Сценарий жана жылға


Омар Жаннұр Төлеуқызы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №3 «Балдырған» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар біздің «Әсем шырша» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

Балалардың орындауында би «Шырша»

Жүргізуші:Төгілтіп көк жүзінен ақшақарды

Ақ көрпе жапты бүгін бақшаларды

Мен келдім есіктерді ашыңдар деп,

Жаңа жыл күллі әлемге жар салады

Жүзімде – қуаныш, әр көңілде жақсы үміт

Келе жатқан жаңа жыл әкелсін көп жақсылық

Қәнекей балалар шырша туралы ән шырқайық

Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші: Біздің топтың ержүрек ұлдары, моншақтай әдемі қыздары да жаңа жылға,әсем шыршаға арнаған тақпақтары бар соны тамашалайық.

София: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Альфред: Как весело, как весело

Поем мы дружно песенку

Под ёлкой в Новый год

Мы водим хоровод

Анель: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Айханым: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Алихан: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Жасмин: Кірді міне есік қағып жаңа жыл

Ала келді айтылмаған жаңа жыр

Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп

Шыршаларды түрлі-түсті сәндетіп

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар рахмет.Ал балалар ертегіге баратын уақыт келді

Сылдыр-сылдыр қоңырау

Сыңғырлада, сыңғырла

Ертегі енді басталды

Ақшақар келсін ортаға

Әуенмен Ақшақар келеді

Ақшақар: Міне мен!

Сәлеметсіңдер ме менің сүйікті достарым

Жаңа жылдарың құтты болсын

Жаңа жыл барлықтарыңа күміс күлкі әкелсін!

Кәне менің ұлпақарларым жиналыңдар, қызық думан бастаңдар!

Би: Ұлпақарлар  (қыздар)

Жүргізуші:Рахмет саған ақшақар биің өте әдемі екен

Ақшақар: Ой балалар мынау не екен шырщаның жанында тұрған (ақшақар барып қарайды, қорапшаны қолына алады) бұл аяз атаның силығы сияқты ғой…

Мыстан кіріп келеді

Мыстан: Жоқ, жоқ, жоқ бұл менің сыйлықтарым (ақшақардың қолынан тартып алады)Мен алтын балықтан сұрағанмын, бұл силықты маған алтын балық берді.

Ақшақар: Жоқ олай болуы мүмкін емес, бұл жерде бір құпия бар сияқты қорапты ашып көрейікші.

Мыстан: Жоқ, бермеймін, бермеймін

Жүргізуші:Мыстан сен балалардың мерекесін бұзба, кел мерекені тойлайық.Мүмкін көңілің көтеріліп өзің көрсетерсің қораптың ішінде не бар екенін.Балалармен қосылып «Келді міне жаңа жыл» әнін орындайық.

Мыстан: Жарайды көрейік

Ән «Келді міне жаңа жыл»

Мыстан: Әндерің әдемі екен, маған ұнады жарайды қорапты ашайық (Қорапты ішіндегі жануарларды шашып жібереді). Ха-ха-ха мен аңдарды қатырып тастадым ха-ха-ха

Ақшақар: Балалар енді не істейміз? Мүмкін аяз ата бізге көмектесетін шығар.Аяз атаны шақырайық!

Балалармен бірге: Сағынып көп күткен,

Атамыз келеді

Алақай, алақай,

Көп сыйлық береді!

Әуенмен Аяз ата келеді.

Аяз ата: Армысыңдар ма ұлдарым

Армысыңдарма қыздарым

Қандай көркем қырларың

Қандай әсем жырларың

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым,

Тойларыңа асығып

Өздеріңмен табыстым! Балалар тойларың құтты болсын.Мен сендерге жалғыз келген жоқпын, сендерді құттықтауға менімен сиқыршының шәкірті келді

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен әлі сиқыршы емеспін, мен оның шәкіртімін. Бүгін сондай ерекше күн.Сондықтан мен сендердің барлық армандарыңды орындаймын.

Ақшақар: Ооо алақай біздің арманымыз орындалатын болды.Мында жатқан жануарлардың барлығына жан бітіп, бізбен бірге би билесе ғой!

Сиқыршы: Жақсы көрейін. (сиқыршы таяғымен жануарларға жан бітіреді)

Ақшақар: Көп көп рахмет саған сиқыршы

Би: «Жануарлар» (ұлдар)

Аяз ата: Балалар бәрі реттелген сияқты, осының бәрі мыстанның кесірі.Ал сиқыршыға үлкен рахмет!

Тәрбиеші:Аяз ата балалардың сізге дайындаған сыйы бар, соны отырып тамашалайық.

Аяз ата: Жақсы, келіңдер балалар тақпақтарыңды тыңдайын

Рома: Сақалы ақ мұрны қызыл

Жылы екен жүзіде

Кірпігі ақ, ерні қызыл

Мейірімді екен көзіде

Еркеназ: Ақпақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Еркежан: Атқан таңмен атсын

Ақ арманың гүлің

Жүзің жарық болып

Шалқып шықсын нұрың

Жаңа жылдық тілек

Осы болсын бүгін

Расул: Жаңа жылым – әсемсің

Гүл өндірер түзге де

Әр сәті бақ әкелсін

Достар достар бізгеде

Виктория:Встанем, встанем в хоровод

Здравствуй, здравствуй новый год

Ах как весело у нас

Настроение просто класс!

Жәңгірхан: Сақалы мен мұртында

Күміс моншақ тағынып

Көптен күтіп сағынған

Көрдік аяз атаны

Жантөре: Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп

Милана:Мы уже не малыши

Но под ёлку паспешим

Там подарочки для нас

Дед мороз уже припас

Саяжан: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен сағынған

Бақдәулет: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Махамбет: Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Ақпақ боп үстіміз

Ақ қырау жабысты

Ислам: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде

Айару: Аман болсын отбасың

Жамандықтан сақтасын

Жаңа жылдың түнінде

Бақыт ашсын қақпасын

Жанерке: Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз

Арта берсін жақсылық пен берекеңіз

Жаңа жылда жаңа бақыт жаңа нұрға

Толы болсын әрдайым керегеңіз

Аяз ата: Рахмет  ұлдарым, қыздарым өнерлі екенсіңдер

Жүргізуші: (иттің үрген дауысы шығады) Балалар бізге тағыда қонақ келіп қалған сияқты.

Ит: Қаршақызға бір сәлем, Аяз атаға мың сәлем! Баршаңызға жаңа жыл құт, береке әкелсін. Балалар сендерді де құттықтап, өзімнің сыйлығымды берейін деп келдім.Сендерге ойын алып келдім.

Ойын: «Аққала»

Тәрбиеші:Ойының бізге ұнады, балалар аяз атаға арнаған әнін орындап береді, сенде бізге қосыл

Ән: «Ақ таяғын таянып»

Аяз ата: Ой балалар бәрекелді қандай өнерлісіңдер әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар көп-көп рахмет! Енді біз Ақшақар қызымыз екеуіміз қайтайық.Бізді басқа балалар күтіп қалды, сау болыңдар!!!

(Барлық кейіпкерлер шығып кетеді)

Балалар: Сау бол Аяз ата, ақшақар!

Жүргізуші: Балалар, біздің де ертеңгілігіміздің сонына жетіп қалдық. Балалалардың орындауында әдемі би қарсы алыңыздар!

Би: «Жаңа жыл»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *