Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы


Қалиянов Есен Ақанұлы
ЖШС «ҚАЕУ колледжінің 15П-к1 «Құқықтану» тобының студенті
Жетекшісі: оқытушы Мухаметкалиева Маржангул Кабдилкабасовна

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар  талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.

Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.

Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.

Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 – 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.

Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардыњ барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы – ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:

Ең жоғары пайдаға ұмтылу;

Тәуекелге баруға дайын;

Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.

Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.

Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу жєне қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:

Экономикалық;

Құқықтық;

Әлеуметтік және басқа.

Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.

Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.

Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты.Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрстеілген “әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы кеңістікті тазартуға араласуы тиіс”.

Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.

ҚР Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы” Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп саналады.

Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.

Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.

Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.

Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.

Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді. Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жєне жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ҚР Конституциясы 30.08.1995

2. ҚР Кәсіпкерлік Кодексі

3. ҚР Президентінің 2017 жылғы жолдауы. Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда.

4. ҚР Президентінің “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы” Жарлығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *