«Мәңгі жаса, Менің Қазақстаным,Менің Елбасым»


 Арыстан Ақерке Әлімбайқызы
Ақмола обл. Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, Ә .Ы. Досов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі

Әлдилеп дала сырын, сан ғасырын,
Толқыған ұлы өзендер арнасымын.
Осынау қалың елім, жұртым деген,
Тілегі қабыл болсын Елбасының.

Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» –
деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осындай данагөй, асыл қасиетке бай елде дүниеге келгеніме мақтанамын, мен қазақ екеніме шаттанамын және елімізді ел етіп, жерімізді жер етіп, өлшеусіз еңбек етуінің арқасында ұстап тұрған сізге ерекше ілтипатпен қараймын. Сіз туралы айта бергім келеді, толғай бергім келеді. Менің өмірімде сіздің орныңыз ерекше әрі бөлек. Сіз менің пір тұтатын адамдардың бірісіз. Біздің елді басқарып тұрған сіз сияқты Елбасының бар екеніне мақтанамын. Осындай жігерлі, қайратты, дана Елбасымен мақтанғанның өзі – бақыт. Сізге деген ыстық ықыласымды енді өзім шығарған өлең жолдарымен өргім келеді:

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Аман болсын Нұрсұлтандай ер бабам.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *