Кім екенін білмесе, ойын сол күйінде ойнала береді.

Осы ойынды басқаша ойнауға да болады. Көзін байлаған баланың қолына бір таяқ беріп, қалғандары айнала жүгіреді. Көзі байлауы бала қол ұстасып айнала жүргендерге «Тоқта» дегенде өзгелері тоқтай қалады.

Қанды-сандық

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып, шынтақтарын айқастырады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп, бірін-бірі жерден көтеріп алу әрекетіне кіріседі. Жерден қайсысы бүрін көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі.

Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай бір ойыншы жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Кім көп көтерсе, сол ойыншы жеңіске жетеді.

Ақ сандық, көк сандық

Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептін кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатысушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,

Уық бауын шешеді,

Қара қойым қашады,

Құмалағын шашады.

Ақ сандық, көк сандық

Арқан тарт, кілем арт!»- дейді.

Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстаса шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына шығады да ойнаушыларды 1-ден бастап түгел нөмерлеп шығады. Сонан соң ойынның ережесі түсіндіреді. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмерді атап, таяқты жібере салады. Ал аталған нөмірлі бала таяқты құлатпай ұстап қалуы керек. Ойынды одан әрі жалғастыру немесе жалғастырмау ойыншылардың еркінде. Ойыншылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.

Тапшы, кімнің дайысы?

Шеңберді бойлай тұрған ойнаушылардың бірі ортаға шығып, көзін байлайды да, ойын басқарушының рөлін атқарады. Ал қалғаны:

–         «Секір-секір» деген кім?

Білгіш болсаң, таба ғой.

Тауып ала да, өзін көп,

Сол орынға тұра ғой, –

деген тақпақты айтып, шеңбер бойымен айнала жүгіреді. Осындағы «секір-секір» деген сөзді басқарушы белгіленген оқушы ғана айтады. Балалар өлең шумағын толық айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір-секір» деп айтқан баланы табуға көшеді.

Аңшылар мен қояндар

Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнай беруге болады (жаздыгүні доппен, қыста жентектелген қармен).

Ойынға жиналғанда екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болуы керек.

Бір-бірінен қашықтығы 50-100 адымдай екі жерге шеңбер сызылады. Қояндар сол екі  шеңбердің біріне – «інге» орналасады.

Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың «інін» тықырлатып қаза бастайды (жерді аяқтарымен дүңкілдетеді). Сол кезде қояндар өз «інінен» атып шығып, екінші шеңберге («інге») қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды доппен «ата бастайды». Екінші «інге» (шеңберге) жеткенше тағы шығады да, ойын басқарушымен орны ауыстырады. Таба алмаса, ойынды өзі жалғастырады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.

Жігіт қуу

Ойын көгалда, алаңда, үлкен бөлмеде немесе залда 10-12 адамның қатысуымен өтеді. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, бір-бірінен бес адым қашық жерде бір бағытқа қарап сапқа тұрады. Қарама-қарсы жақтағы 15-20 метр қашықтыққа екі жалауша тігіледі де, дәл ортасына белбеу тасталады. Ойын жүргізушінің белгісімен әр топтан бір-бір ойыншы жүгіре шығып, қайсысы белбеуді бұрын алып үлгірсе, ол екінші ойыншыны өз тобына жеткенше қуа ұрып барып, сол топтың алдына белбеуді тастап, келген ізімен өз тобына қайтады.

Белбеуді жаңаға қашқан ойыншы ала салып, өз тобына қайтқан ойыншыны жалаушаларға жеткенше қуа ұрып барады да, бастапқы орнына тастап, кері қайтады. Ойын қорытындысында қай команда белбеумен ұру арқылы көп ұпай жинаса, сол команда ұтқан болып есептеледі.

Әуе таяқ

Ойын ережесі бойынша ойнаушылар бірнеше топқа бөлінеді. Олардың біреуі таяғын іуелете лақтырып, екіншісі өз таяғымен көздеп тигізу керек. Таяқты лақтырушы мен көздеуші жеребе бойыншы анықталады. Егер ойыншылар екі топқа бөлінсе, таяқтарын көп тигізген топ жеңген болып есептеледі.

Күзетшілер

Бұл ойынға қанша бала болса да қатыса алады. Екі ойыншы қақпаның күзетшілері болады. Екеуінің де көзі орамалмен байланады да, аралары бір адымдай қашықтықта қолдарын айқастыра ұстап, қарама-қарсы «көпір» жасап тұрады.

Басқа балалар бір-бірлеп күзетшілер күзеткен қақпадан екеінің ортасы арқылы білдірмей өтіп кетуге тиіс. Күзетшілердің сыртынан айналып өтуге болмайды. Егер күзетшілердің біреуі өтіп бара жатқанын сезіп қойса, оған қолын тизігеді, яғни ол ұсталып, қалған болып есептеледі. Ұсталып қалған ойыншы өзін ұстаған ойыншымен орын ауыстырады. Қақпадан үш рет білдірмей өткен ойыншыға жүлде беріледі.

Аңшылар (1 түрі)

Бұл ойын екі топтық командалардың жарысы ретінде де ойналады, бұдан шыққан топ ойыннан ұтылған болады (жалғыз қалған ойыншыға сыйлық беруге болады). Ойын жүргізуші күні бұрын сызылған шеңбердің бойына үш жерге үш ойыншыны тұрғызады, оларға бір-бірден доп беріледі, бұлар  «аңшылар». Қалған балалар – «үйректер» – шеңбердің ішіне орналасады. Ойын жүргізуші «тоқта» деген кезде, «үйректердің» бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптармен «үйректерді» көздеп ұра бастайды. «Үйректер» доптан бұлтара қашып, оны өздеріне тигізбеуге тырысады. Ойын «үйректердің» бәрі ойыннан шыққанша созылады да, келесі ойынды «үйректер» мен «аңшылар» орын ауыстырады.

Аңшылар (11 түрі)

Ойыншылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі –  «үйректер» – шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» – шеңбердің бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – үйректерді доппен көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар допты лақтырып үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшерінде ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.

Қап киіп жарысу

Ойын ашық алаңда немесе спортзалда өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілсе, оған қатысушылардан 50 метрдей жерден мәре жасайды. Ал ойын залда өтетін болса, мәре бар мүмкіндікке қарай жасалады. Жарысатын қашықтықтың ені 1,5 м- дей болады және ол жерге 4-5 қатар жолақ жол сызылып қойылады. Сол жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша жүгіру сызығына келіп қатарласып тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Әрқайсысы жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай секіректей жүгіреді.

Осы ретпен ойын қайталана береді. Оған барлық талапкерлер кезектесіп қатысады. Ойынның мақсаты – мәреге өзгеден бұрын  жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Бөлбеу тастау

Ойыншылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 м қашықтықтағы екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші топтың бір ойыншысына қолындағы орамалды беріп, өзі ойынның барысын бақылайды. Ал орамалды алған ойыншы жүгіріп екінші топқа барып, бір қыздың (немесе баланың) артына орамалды білдірмей тастайды да, өз тобына қарай жүгіреді. Артына тасталған орамалды байқап қалған ойыншы орамал тастаған ойыншыны қуып жетіп, орамалмен ұрса, онда әлгі ойыншыны өз тобына әкеліп қосады. Ал қуып жете алмаса, өзі қарсы топқа барып қосылады. Келесі ойын кезегі екінші топтың бір ойыншысына беріледі. Осылайша барлық ойыншы орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша ойын жалғаса береді. Соңында қай топтың саны болып шықса, сол топ жеңіске жетеді.

Қарғымақ

Бұл ескіден келе жатқан қазақтың ұлттық ойыны. Оны көбінесе жылышылар мен бие сауушылар желі басында ойнататын болған. Ойынның мәні, мақсаты осы күнге биіктікке секіру, алысқа секіру, сырыққа таяна секіру спорт ойындарымен шендеседі. Ойын түрлері:

1.     Биіктік мөлшерін дәлдеп алып, керіп ұстаған жіптен жүгіріп келіп қарғып, ар жағына барып түседі.

2.     Белгілі биіктік мөлшерінде керіліп қойылған жіптен қолына ұстаған сырыққа сүйене, оның бір басын жерге тіреп, бүкіл денесін өз күш екпінімен жоғары серпілте қарғиды.

3.     Осындай әдістердің бірімен ара қашықтығы өлшеніп, белгі жасап қойған тегіс жерден секіреді. Қарғымақ ойналатын алаң не ұсақ құм, не ағаш ұнтағы төселген жұмсақ болуы шарт. Кім биік және алықса секірсе белінгенген жүлдені сол алады.

 

Дауыста, атыңды айтам

 

Ойыншылар, қол ұстап, дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұраған ойыншылардыңк кез келген біреуіне ұсынып- дауысты, атынды айтам, – дейді. Таяқтың екінші ұшын ұстаған ойыншы атын біліп қоймас дауысын әдейі бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады). Көзі байлаған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесі балаға ұсынады. Осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса ойыннан шығып қалады.

Орамал тастау

Ойыншылар екі топқа тең бөлініп, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға (шеренга) тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншысына береді. Ол орамалды қарсы қатардағылардың біреуіне тастайды да: «Қа», деп дауыстайды, ал орамал тасталған ойыншы оны қағып алып «ғаз» -, дейді, болмаса «да», -дейді. Сонда қағаз, қада т.б. сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы, «са» деп дауыстаса –са-дақ, са-қа, са-бын, т.б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынға қосылып атау сөз шығатындай екінші буынды уақытында, тауып алмаса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Одан кейін орамалды осылайша бір-біріне лақтырып ойынды жалғастыра береді.

Ойыншылар екі топқа тең бөлініп, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға (шеренга) тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншысына береді. Ол орамалды қарсы қатардағылардың біреуіне тастайды да: «Қа», деп дауыстайды, ал орамал тасталған ойыншы оны қағып алып «ғаз» -, дейді, болмаса «да», -дейді. Сонда қағаз, қада т.б. сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы, «са» деп дауыстаса –са-дақ, са-қа, са-бын, т.б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынға қосылып атау сөз шығатындай екінші буынды уақытында, тауып алмаса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Одан кейін орамалды осылайша бір-біріне лақтырып ойынды жалғастыра береді.

 

Күміс алу

Қазақстанда, Орта Азияда, Кавказ халықтарында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардан ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні – атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі мәжелерге көміліп қойылған күміс теңгені, кейде бірнеше теңгелерді іліп алуы тиіс. Кейде жігіттер осындай тамаша тартыс үстінде өздерінің ат байырында ойнайтын өте күрделі акробатикалық өнерлерінде жұртшылық сарабына салады.

Қыз қуу

Қыз қуу ойыны біртегіс, жұмсақ топырақты жазық жерде өткізіледі. Мәрінің  қашықтығы 300-400 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетін алаңның қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қыздар мен жігіттер екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре сызығында қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылар бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап сүюге міндетті. Ал, жігіт оған үлгірмей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гүлеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқылығын, сынаптай сырғыған ептілігін, шабандоздық шеберлікті таныта білулері керек.

1.2 бөлімін қорытындылай келе мынадай пікірлерді анықтадық. Әдебиет талдаудың нәтижелеріне сүйеніп, қазақ ұлттық ойындарын топтастырудың бірнеше бағыттары анықталады:

Қазақ ұлттық ойындары мен олардың түрлерін топтастыру М.П.Тәнекеевтің зерттеулері бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:

а) ат спортының түрлері;

ә) атқа мініп жүруге байланысты ойындар.

Б.Т. Төтенаев[2]ұлттық қимыл ойындарды 2 үлкен топқа бөлуді ұсынды:

1. Салт-тұрмыс негізінде пайда болған ойындар.

2. Жастар ойындар мен қимыл ойындары.

Е.Сағындықов[5]қимыл ойындарды 2 топ бойынша саралауды ұсынды:

а) көңіл көтеретін қимыл ойындары;

ә) денешынықтыру спорт ойындары.

Аталынып кеткен ойындар жүйеге келтірілді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *