Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік


Абдулаева Айгерим Амангелдиевна

«Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі  МКҚК тарих пәнінің оқытушысы

        Желтоқсан айында «Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік» тақырыбында Гуманитарлық ПЦК онкүндігі өтті. Апталық барысында  «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты білім алушылардың алған білімдерін тексере отырып ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту, ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу, Қазақстан патриотизміне қалыптастыру.  Дөңгелек үстелге  I , II курс топ белсенділері қатысты.

Олар:

–          білімге қызығушылығы жоқ жас ұрпақ;

–          ата-бабадан қалған бай мұраны менсінбей өзгенің құндылығына еліктейтін жас буын;

–          адамгершілікті, мейірімділікті құнды жауһарларды бойына сіңіруді ойламаған жасөспірім;

–           өзгелерге көмекке қол ұшын созуды ұқпайтын жас;

–           жасампаз дүниенің аламанына ілесіп, озық ойдың қаншалықты құнды екенін түсіне алмай адасып жүрген жас тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *