Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақ хандығының күшеюі» атты ашық сабақ


Жаспанова Гульдиана Кумарбековна
«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» ШЖҚ КМК қоғамдық пәндер оқытушысы

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» КМҚК

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Қазақстан тарихы»

Мамандық: 030200 0 «Мейіргер ісі»

Біліктілік: 030203 3 «Жалпы практика мейіргері»

Оқытушы: Жаспанова Г.К

Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Мамандық: 030200 0 «Мейіргер ісі»

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру

Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс

Сағат саны: 90 мин

Сабақтың өтетін орны:  оқу аудиториясы

Сабақтың тақырыбы «Қазақ хандығының күшеюі»

Сабақтың әдістемелік мақсаты: беріліп отырған тақырыпты мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасы бойынша білім алушыларда шеберлік пен дағдыны оқытудың жаңа технологиясын (Шаталов,ақпараттық, ойын) пайдалана отырып қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келген қазақ хандығының күшеюіне үлес қосқан Қасым хан кезіндегі хандықтың  ішкі, сыртқы саясатын,  ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын, шаруашылығын,  қалаларды, сауданың дамуы туралы мағлұматтар беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың жабдықтары: дәріс, оқулық, карта, мультимедиялық тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, саясаттану мен әлеуметтану негіздері

Пәнішілік байланыс: Орта ғасырлар тарихы

Теориялық сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру)

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі: Бүгін біздің жаңа сабақ тақырыбы Қазақ хандығының күшеюі. Білім алушыларға  ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Шаруашылық: Мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар, сауданың дамуы туралы мағлұматтар беру. Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген нақыл сөзін алуды жөн көрдім.

ІІІ. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту:  Жәнібек, Керей сөздерін топтастыру
( ХҮ ғасырдың басы – 1470)
Жәнібек хан – қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі.
Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.
XV ғасырда өмір сүрген.
XV ғасырдың 50 – жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1457 – 1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған.
Керей ханнан соң 1465 – 1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған.
Тарихи жазба деректерде Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.
1428 жылы әкесі Барақ хан (Ақ Орда ханы) өлген соң, Дешті Қыпшақтағы саяси билік Әбілқайыр ханға көшеді.
1457 жылдың жаздың соңында Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға көшеді.
Көшуге тарихи аңыз бойынша, Қобыланды батыр мен Ақжол би арасындағы дау – жанжал себеп болған.
Жазба деректер мәліметі бойынша, Керей мен Жәнібектің қалмақтарға қарсы әскер жию туралы Әбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы және 1457 жылғы жеңілістен кейінгі қалыптасқан жағдай, яғни екі сұлтанға Әбілқайыр хан тарапынан қауіп – қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге көшпелі өзбектер мемлекетінен кетуге мәжбүр етеді.
1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойында қыстап шығып, 1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
1465 – 1466 жылдары Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келеді.

Білімалушылар 2 топқа бөлінеді; «Жәнібек» және «Керей» тобы.

1-тапсырма. «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауапқа асық таратылады.
2-тапсырма. «Тарихи мозайка» ойыны. Тақтадағы қиылған сөздерді құрастыру.

3-тапсырма.  «Кім жүйрік?»  математикалық ойын

4-тапсырма. Картамен жұмыс.

1-тапсырма. «Сиқырлы қоржын» ойыны

“ Керей” тобына қойылатын сұрақтар:

1.     Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан

2.     Қазақ халқының Жәнібек пен Керек бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан Моғолстанға көшуі қай ғасырда болды? XV ғ.о.

3.     Қазақ халқының Жәнібек пен Керей бастаған бөлігі қай хандықтан Моғолстанға көшті? Әбілхайыр хандығынан

4.     Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті:Моғолстанның батыс аймағына

5.     Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды? (Шыңғыс ұрпақтарына; Керей хан таққа отырды.)

6.     Жәнібек , Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: «өзбек-қазақтар»

7.     XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны:200мың

8.     Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға

9.     Моғолстан билеушісі Есенбұға Жәнібек пен Керей одағына ене отырып,олардың көмегімен  неге үміттенді?өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге

10.                       Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғ. б. басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: ру-тайпалармен бірігу,тыныштықта өмір сүру үшін

11.                       XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет:Қазақ тайпаларының басын қосып,этникалық аумағын біріктіру

12.                       Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? XV ғ.о.

13.                       Қазақ хандығы құрылуы жайында жазған тарихшы: М.Х.Дулати

14.                       М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығы қашан құрылды? 1465-1466жж.

15.                       Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей

“Жәнібек” тобына қойылатын сұрақтар:

1.     Жәнібек ханның шын есімі: Әбусаид,халық Әз-Жәнібек деп атаған

2.     Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территориясы:Шу мен Талас өзендері маңы

3.     Алғашқы Қазақ хандығы құрылған жер: Жетісу

4.     Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер:Қозыбасы

5.     Хандықтың нығаюымен байланысты кімдерге қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? Жәнібек пен Керейге

6.     XVғ.с. қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар: Созақ,Сығанақ

7.     Қазақ хандығы қай жылдары құрылды? 1465-1466жж.

8.     1470 жылы Керей хан бастаған қол шабуыл жасаған қала: Түркістан

9.     XVғ.а. Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Мұзаммед Шайбани

10.                       XVғ.с. Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін

11.                       XVғ. 70 ж Қазақ хандарының басып алған жерлері: Сырдария мен Қаратау өңірі

12.                       Әбусаид,халық Әз-Жәнібек деп кімді атаған? Жәнібек

13.                       Жетісу жерінде XVғ.II ж қандай хандық құрылды? Қазақ хандығы

14.                       Қай жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға щабуыл жасады? 1470ж

15.                       Керейдің ұлы:Бұрындық

2-тапсырма.«Тарихи мозайка» ойыны. Тақтадағы қиылған сөздерді құрастыру.
1. басқару Жәнібекпен ойдағыдай келісе ісін Керей хан хандықтың отырып жүргізген.
2. әлемге саяси беделін Қазақ хандығының Сығанақ қалалар Сауран, Созақ Сыр бойындағы күш-қуатын нығайтып танытты.
3. шаруалардың дағдылы мал жайылымдарын Қазақ хандығының көшпелі жыл мерзімдері тиімді нығаюы бұрыннан бойынша қалыптасқан пайдалануға жасады жағдай.

4. тоқтатты мен нығаюы талас-тартыстарды мен Қазақ хандығының  феодалдық қазақ хандығының қырқыстар ішіндегі құрылуы.

Дұрыс жауабы.
1.Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып ойдағ

ыдай жүргізген.
2. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты.
3. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрынан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мезгілдері бойынша тиімді пайдалануға жағдай жасады.

4. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығының ішіндегі феодалдық қырқыстар мен талас-тартыстарды  жағдайды тоқтатты.

3-тапсырма. «Кім жүйрік?» математикалық ойын.

Математикалық есептерді  шешіп  санды тауып,  сол жылға қатысты тарихи оқиғаны атау керек.

1. 710 х 2 + 45 = 1465     (Қазақ хандығы құрылған жыл)

2.4000/2-532=         1468           (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жыл)

3. 400х3+815=2015                 (Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл)

4. 3800/2-91= 1991          (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)

5. 1286/2-443=200             ( XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға        қосылған адам саны 200мың)

6.  416*3+222=1470            (1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістан қаласына  шабуыл жасады)

4-тапсырма. Картамен жұмыс. Білімалушыларға  картамен жұмыс жасауға тапсырма беріледі.

1.Қазақ хандығының алғашқы құрылған аумағын көрсет.

2. 15ғ Қазақ хандығының территориясы (Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Солтүстік Аралдығң төменгі ағыстары, Орталық Қазақстанның көп бөлігі )
3. Қазақ хандары мен Шайбани ханның шайқастары болған жерлерді көрсет.
4.1470 жылы Қазақ хандары қай қалаларға шабуыл жасалды (Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады)

Екі топтың асықтарын санау арқылы жеңімпаз топты анықтау.

Оқытушының үй тапсырмасы бойынша қорытынды сөзі:

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.

ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ жоспары:

–         Қазақ хандығының ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

–         Шаруашылық: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар, сауда.

(Видео арқылы түсіндіріледі).

16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.

Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.

Видеодан көргенді қорытындылау

Ол кім?
Қасым хан

Ол  не істеді?
Тарихта қандай істерімен аты қалды?

Әлихан Бөкейханов: «Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшілік сүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшілік сүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды».

Оқытушының сөзі: Қазақ  хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды.

Хандық
Жүз
Ұлыс
Арыс
Ру
Ата аймақ
Ауыл

ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі

 

Саты

лары
Басқа ру

дың ұлттық жүйесі
Бірігудің түрлері
Басшы-

сы
Басшының міндеттері
Басшының негізгі қасиеттері
1
Ауыл
Туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан
Ауылбасы
Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау
Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты
2
Ата аймақ
Жеті атадан

қосылатын бірнеше ауылдан
Ақсақал
Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/.
Жоғары мәртебеге ие, жасы келген
3
Ру
10 немесе 15 аймақтан
Рубасы
Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты
Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір
4
Арыс
Бірнеше рудан
Би
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/.
Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын
5
Ұлыс
Бірнеше арыстан
Сұлтан
Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты
Ақсүйектер әулетінен
6
Жүз
Бірнеше ұлыстан
Хан
Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды
Тек қана хандар әулетінен
7
Хандық
Үш жүзден
Қаған /ұлы хан, хандар-дың ханы/.
Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді.
Ақсүйек, шонжарлар
Хан және хан сайлау.

ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды.

Топтастыру.

Хан
Батыр               Дана, ақылды                 Елді билейді

 

Шыңғыс ханның                                     Ақсүйек, беделді

Ұрпағы

Іскер

Парасатты

Әскердің жоғарғы              Көреген

қолбасшысы болды

Хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылды:

1.     Мұрагерлік жол                         2. Сайланып қойылуы

Сұлтан, ұлыс, бектер, билер, ақсүйектер, ру басшылары
Ақ киізге отырғызып, сұлтан-билер үш рет көтеріп, «хан,хан, хан» деп жариялаған
Жиналғандар бар малын бөлісіп алған
Ханды көтерген ақ киізді, ханның киімін бір жапырақтан бөлісіп алған
Қатысушылар
Салты
«Тәбәрік»
«Ханталапай»
ХАН САЙЛАУ

Ханның құқықтары мен міндеттері:

1.Билік жүргізу құқығы

2.Соғыс жариялауға, билік жасау құқығы

3.Шет мемлекеттермен келіссөз жүргізу құқығы

4.Өзіне бағынышты адамдарды жазалауға құқылы

5.Заң шығару, бұйрық беруге құқылы
1.Елді сыртқы жаудан қорғау

2.Әскерді басқару

3.Мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыру

4.Елдің бірлігін сақтау, қылмыстың алдын алу

5.Халықтың бейбіт тұрмысын, тыныштығын қамтамасыз ету
Хан кеңесі

Ұлысбектер, сұлтандар, билер, баһадүрлер қатысқан.
Билер кеңесі

Ең ықпалды рубасылары кірген.
Жиында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, көші-қон, талас- тартыс т.б мәселелер қаралды.
1.     Әскербасылық

2.     Әкімшілік

3.     Билік

4.     Ақсүйектердің өкілдік қызметі.
Ұлыстық және әлеуметтік құрам.

Ұлыс – қазақ хандығының басты саяси- экономикалық жүйесі. Ұлыс бірнеше ру- тайпалардан тұрып, «ел» немесе «халық» деп ұлыс тұрғындарын атаған. Ұлыс  жерін «жұрт» деп атаған. Ұлыстың белгілі бір аты болмаған, ұлыс иесінің атымен аталып отырған.

Қазақ халқы, әлеуметтік құрамы екі топқа бөлінеді:

Салықтан босатылды
Шыңғыс ұрпақтары,

қожалар, сұлтандар
Ақсүйектер
Құлдар, күндер еркі жоқ адамдар
Малшылар, егіншілер бас еркі бар
Салық төледі
Жергілікті ру-тайпа билері, бай-шонжарлар
Қарапайым адамдар
Тайпа ақсүйектері
Қарашалар
Феодал
 

 

 

 

 

Қазақ хандығының шаруашылығы: XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар­да ша­ру­ашы­лықтың үш са­ласы анық байқала­ды:Көшпелі, Жар­ты­лай көшпелі, Оты­рықшы

Мал­дың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз бо­лып, негізінен оты­рықшы ай­мақтар­да өсірілді. Көшпелі ша­ру­ашы­лық мал­ды ма­усымға қарай жаю тәжіри­бесін туғыз­ды. Ма­усым­ды жайылым 4 ке­зеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.

Жайлау – жазғы көш, мамыр айының басында басталады.

Күзеу – күзгі көш, суық басталысымен көшеді.

Қыстау – қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда  көшеді.

Егіншілік Сыр­да­ри­яның ор­та са­ласы мен Жетісу­да, Ертіс бойы мен Зай­сан көлі маңын­да да­мыды. Оты­рар, Түркістан, Са­уран алқап­та­рын­дағы егістік жер­лерді құбыр­лар арқылы су­арып отырған.

Ма­лынан ай­ры­лып, көшу­ге мүмкіншілігі бол­маған ке­дей­лер егіншілікпен ай­на­лысқан,. Олар­ды жа­тақтар деп атаған. Қазақтар аңшы­лықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнер­мен ай­на­лысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал ша­ру­ашылығы шикізат­та­рын өңде­умен ай­на­лыс­ты.

Са­уда. Ақша түрлері

Қазақ хан­дығының Ор­та Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мем­ле­кет­терімен сауда қаты­насы да­мыған. Ұсақ ақша са­уда­сы қал­пы­на келтіріліп, күміс жа­латылған мыс дир­хемдер негізгі ай­на­лым құра­лы бол­ды. Оты­рар­да ұсақ ти­ын­дар қыз­метін атқарған мыс фель­стер соғыл­ды.

XV ғасыр­дың екінші ши­регі – Ұлықбек ақша ре­фор­ма­сын жүргізіп, мыс теңге­лер­ге тыйым са­лынып, олар­ды жоғары са­палы мыс ди­нар­мен ауыс­тырды.

XVI ғасыр­дың бірінші жар­ты­сы – Оңтүстік Қазақстан­дағы ақша айналымында Темір мен Шай­бан ұрпақта­ры шығарған мыс теңге­лер пай­да­ланыл­ды.

XVI ғасыр­дың ор­та­сы – Қазақстан қала­лары­на ор­та­азиялық мыс теңге­лердің ағыны азайып, Таш­кент­те, Йас­сы­да соғылған мыс теңге­лер ке­ле бас­та­ды.

Оты­рар­да ішкі ай­на­лымға ар­налған жа­зусыз мыс теңге­лер шығарыл­ды. Күміс теңге­лер ірі ха­лықара­лық са­уда­да қол­да­ныл­ды.

XVI-XVII ғасыр­ларда соғылған мыс теңге­лер­ге хан­дардың есімдері жа­зылған.

XVII ғасыр – Оты­рар­да ақша шығару­да құлды­рау ке­зеңі бас­та­лып, теңге­лер Түркістан мен Таш­кент­те соғыл­ды.

XVII ғасыр­да Оңтүстік Қазақстан қала­ларын­дағы ақша ай­на­лымы теңге емес, жу­ан сым­нан кесіп алу арқылы жа­салған шағын мыс ке­сек­тер түріндегі ақша­ның бо­лу­ымен ерек­ше­ленеді.

Қала­лар (4 білімалушы хабарлама жасайды). XV ғасыр­дың бірінші жар­ты­сы — XVII ғасыр­дың ба­сын­да – Қазақстан қала­лары­ның са­ны 23-ке дейін азайып кетті. Ра­бад­тар бос қалып, қала халқы бекініс қама­лы бар ор­та­лыққа шоғыр­ланды. XVI-XVII ғасыр­ларда ай­мақтың са­яси және эко­номи­калық өміріндегі бас­шы­лық рөлі Сыр­да­ри­яның солтүстік жағала­уын­дағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қала­лары­на ауыс­ты. Қара­та­удың солтүстігіндегі бас­ты қала – Со­зақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстан­ның бас­ты қала­сы.

XVI-XVII ғасыр­лар – Қазақстан­да 70 мыңдай қала халқы болған.

Сығанақ – Шығыс Дешті-Қып­шақ үшін «са­уда ай­мағы», Қасым хан­дығының ор­да­сы. XVI-XVII ғғ. қазақ хан­дығының ас­та­насы, діни ор­та­лық. Сыр­да­рия бойын­дағы көшпелі да­ламен шек­тесіп жатқан шеткі қала.

Оты­рар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі са­уда-өнеркәсіп ор­та­лығы. XVI ғасыр­да Түркістан­дағы Шай­бан әулетінің ме­кені. VI­II ғасыр­дың ба­сынан Тар­банд аты­мен белгілі қала. Де­рек­терде: Тұрар­банд, Тұрар, Фа­раб. V-XV ғғ. Арал бойын­дағы көшпелілер­мен са­уда жүргізетін ор­та­лық болған. Ер­зен хан қала­да мешіт-мед­ре­селер сал­дырған.

Са­уран – XVI ғасыр­дағы мұна­ралы, биік қамал қабырғалы, те­рең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тер­беліп тұра­тын мұна­рала­ры болған. Са­уран қала­сы үшін Өзбек пен Қазақ хан­дығының ара­сын­да І ғасырға со­зылған шайқас бол­ды. XVI ғасыр­да Қазақ хан­дығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсын­да – берік қамал, ірі са­уда ор­та­лығы.

Сай­рам – мықты бекініс, ірі са­уда-өнеркәсіп ор­та­лығы. Мәуерен­нахр­дан Түркістан мен Жетісуға шығатын са­уда және әске­ри жол­дардың то­рабы­на ор­на­ласқан қала. Сай­рам XVI-XVII ғғ. Қазақ хан­дығының қоғам­дық, әле­уметтік-эко­номи­калық өмірінде бас­ты орын ал­ды.

Со­зақ – ірі бекініс, са­уда және өнеркәсіп ор­та­лығы. Қазақ хан­дығы би­ле­ушілерінің бас­ты тірегі, әске­ри бақылау ор­та­лығы.

Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жар­ты­сын­да Қазақ хан­дығына өтті.

Оқытушының қорытынды сөзі: Бүгінгі сабақта Қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келген қазақ хандығының күшеюіне үлес қосқан Қасым хан кезіндегі хандықтың  ішкі, сыртқы саясатын,  ХVІ ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын, басқару жүйесі, әлеуметтік құрамы, шаруашылығы,  қалаларды, сауданың дамуы туралы кеңінен мағлұмат алдық. Қазіргі кең байтақ қазақ жерінде еліміздің көк байрағы ашық аспан астында желбіреп, еліміз егеменді, тәуелсіздігіміз тұғырлы, әлемге аты әйгілі Қазақ елі өсіп өркендей берсін дегім келеді.

«Қазақ хандығына 550 жыл» бейнетаспаны көрейік.

Маратқызы Еркежанның өлең жолдарын тыңдайық (бейнетаспа мен музыка фонында)

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

 

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп талай халық ел болам деп ,

Хандық құрды қазақтың даласына.

 

Жоңғарлар қырып-жойып қазақ елін,

Жаулап алды шұрайлы біраз жерін.

Елін қорғап, жан беріп, жан алысты,

Қиян кескі соғыста талай қазақ.

 

Жау қолында күң болып, ару қалды,

Жау соңында күл болып ауыл қалды.

Милионға азайып қазақ саны,

Кеудеде шықпаған құр жаны қалды.

 

Жойылып кетпеу жолын таңдау қалды,

Ұрпаққа «Елім-айлап» арнау қалды.

«Бірлігі бекем қазақ ел болса» деп,

Абылайдан аманат, арман қалды.

 

Арыстандай алысып жауын құртты,

Ақыры сақтап қалды жер мен жұртты.

Қансыраған қазағым амалсыздан,

Бодан болып Реейге тізе бүкті.

 

Бағынышты боп казак-орыстарға,

Бекіністер салынды қоныстарға.

Хан билеген кешегі қазақ елі,

Бөлінді губерния, болыстарға.

 

Алаштың еркін өскен рухы өліп,

Қамытын бодандықтың киді көніп.

Келісіп Ресей мен көрші Қытай,

Сыртынан қазақ елін бөлді алып.

 

Осылай қазақ екі елде қалды,

Бөлініп ата-қоныс жерде қалды.

Ел қорғаған ерлердің басы жатқан,

Жат қолында құба жон, бел де қалды.

 

Ағайын-туыс қалды ажырасып,

Басқаның қол астында зар жаласып.

Қосыла алмай екі елде қалып қойды,

Кешегі сөз байласқан екі ғашық.

 

Отарлау бір сәткеде басылмады,

Халықтың соры мүлде ашылмады.

Кенесары, Исатай, Махамбеттей,

Еңіреген ерлердің басын алды.

 

Бастан кешіп кемсіту, мазақтарды,

Қайран елім көрді сан азаптарды.

Қазақты көпе көрнеу «Киргиз» атап,

Аты-заты өшуге азақ қалды.

 

Жабайыға жатқызып дүйім жұртты,

Данагөй жақсылардың көзін құртты.

Мал орнына майданға қазақты алу,

Жөнінде ақ патшадан жарлық шықты.

 

Кеудесі ар-намысқа толы кекке,

Бұрқ ерткен ашу ыза айналды өртке.

«Аттандап» атқа қонып ашынған жұрт,

Қылышпен қарсы ұмтылды зеңбірекке.

 

Ал бүгін арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен,

Нақақтан шәйіт болған ағалардың.

 

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі, діні, дәстүрі қазағымның,

Әлемнің өр төрінен орын алды.

 

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау үшін білімалушылар сабақ барысында нені үйренгендерін және Отанға тілектерін стикерге жазып, айтып тақтаға  іледі.

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде алынған Елбасымыз

Н.Ә Назарбаевтың «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген нақыл сөзі бүгінгі сабақ барысында өткен тарихи оқиғаларды білу біздің парызымыз екенінің тағы бір дәлелі.

VI.Баға қою топ жетекшілері бағалайды (түсініктемесімен).

VII.Үй тапсырмасы.Тақырып «XVI ғғ. Қазақ хандығының күшеюі»  дәріс оқу. «Егер мен хан болсам…..» деген тақырыпта ой толғау

Пайдаланатын оқулықтар:

Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы

Мусин Чапай. Қазақстан тарихы, Алматы 2008

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *