“Жыл мезгілдері”

Сулеименова Айсулу Жакановна
№145 “Балапан”балабақшасы КМҚК ағылшын тілі мұғалімі

Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілі арқылы тілін дамыту, балаларға табиғат және оның әсемдігі туралы түсінік бере отырып, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл байлығын байыту, балалармен сұрақ – жауап арқылы диалог орнату. Балаларға тақпақтар мен әндер айтқызып, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Балаларды ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.

Алдын – ала жұмыс: Әңгімелеу, суреттермен жұмыс.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын, интерактивті тақтамен жұмыс, ғажайып, сергіту сәттері.

Көрнекі құралдар: Компьютер, жылмезгілдерініңсуреттері.

Үштілділік компоненттері:

Күз – осень – autumn. Көк – синий – blue

Сары – желтый – yellow. Алма – яблоко – apple

Қыс – зима – winter. Көктем – весна – spring

Жаз – лето – summer. Қар – снег – snow

Қызыл – красный – red. Аққала – снеговик – snowflake

Жасыл – зеленый – green. Ақ – белый – white

Қара – черный – black.

Organization moment – Greeting

Ұйымдастыру кезеңі:

– Балалар, бүгін менің көңіл – күйім тамаша, алкөңіл – күйі көтеріңкі адамның қолынан барлығыда келеді. Сондықтан мен осы тамаша көңіл – күйімді сендермен және де келген қонақтарымызбен бөліскім келіп тұр. Ол үшін балалар, орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен амандасайық.

Stand up!- Good morning, children!

Good morning, Good morning,

– Good morning, teacher!

We are glad to see you!

– Good morning, Good morning,

Good morning to you

– Thank you, sit down, please.

– Let’s begin our lesson.

-Балалар, біз бүгін «Жыл мезгілдері – S e a s o n s» тоқталатын боламыз.

– Дайынбыз ба, балалар? Are you ready? – Yes!

– How many seasons in the year? Бір жылда қанша мезгіл болады?    – Four. Төрт мезгіл.

– Дұрыс. Ендеше, жыл мезгілдерін атайықшы: қыс, көктем, жаз және күз.

– Балалар, барлығын тақтаға назар аударыңдар. Тақтада 4 мезгіл сандардың артында жасырынған. Сандарды ағылшын тілінде айтып беру арқылы мезгілдерді анықтайтын боламыз. Бір санын ағылшынша қалай айтамыз?

– One. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

– Қысмезгілі. Оны қалай білдіңдер? Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

– Күн аязды, боранды, суықболады. Адамдар қалың киімдерін киеді.

– Қыста не жауады?

– Қар.

– Қардан балалар не жасайды?

– Аққала.

– Дұрыс. Енді осы қыс мезгілін, аққаланы және қарды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Қыз мезгілін ағылшынша winter, аққаланы – snowflake, қарды – snow деп айтады. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: winter, snowflake, snow.

– Келесі қандай сан?

– Екі саны.

– Екі санын ағылшынша қалай айтамыз?

– Two. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қаймезгілі деп ойлайсыңдар?

– Көктем мезгілі.

– Дұрыс. Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Оны қалай білдіңдер? Көктемнің қандай ерекшеліктері болады?

– Бұл кезде күн жылынып, қар еріп кетеді. Айнала әдемі гүлдерге толады. Жаңбыр көп жауады. Ал жаңбырда қолымызға не нәрсе ұстаймыз?

– Қолшатыр.

– Жарайсыңдар. Енді көктемді, гүлді және қолшатырды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Кәне, бәріміз бірге қайталайық.

Repeatafterme: көктем – spring, гүл – flower, қолшатыр – umbrella.

– That’s OK. Келесі қандай сан?

– Үш саны.

– Үш санын ағылшынша қалай айтамыз?

– Three. Дұрыс. Енді мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар?

– Жаз.

– Жаздың қандай ерекшеліктері болады?

– Жазда күннің көзі жарқырап жаймашуақ болады.

– Жазда доппен ойнаймыз ба?

– Ия.

– Ендеше, балалар, жазды, күнді және допты ағылшын тілінде айтып үйренейік.

Repeat after me. жаз – summer, күн – sun, допты – ball.

– Келесі қандай сан?

– Төрт саны.  Төрт санын ағылшынша қалай айтамыз?

– Four. Дұрыс. Олай болса, мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар?

– Күз

– Күзде күн қандай болады?

Балалардың жауабы.

– Тағы қандай ерекшеліктері бар?

– Жеміс – жидектер піседі?

– Біз қандай жемістерді білеміз? Атайықшы.

– Алма, шие, бана, алмұрт, апельсин, ананас.

– Дұрыс. Олай болса, күзді, алманы және жүзімді ағылшын тілінде айтып үйренейік.

Repeat after me. Алма – apple, күз – autumn, жүзім – grape

Сергітусәті:

– Балалар, бойымызды бір сергітіп аламыз ба?

– Ия.

– Олай болса, орнымыздан тұрайық.

Stand up, please.

Hello! Hello!

How are you? How are you?

I am fine! I am fine!

I am happy! I am happy!

That’s OK. Sit down, please.

-Балалар енді ойын ойнайық: «Жемістер» / «Fruits»

-Very good!

-Be happy and kind! Good bye, dear children!

Children: Goodbye, teacher!

Leave a Reply

Your email address will not be published.