Ащық сабақ Windows ОЖ негізгі объектілері және олармен жұмыс


Ақнұржанова Гүлбарам Сәрсенғалиқызы
«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК өндірістік оқу шеберіне

Сабақтың  мақсаты : : Операциялық жүйенің негізгі түсініктерімен таныстыру (объект, белгі, жарлық, терезе, жұмыс стөлі)Буманың,жарлықтың қызметі.Файлдың екі аты туралы түсінік беру.Бума құруды үйрету.Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Есте сақтау,зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын технологиялары:  СТО элементтері, Блум таксономиясы

Оқу әдісі: Ойға шабуыл,,сұрақ-жауап

Көрнекілік құралдар:ноутбук, слайдтар,интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: Ағылшын,орыс тілдері,математика

Сабақ құрылымы

І. Сабақты ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі

А)Психологиялық дайындық

Білім игеруге бағытталған 6 қадам

1.Білу,тану   2.Түсіну  3.Қолдану 4.Талдау   5.Жинақтау  6.Бағалау

Топқа бөлу 1-топ  Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілері

2-топ және олармен жұмыс

Бағалау  парағы  беріледі

І.Ой қозғау. Білу

Ұстаным: Біздің қоғамда адал еңбекті терең  біліммен  ұштастырған  ғана табысқа жете алатын қаперден шығармаған абзал.  Н.Ә.Назарбаев

А)Үй тапсырмасы: Тесттік жүйесі арқылы тексеру.

1.Компьютерді іске қосқанда  жүктеліп,барлық құрылғыларды басқаратып,қолданушы мен сұқбатты ұйымдастыратын  бағдарлама атауы?

А)Операциялық жүйе   В)қызметші бағдарламалар  С)Қолданбалы программалық бағдарламалар

2.Файл бұл-

А)ақпараттар жиынтығы  В)папка   С)Дискіде немесе компьютер жадында сақталатын ақпараттардың атаулар жиыны

3.Терезенің неше түрі бар?

А)2    В) 4   С) 5

4.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі –

А)драйвер  В)ОЖ  С)интерфейс

5.ОЖ қайсысы жатады?

А) Windows95, Word    D)QBasic,MS  DOS 6.0.  C)MS DOS 6.0 Windows 95

6.Утилиттер дегеніміз не?

А)Редакторлар  В)Компиляторлар  С)Көмекші бағдарламалар

7.Дискілік операциялық жүйе қайсысы?

А) Windows95, Windows 2000  B) MS DOS  C) Windows  XP

8. Кластер –

А) құжатты белгілі бір жерде сақтауға арналған белгілі мөлшердегі аумақ

В)құжаттың белгілі бір бөлігі  С)  сақталған құжат

9.Кластардің мөлшері нешеге тең?

А) 512 байт.  В)  32 кб    С) 120Гб

10. файлдық жүйенің  түрі қайсы?

А) FAT және NTFS  В) FAT және FAT12       С) HPFS   және NTFS

В) «Ойлан, жұптас талқыла»  тәсілі бойынша суреттер  арқылы сөйлей білу

1.Windows , тышқан,  флешка,   диск,   ХР , Билл Гейтс суреті

ІІ.Түсіну.  Мағынаны тану

Манағы топқа бөлінгендегі сөздерден сабақ тақырыбы құралады.

Жаңа сабаққа байланысты негізгі идеялар ұйымдастыру түсіндіру,сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету.

Қағида: Біз  «білім-ғылым-инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық  әлемге қарай жылжып келеміз

Ақпараттық диктант

1)…… операциялық жүйе жүктелгеннен кейін пайда болатын жұмыс объектісі.

2)……….  менің компьютерім,қоржын,менің құжаттарым, желілік орта
3)…….  объектілерді басқаратын негізгі құрылғы
4)…….компьютердің құрамына енген құрылымдардың қарауға мүмкіндік береді.
5) …….құжаттарды , бейнелерді және басқа файлдарды сақтауға негізлелген
6) …… бұл түрлі программаларды және құжаттарды дискіге , файлға сақтайтын ақпарат сақтаушы

 

1)Жұмыс үстелі

2)Жұмыс үстелінің негізгі объектілері

3) тышқан

4) менің компьютерім
5) менің құжаттарым
6) бума
Жұмыс үстелінің басқару элементтері: Іске қосу,басты меню,меню жолдары,бағыныңқы меню,командалар(қысқа,ұзын)

Тапсырмалар панелі /есептер тақтасы/-бастаудан кейінгі тұрған жол атауы.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Өшірілген файлдар ды қалпына келтіру үшін қоржынға барып,құжатты тауып алып тышқанның оң жақ батырмасын басып восстановить батырмасын басамыз.

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі-  есте сақтау құрылғыларында   сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

ЖАРЛЫҚТАР
Жарлық-нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші. Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы тез ашуға арналған. Әрбір программа компьютерге орнатылған кезде оның жарлығы Жұмыс үстеліне және Бас мәзірге орналастырылады.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер тасығышқа, мысалы, флешкаға, жарлықты көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады.Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес, файлдың өзін көшіру керек. Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын,  бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар  (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .

Алмасу буфері (Clipboard) – операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел  жадының арнаулы бөлігі.

ІІІ.Қолдану Ой тастау.

Жаңа сабаққа байланысты жаңа ұғымдарды,әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.

Қағида: Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа құнды бағдарына айналды.Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің  екінші құнды жеңісіміз болып табылады.

Тапсырмалар: «Сәйкестендіру»

р/с
Сөздіктер
Атаулары
Сәйкестендіру
1
терезе
Mouse
А
2
Файл
Printer
В
3
Жұмыс үстелі
Windows
С
4
Бума,қапшық
Operation system
Д
5
Жад
File
Е
6
принтер
Рабочий стол
Ж
7
тышқан
папка
З
8
Операциялық жүйе
память
И
1-С,   2-Е,   3-Ж,   4-З,   5-И,  6-В,   7- А,  8-Д

Сергіту сәті

ІУ.Талдау  Миға шабуыл

У.Жинақтау. Сөзжұмбақ

УІ.Бағалау бағалау кестесін толтыру

Үйге тапсырма.  Бақылау сұрақтарын дайындау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *