Бала бақшамен қоштасу


Аугапасова Лаура Темирбековна
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы № 1 «Арман» бала бақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі

Бұлақ көрсе,көзін аша білетін

Бала десе,бірге ойнап күлетін

Тәрбиеші Жанар апай көрікті

Мейіріммен елжіретер жүректі

Ортаға шақырайықшы біз оны

Жанар Ғазизқызын қарсы алайық!

 

Тәрбие мен білімді

Қоса берген балаға

Лаура Темірбекқызындай

Көп болсын арада

Күнде ертемен күлімдеп

Қарсы алып тұрады

Әр бүлдіршін ол үшін

Атар күннің шуағы

Жаста болса іскер,әрі өнерлі

Жүректерде күй қалдырған әсерлі

Шақырайық зор құрметпен ортаға

Тәрбиеші Лаура Темірбекқызын!

 

1-ші жүргізуші сөзі:

Біз сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім көздеріңнен нұр тұнды

Бізбен ұшып қанат қағып есейдіңдер

Өздеріңнен қоштасатын күн туды

 

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар

Жүректерден арман отын жағыңдар

Жақсы оқып алтын ұя мектепте

Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар

 

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін

Өздеріңді сағынып біз жүретін

Құтты болсын қадамдарын аттаған

Біз сіздерге сәт сапар тілейік

 

2- ші жүргізуші сөзі:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кезімізді бастайық

Жүздеріңнен көркем шаттық арайы,

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

 

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып қошеметтеп шақырайықшы

Балдырған бүлдіршін түлектерді

«Моншақ» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.

 

Музыка әуенімен ортаға балалар кіреді.(шармен)

Ортаға екі ұл бала шығып қыздарды таныстырады.

Ансар:

Мен біздің топтарына қыздарына қайран қалам,

Жанары жаздай жайраңдаған

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам

Жүзің қандай  Адия

Көңіліне қарасақ,тұнып тұрған бұлақтай.

 

Нурай неткен көңілді

Жүзінен бір нұр төгілді

 

Бойына өнер жинаған

Адия қызымыз өнерлі

 

Ақерке қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

 

Бейбарыс:

Достарына жанашыр

Көркем неткен Айым

 

Бақшамыздың сұлуы

Әдемі қыз Аделя

 

Саусағынан бал тамған

Жаны жайсаң Медина

 

Айдай көркем Мадина

Сұлулықпен жарқыра

 

Ақылымен қалайда

Үлгі болар талайға

бақшамызға көрік берген

Қыздар біздің осында.

 

Адия:

Біздің топтың ұлдары ғажап неткен

Сұлулықты өнерді қанат еткен

8 қырлы  1 сырлы барлығы да

Оларға ай қызығар қарап өткен

 

Тірегі болар елімнің

Сенсің Ансар сенерім

 

Жақсы оқып сабақты

Бейбарыс болар ақылды

 

Әділдікке жаны дос

Сері жігіт Алихан

 

Арыстандай айбатты

Алишер  бала қайратты.

 

Әдепті ,сымбатты.

Біздің Асхат көрікті

 

Ұлжан:

Керемет суреттер салады,

Адият ұлы суретші болады.

 

Айбыны болар елімнің

Алдияр арманы ғой жерімнің

 

Қамқоршысы әлемнің

Аты жарқын Мадиярдың

 

Өзі батыр ,өзі қайсар төзімді

Жігіт бар ма Ахмедтей көрікті

 

Көздерінде жалын бар

Мансур деген батыр бар

 

Біз сенеміз сендерге

Бақша атын аспанға

Шығарар олар бір таңда.

 

Ортаға Диляра мен Алдияр шығады:

 

Диляра:

-Армысыздар,ұстаздар,әз жандар!Білім іздеп инемен құдық қазғандар!

Алдияр:

-Армысыздар,аяулы ата-аналар,қадірменді қонақтар.

Диляра:

-Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,би билеп,ән де бүгін айтылады.

Алдияр:

-Біз бүгін тәлім-тәрбие берген тәрбиешілерге және «Арман» балабақша ұжымына алғыс айту салтанатына жиналып отырмыз.

Диляра:

-Жанымызға білімнің жарықсәулесін сыйлаған балабақшаға алғысымызды айтамыз.

Екеуі:

-Сонымен «Қош бол,балабақша» атты ертеңгіліміз ашық деп жариялаймыз.

 

Ұлжан:

Әніміз қандай әдемі

Биіміз қандай әдемі

Біз бақытты балдырған

Көркейткен сонау әлемді

Ән «Тәрбиеші»

 

Адия:

Алдындағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады-дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

 

Тақпақтар:

 

Ақерке:

Қызық күндер өткіздік,

Балабақша бағында

Көп оқыдық көп білдік

Ел мен Отан жайында

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз, сағынып

Қашық та болса арамыз,

Бақшаға келіп тұрамыз.

 

Асхат:

Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамыз

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы мол шуақты

Өз үйіміз сияқты.

 

Айым:

Балабақша,балабақша

шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуанышы мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

 

Алишер:

Жерде ақ қар жатса да,

Асыр салып ақпанда

Күнде ертемен бақшаға

Келетінбіз ақ таңда

Ана тілін ардақтап

Ана тілді біз сүйдік

Сурет салып,ән жаттап

Оқып жазып үйрендік

 

(Осы кезде қыздар биге дайындалады)

 

Алихан:

Әндетейік,жырлайық,

Биден шашу шашайық

Би : «Ару қыздар»

 

Білім әлеміне саяхат

 

Ансар:

Қанша бала,қанша қыз

Бір шоқ гүлміз баршамыз

Ойын күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз!

Ән: «Балабақша»

 

Тақпақтар:

Нурай:

Өсті біздің бойымыз,

Өсті қиял ойымыз,

Бақшамыздың төрінде,

Қызық – думан тойымыз!

Отан қамқор анамыз

Біз бақытты баламыз

Шаттық берген өмірде

Шамшырақтай жанамыз!

Біздер алты жастамыз,

Сәбилікпен асқанбыз!

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол,әсем бақшамыз!

 

Адият:

Қуан шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін

Балабақшамен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

 

Медина:

Өзіңнен көп дос таптым

бауыр баса бастаппын

тәрбиешілер мейірбан,

Келмей тұр енді қоштасқым

тәрбие берген ұямыз

тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балбақшамен

Біріншіге барамын

 

Аделя:

Балабақша есігін

Сәби болып ашқанбыз

Балапандай мәпелеп,

Өсіреді бақшамыз.

Бұл – екінші үйіміз

Біз туғанбыз бәріміз

Біз – осы үйдің гүліміз

Біз – осы  үйдің сәніміз.

 

Алихан:

Болсын кіші бойымыз

Биікке ұшты ойымыз

Бүлдіршінбіз бақытты

Тойға ұласқан тойымыз!

Біз бейбіт ел ұланы

Өнер,білім ұраны

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.

Мадияр:

Бақша -біздің панамыз

Мектеп -біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Білім алып барамыз

 

Ән: (Ағылшын тілінен )

 

Нурай:

Бүгін қызық ,бүгін той

Біздер үшін біліп қой

Ән де салып,би билеп

Жалғастырсын ойды-ой

Би «Танго»

 

Тақпақтар:

Диляра:

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып

Мектепке барам енді мен

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып балабақшамен

Біріншіге барамыз

Алда талай өтермін

Өмірдің зор сынағын

Мақсатыма жетермін

Өнегеңмен мұғалім!

 

Адия:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз

Өнер білім үйреткен

Өзіңізді қимаймыз

Мектепке енді барамыз

Оқимыз сауық құрамыз

Қашық та болса арамыз

Сіздерге келіп тұрамыз.

 

Мансур:

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл- қызын,

Анамызды ерекше

Қуантамыз біз бүгін,

Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер – қаламым,

Таңғалдырып достарымды,

Мен мектепке барамын.

 

Мадина:

Біз бұл күнді күткенбіз

Сағынумен сан апта

Керек жарақ тіпті көп

Дайын ба достар сабаққа?

Бөбекті мектеп қабылда

Дайынбыз білім алуға.

 

Алдияр :

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ержетті деп бөбегім

Туған Отан қуансын.

Туған дала қуансын

Биде билеп,ән салып

Саяхатқа бір барып

Ертегілер тыңдадық

 

Ахмед:

Ботақаным,құлын деп

Еркелеткен ұл қызын

Әке -ана сіздерді

Қуантамыз біз бүгін

 

Ойын:

 

Флешмоб: (Ата -аналар)

 

Ойын (Ата аналармен)

«Қызын балабақшаға дайындау»

 

Құттықтау  тақпақтары:

Құрметті ата -аналар!Бүгін біздің балалар балабақшамен қимастықпен қоштасуда.Бүгінгі сәт есте қаларлықтай әсерлі болсын деген ниетпен мерекемізді одан әрі жалғастырамыз.Келесі кезекте балабақша қызметкерлеріне арналған балалар лебізін қабыл алыңыздар!

 

Адия

Орын берген бақшадан

Директорымыз жақсы адам

Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы

Бала жаны бағбаны

Меңгерушісіне бақшаның

риза ата ана да

Көп әйгілі атағы

Ұмытпаймыз ешқашан

Сондықтан да біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Айсулу Еркінқызына

Айтамыз мың алғыс!

 

Диляра:

Ақпараттық жүйені

жетік бізге меңгерткен

Барлық әлем сырларын

Білсін деп бізге үйреткен

Айнагүл Хамитқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

 

Айым:

Жайдары жүз,ай қабақ,

Жүреді бізді аймалап,

Тобымызға жиі кеп

Білгенін бізге үйретіп

Ақыл айтып тұратын

Айбарша Елубайқызына мың алғыс!

 

Медина:

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген

Лаура Темірбекқызына

замзагуль Санаққызына

Бәріміз айтамыз мың алғыс!

 

Медина :

Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тағам ұсынған

Бала болып ойнаған

Апайлар жоқта қараған

Алма апайға мың алғыс

Аделя:

Дене шынықтыру сабағын

Асыға күтіп тұрамыз

Айтқан тілін аламыз

Айгүл Тұрғынбекқызына

Айтамыз мың алғыс

 

Ұлжан:

Күнде зерттеп жүреді

Балалардың мінезін

Бәрінен артық біледі

Балалардың қылығын

Бәрінен артық біледі

Анар екпінқызына мың алғыс!

 

Нурай:

Ағылшын тілін білсін деп

Үйреткен бізге санауды

Қоштаспай біз қаламыз

Мектепте іздеп табамы

Ағылшын тілін үйреткен

Апайға мың алғыс!

 

Ақерке:

Көңіл күйді аулайды

Аспаптарда ойнайды

Әсем әндер салады

Ән салады,би билейді

Қандай жақсы көңілді

Айнур апайға мың алғыс!

 

Ж Адия:

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Мың бұралған билерді

Үйретеді біздерге

Көңілді әсем билерді

Үйретеді біздерге

Динара Артурқызына мың алғыс!

 

Мансур:

Маңдайымды ұстайды,

Жүрегімді тыңдайды

Аузымызға қасып сап

«А» деп айт деп ымдайды

Қамқоршымыз дәрігер

Асель апайға мың алғыс!

 

Алихан:

Біздің балбақшада

Таза барлық киімдер

Орамалдар,перделер

Кір жуады тәтелер

Ұқыпты да қайырымды

Тазалықты сақтайды.

Құралай апайға мың алғыс

 

Алдияр:

Қазақша дәмді қуырдақ,

«Тез бер» дейміз шуылдап

Жейміз қара бұрыш сап

Ерніміз аздап дуылдап

Еркем,еркем,еркем-ай

Қазақша,шіркін шай қандай!

Аспазшыларға мың алғыс!

 

Алишер:

Орыс тілін үйретті

Шұбарламай сөйлетті

Асылжан апайға ризамыз

Сізге бізден мың алғыс

Сізге біз өте ризамыз.

 

Ақерке:

Қуанамыз сыйлаймыз

қуаныштың мың гүлін

бақшамызбен қимай біз

қоштасатын күн бүгін

Ән «Қош бол балабақшам»

 

Медина:

Біз бақытты балдырған

бақыт алдан шақырған

күлім қағып тұрады

алдымыздан көп арман

Би «Қоштасу вальсі»

 

Жүргізуші:

Енді бақшамыздың меңгерушісі Айсұлу Еркінқызының балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдірсін деген ниетпен ортаға шақырамыз.

Құттықтау сөзі лента тапсыру

Ән: «Қоштасу»

 

1.Айналайын балалар

Алдарында мектеп бар

Өздеріңнен өседі

Өнерлі даналар

 

Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір асудан өттіңдер

 

қайырмасы

Қиялмаймын қимаймын

Қыйналдым ау қыйналдым

риза болып өзіне

Саған мен ән сыйладым

Қарай берем қиялмай

Қоштасудың қыйын ай

 

2.Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше ғой үндерің

Тәп тәтті тілдерің

 

Мектепке ертең барасыңдар

Ылғи бестік алыңдар

Үлкен болып өссеңдерде

Жадымызда қаласыңдар

 

қайырмасы

 

3.Өздерінде болашақ

Өтер тәтті балғыншақ

Озат болып оқыңдар

Сенеміз құлыншақ

Ұмытпаймыз сөздеріңді

Ұмытпаймыз өздеріңді

Балалар «Қош бол,балабақшам!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *