«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау


Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

“Шәкәрім атындағы облыстық  дарынды балаларға  арналған үш тілде оқытатын

мамандандырылған мектептің” физика пәні мұғалімі

Есімбекова Жұпар Серікболқызы

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу
Тәрбиелік-білімділік міндеттері:
1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту
2. Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру
3.Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету
Сабақтың түрі: «Тапқыр достар» зияткерлік ойыны
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар

Сабақтың барысы:

  1. «Бәйге» Үш топқа сұрақтар беріледі.
  2. «Сәйкестікті тап» Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру қажет.
  3. «Ойлан тап» Топтарға есептер беріліп, тақтаға орындайды.
  4. «Ғажайып ұяшық» Тақтадағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.
  5. «Тапқыр достар» сұрақтарға және есеп шығару арқылы жауап беріп тақтаға суреттерді орналастыру керек.

1 бөлімде интерактивті тақтада ағаштың суреті тұрады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш жапырақтарын толтырады.

І топ сұрақтары

  1. Заттың күйлерін атаңдар? (Сұйық, қатты, газ)
  2. Судың қайнау температурасы? (1000С)
  3. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (Жұмыс, жылу беру)
  4. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
  5. Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (Джоуль)
  6. Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
  7. Қатты күйден сұйыққа айналу процесі? (балқу)

ІІ топ сұрақтары

  1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? (Джоуль)
  2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
  3. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (Булану)
  4. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
  5. Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
  6. Мұздың балқу температурасы (0 градус)
  7. Сұйық күйден қатты күйге ауысу процесі? (қатаю)

III Топ сұрақтары

  1. Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
  2. Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (-273,150C)
  3. Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі(Конвекция)
  4. 1 г суды 10C-қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшері (калория)
  5. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)
  6. Зат қай температурада балқыса…. (сол температурада қатаяды)
  7. Сұйықтың бетінде жүретін булану (кебу)

2 бөлімде оқушыларға есептер беріледі. Тақтаға шығарады.

  1. 00С температурадағы 2 кг мұзды ерітіп 20 0С – қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?(848 кДж)
  2. Көлемі 60 м3 бөлменің ауасын 100С –тан 200С –қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? сауа=1000Дж/кг*0С (774 кДж)
  3. Көлемі 1,5 л бензинді көлемі 0,5 л спиртпен араластырған. Осы отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? ρ= 710кг/м3с= 800 кг/м3; qб=46*106Дж/кг; qс=27*106 Дж/кг. (6,14*104 Дж/кг)

3 бөлімде физикалық шамалардың сәйкестігін тауып орындарына орналастыру қажет.

рискнок

4 бөлімде «Ғажайып ұяшық» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарына жауап беру. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.

5 10 5
15 15 15
5 10 5

5 ұпай: Дененің жұмыс істеу қабілеті   (Энергия)

Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвекция)

Механикалық энергияның түрлері (Потенциалдық және кинетикалық)

Дененің температурасы артқан сайын оның  ішкі энергиясы қалай өзгереді ?

(ішкі энергиясы артады)

10 ұпай: Сәуле шығару дегеніміз не?  (электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі)

Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті? (ақ түсті, себебі:ол күн сәулесін нашар жұтады.)

15 ұпай: суретті  сұрақ

15 ұпай: Мына құрал-жабдықтардан қандай тәжірибе корсете аласын?(мензурка,калориметр,ыстық су,суық су,термометр,марганцовка)

15 ұпай:  Үш түрлі күйде бола алатын қандай зат?(Су)

5 бөлімде оқушыларға есептер мен сұрақтар жазылған карточкалар беріледі. Онда оқушылар тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіріп, орналастырса  Астананың символы Бәйтеректің суреті шығу қажет.

І топтың тапсырмалары:

  1. Массасы 1,5 т кірпіштен жасалған пешті 100С-тан 200С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері жұмсалған. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы 880 Дж/кг0С. Жауабы: 13200 кДж
  2. Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген. Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер? Жауабы: 3800 кДж/кг

ІІ топтың сұрақтары

  1. Массасы 1 кг қорғасынды балқытқанда ішкі энергиясы қаншаға артады? Қорғасынның балқу жылуы 0,25*105Дж/кг. Жауабы: 25 кДж
  2. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? Жауабы: 9200 кДж

III Топтың сұрақтары

  1. Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 200С-тан 4200С-қа дейін артты. Алюминийдің массасы 5 кг болса, оның ішекі энергиясы қаншаға өзгерген. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 920 Дж/кг0С. Жауабы: 1840 кДж.
  2. Массасы 10 кг тротил толық жанғанда 1,5*108Дж энергия бөліп  шығарады. Тротилдің меншікті жану жылуы неге тең?  Жауабы:1,5*107Дж/кг

Есептерді шығарып, тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіргенде төмендегідей Астананың символы «Бәйтерек» монументі көрінеді.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *