«Кел, Жаңа- жыл, Жаңа-жыл!»


Берлібекова Айзат Берлібекқызы
Қарағанды қаласы КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі ең қызықты мерекелердің бірі,отбасы

мерекесі екенін түсіндіру.

Міндеті.Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру,мерекеге деген қызығушылығын арттыру.Балаларға өлең-тақпақтарды мәнерлеп айту іскерліктерін дамыту.Досттықа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Залдың іші Жаңа жыл ертеңгілігіне орай безендірілген.

Залға балалар қол ұстасып екі –

екіден музыка әуенімен кіреді.

Жүргізуші:

Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Құрметті, ата-аналар, әріптестер, балалар!

Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышты

Жаңа жылы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ертенгілігімізге қош келдіңіздер.

Ұлжан:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңдайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Амира:

Әдеміліп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршымыз.

Ән шырқаймыз баршамыз,

Ел жарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Жүргізуші:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған.дей келе балалардың орындауында әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Жаңа жыл».Кәусар

Жүргізуші: Балалар әсем әндеріне көп рахмет. Енді мерекемізге арнаған тақпақтарымызға кезек берейік.

Тақпақтар

Дильназ

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантуға біздерді,

Құтты болсын қуаныш,

Құтты болсын жаңа жыл,

Элина:

Аппақа, аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

О, алақай Аяз- ата келе жатыр алыстан.

Полина:

Жасыл шырша жанында,

Айналып ән саламыз,

Жаңа жылды қуанып,

Бақшада қарсы аламыз.

Алдияр:

Қол ұстасып, би билеп,

Үйренейік жаңа жыр.

Құтты болсын,

Құтты болсын, жаңа жыл.

Ұлжан: Тамаша шыршамыз қандай әсем.

Амира:  Керемет ! Сен мұнда қара! Ата- аналарымыз біздерге

арнап сыйлықтар дайындаған екен.

Шыршаның астынан балалар әдемі қораптар тауып алып, ашып көреді.

Ұлжан: Ия, бұл әдемі қораптардаң ішінде не бар екен? О, алақай, қандай әдемі ойыншық Аяз- ата!

Амира:  Тамаша! Менің де қуыршағым сондай әдемі. Шіркін, менің қуыршағым жанбітіп бізбен бірге билесе ғой.

(Осы кезде сиқыршы  шығады.)

Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін ерекше күн! Сондықтан мен сендердің барлық тілектеріңді орындай аламын.

Сиқыршы сиқырлы таяғымен қуаршақ ойыншыққа жан бітіреді.

Сиқыршы: Сенің арманың орындалды,  қуыршақтар биін билеп беріңдер.

Би:Куыршақтар биі

Ұлжан:  Менің де тілегімді орындай аласыз ба?

Сиқыршы: Арине, орындай аламын. Сенің қандай тілегің бар?

Ұлжан:  Менің тілегім, мына менің ойыншық Аяз атама жан бітіп, біздің мерекемізге келсе екен деймін.

Сиқыршы: Кел балалар, келіңдер. Тамашаны көріңдер!

Сим силабин. Трах тиби дох (үш рет айтады) аяз ата кел. Аяз ата.

(залға көңілді музыкамен Аяз ата келеді).

Аяз ата:

Амансыңдар ма ұлдарым,

Амансыңдар ма қыздарым.

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым,

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз  ата!

Төрлетіңіз ! Сіз біздің балалардың

өнерін тамашалаңыз, сонда

шаршағаныңыз басылады.

Аяз Ата біздің шыршамыз жарқырамай тұр.

Енді не істейміз?

Аяз ата:

Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
(Таяғын шыршаға тигізеді)

Шырша жанбайды. (сыйқырлы сөз)

Балалар:«Шырша, шырша, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат»,- деп айтады- 2рет

(сиқырлы таяқпен шыршаның шамын жағады).

Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлауда.

Сиқыршы:

Келіңдер, келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт Аяз атадан.

Сыйлық алып көріңдер.

Жүргізуші: Балалар, олай болса Аяз атадан сыйлықтар алу үшін  жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.

Тақпақтар:

Ақжан:

Жаңа жылды бар тілде,

Жаңа жырға балайды,

Жаңа жылға әркімде

Жақсы үмітпен қарайды.

Жания:

У новогодней ёлочки

Зелёные иголочки,

И снизу до макушки

Красивые игрушки.

Нәби:

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз- Ата оралып.

Дария:

Той мереке салтанат,

Думандады шартарап.

Келіп қалды жаңа жыл.

Татуларын арқалап.

 

Жүргізуші: Балалар, тақпақтарымызды айтып болсақ, Аяз атамызға

арнаған әнімізді айтып берейік.

Ән: Аяз Ата.

Аяз ата: балалар сендерге келгеніме өте қуаныштымын. Ені сендермен

ойын ойнасам деймін.

Ойын:Қар жинау

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, өздерің епті екенсіңдер. Ақшақар қызым

бір жерге бөгеліп қалды ма, келмей жатқаны несі. Сиқыршы, мүмкін сен көмектесерсің.

Сиқыршы: Аяз ата бұл тілегіңіз түк емес. Қазір орындаймын. Трих, тиби дох. (үш рет). Сим салабин Ақшақар кірсін.

(Ортаға Ақшақардың орнына Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан  кемпір.

Көрікті шыршамыз,

Шамдары самсаған.

Көңілді ортамыз,

Айтамыз шырқап ән.

Аяз ата: Мынау кім? Сиқыршы, сен ештеңе шатастырған жоқсын ба? Қарағым Ақшақармысын? Үстіңе не киіп алғасың? Мына, мұрның, тістерің қандай үлкен?

Мыстан кемпір: Менің мұрным үлкен дейсіз бе? Менің жүрегімде

сондай үлкен. Ол бар ғой сізді жақсы көру үшін.

(Мыстан  кемпір үлкен жүрек алып шығып,  Аяз атаны құшақтайды.)

Аяз ата: Жоқ, жоқ! Сен Ақшақар емессің. Сиқыршы тезірек жоғалт, мынының көзін.

Сиқыршы: Қазір қазір, менің қолдарым дірілдеп тұрғаны. Трах, тиби, дох. (Ақшақар кіреді).

Ақшақар: Ха, ха, ха! Аяз ата неге тымырая қалдыңыз? Ха, ха, ха!

Аяз ата: Мына сұмдықты өзім жоймасам болмас. Бір, екі, үш қайтадан Ақшақарға айнал.

Ақшақар: Аяз ата маған не болған? Масқара! Мен не істедім?

Аяз ата: Уайымдама қызым. Осының бәрі мыстаның  ісі, әрі Сиқыршының да көп нерсе үйренуі керек.

Мыстан  кемпір: ха, ха, ха! Біз әлі кездесеміз. Көрсетемін бәріңе.

(Жұдырығын түйіп залдан шығып кетеді).

Ақшақар: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл барлықтарыңызға күлкі әкелсін.

Жүргізуші. Балалар, Ақшақарымызға арнап әнімізді айтып берейік.

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Сиқыршы: Аяз ата, Ақшақар, мен кінәлімін, сондықтан мен сіздердің көңілдеріңізді көтері үшін қыздарды биге шақырамын.

Би: «Ақшақарлар»

Жүргізуші: Рахтмет, қыздар. Өте тамаша! Олай болса кезекті жаттаған тақпақтарымызға берейік.

Такпақтар:

Диана:

На свете так бывает,
Что только раз в году
На ёлке зажигают
Прекрасную звезду.

Звезда горит, не тает,
Блестит прекрасный лёд.
И сразу наступает
Счастливый Новый год!

Арслан:

Happy New Year for you,

Happy New Year for me.

Happy New Year for everyone

That’s what I wish, I do!

Алина:

New thin gs to see

New things to hear

New things to do,

In this New Year!

Аяз ата: Рахмет, балалар. Сендер әдемі билеп, тамаша тақпақтар мен

әдемі  әндер айтып бердіңдер. Балалар, сендерге әкеле жатқан сыйлығым

бар еді. Орманнан шығарда қатты жел соғып, боран соғып әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.  Сендер күте тұрыңдар, мен тез алып

келейін. Жарайма балалар.

Балалар: Жарайды Аяз ата, сізді каүтеміз.

(Аяз ата шығып кеткенде Мыстан  кемпір кіріп келеді.)

Мыстан  кемпір:

Унды фунды гей,

Күшімді сынайын.

Бір кешек шыдаймын,

Сендерге бұл кеште.

Болмастай қылайын,

Унды фунды гей.

Аяз ата келмейтін қылайын.

Ха, ха, ха!

Қолдарыма түстіңдер ме бәлем, сендерді қазір жеймін.

(Шамдар сөніп қалады. Мыстан  кемпір шыршаның қасына барып жатады.)

Мыстан  кемпір: Ойбай, денем күйіп барады. Ішім бұрап барады. Бұрын осылай ауырмаған кісі едім. Ой, кәрлік деген осы ғой. Мен бір демелып алайын.

(Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Ойын сауықты тоқтатқан кім? Шамдар неге сөніп қалған?

Балалар: Ол жалмауыз кемпір.

Аяз ата: Балалар, біз жалмауыз кемпірді билетіп шаршатайық. Мыстан  кемпір биле. Музыка.

Мыстан  кемпір: Ой, ой, ой! Мен билей алмаймын. Менің ағаш

аяқтарым шаршады. Билеуге аяқтарым жарамай қалды. Белім де ұстамайды. Ой, ой, ой!  Отырайыншы.

Жүргізуші: Аяз ата Мыстан кеміпір шаршап қалыпты. Бүгінгі мейрамымызға қонақ болсын

Біз өтіп бара жатқан қой жылымен келе жатқан Маймыл  жылын ортаға шақырайық

Музыка ойнайды Маймыл кіреді.

Сәлеметсіздер ме балалар  қонақтар мен кешіккен жоқпын ба?

Мен сондай асықтым  сондай жүгірдім  кешігем деп қатты қорықтым

уақытында  жеттім бе?

Қой жыл:

Мен ескі жылмын сіздерге молшылық бақыт әкелсін. Мына келер жылға айтар тілегім

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2016 жылға  қадам басқан

Гүлдене көркейе бер Қазақстаным

Келесі жыл бастауын маймылға берем.

Жүргізуші.

Балалар жақсылықтарымен толы болған Қой жылын шығарып салайық.

Балалар: Қош бол қой жылы 2 рет

Ақша қар:

Қош келдіңіз Жаңа – жыл!

Аяз- Ата Ал айналайын жаңа –жыл келген қадамыңа нұр бітсін мынау менің ұлдарым мен қыздарым мынау халық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып, қақ. Жақсы жыл бол дария нұр бол Жаңа- жыл!

Жүргізуші:

Олай болса келесі кезекті Ергежейлер биіне берейік

Би: Ергежейлер.

Мыстан  кемпір: Ох, ох, ох! Кешіре гөр мені  Аяз ата. Мен енді мейірімді боламын. Балалар кешіріңдер мені.

Аяз ата: Балалар, мыстан  кемпірді бір жолға кешіреміз бе?

Балалар. Ия, кешіреміз.

Жалмауыз кемпір: Рахмет сендерге балалар және Аяз ата. Мен сіздердің осы жақсылықтарыңыз үшін ойын әкелдім. Менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия, ойнаймыз.

Ойын:«Кім жылдам»

Сиқыршы: Аяз ата балаларға қандай сыйлық әкелдіңіз?

Жалмауыз кемпір: Менде  сыйлық әкелдім . Сыйлық деп мына менікін айт. Қарасаң көз тоймайды. Балалар көресіңдер ме?

Балалар: Ия, көреміз.

(Мыстан  кемпір қаптан ескі құсқы, жыртық, жыртық ескі көйлек, қап қара ескі таба алып шығады.)

Мыстан  кемпір: Балалар мына дастархан жай емес, сиқырлы дастархан. Балалар, сендерге ұнады ма?

Балалар: Жоқ.

Мыстан  кемпір: Ал, мынау менің ең әдемі көйлегім. өзіме сондай жарасады сендерге ұнай ма менің көйлегім?

Балалар: Жоқ.

Мыстан  кемпір: Өмірде бірінші рет ақ көңіл, мейрімді болайын деп едім.(Мыстан  кемпір жылайды).

Аяз ата: Жарайды, жылама мыстан  кемпір. Бірақ сенің сыйлықтарың жарамайды. Жаңа жылда сыйлықтар басқа болу керек. Мен қазір өзімнің сыйлық қабымды іздеп келейін.

Дауыс: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!

Аяз ата: Кім мені шақырады?

(Қап жүгіріп келеді).

Аяз ата: Тамаша, тамаша , Қабым өзі келіп  қалды ғой. Сен қайда жоғалып кеттің?

Қап: Сапарлап келдім.

Аяз ата: Сен менімен жүруің керек. Мен қойған жерде тұруың керек.

Қап: Бүгін жаңа жыл ғой. Бәрін рұқсатсыз істеуге болады емеспе.?

Аяз ата: Тоқта, тоқта! Сен ешқайда кетпе.

Қап: Мен жай қап емеспін, сиқырлы қаппын.

Аяз ата. Онда қабым балаларға билеп бер. (Қап бидейді)

Аяз ата: Енді қабым маған ай, ай, тоқта, тоқта деймін. (Қап қашады)

Аяз ата қаптың соңынын жүгіріп кетеді.

Сиқыршы: -Балалар Аяз- Ата сыйлық әкелгенше  менің жақсы көретін ойынымды ойнайық. Кәне , бәріміз « буги буги» биін билейік. Менің биімді қайталап, көңілденіңдер.

Жүргізуші. Жарайсыңдар балалар, олай болса тағы бір әсем әнімізді айтып берейік.

Ән: «Snowflake» Louise James

Аяз ата: Сыйлықтарын арқалап  қайтадан  кіреді. Балалар, мен сендерге сыйлықтарымды берейін. Балалар сендерге көп рахмет, енді Ақшақар қызымызды ертіп, қабымды арқалап кетейін. Сау болыңыздар.

(Аяз ата мен Ақшақар ,Мыстан үшеуі қайтады.)

Жүргізуші: Аяз ата балаларға арнаған сыйлықтарыңыз үшін рахмет.

Ендеше Аяз ата мен Ақшақарға сау бол айтайық.

Жүргізуші:

Құрматті балалар  Ата – аналар Жаңа жылдарыңыз құтты болсын  Айгөлек тобының бүгінгі  жаңа жылға арналған ертеңгілігі осымен аяқталды. келгендеріңізге көп рахмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *