«Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаймыз»


Бутеева Гульмира Мукановна
«Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері жайлы түсінік беру.Өсімдіктерді дұрыс күте білуге үйрету.

Міндеттері:

1.Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, өсімдіктер туралы алған білімдерін пысықтау:

2.Табиғат пен адамзат арасындағы тығыз байланыс туралы білімдерін дамыту;

3.Бөлме өсімдіктеріне күтіммен қарап,қамқор болуға,оны аялап,қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.                                                                                                                                                                                         Көрнекілігі: Суреттер, бөлме өсімдіктері

Үш тілдік: гүлдер-цветы-flоwers

Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Гүліндей болып даланың,
Жайнап өсіп келеміз.
Салтыменен бабамның,
Иіліп сәлем береміз.
Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған көк Аспан!

Өлең шумағын мнемокесте арқылы балаларға ұсыну:

«Үй гүлі»О. Асқар

Өз қолымен ыдысқа

Сабақтарын қып қысқа.

Топырағын қопсытып,

Отырғыздым үй гүлін.

Терезеден сүйді күн,

Мезгілімен суардым.

Балаларға таныс шөптердің,ағаштардың,гүлдердің суреттерін тақтаға іліп,қарап шығуды ұсынады.Өсімдіктердің атауларын анықтайды.

Ағаштарды,гүлдерді,шөптерді бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды.

-Өсімдіктер қайда өседі?

-Өсімдіктер не үшін керек?

Тақтадағы суреттен өздерінің ұнатқан өсімдігін таңдап,оның қандай емдік қасиеті бар екенін білгендерінше баяндап беруін сұрайды.

Балалардың жауаптарын жинақтап,қорытынды жасайды:

-Айналамызды өсімдіктер қоршаған:үйде де (бөлме  өсімдіктері),бақта да,кең далада да,орман менен тоғайда,тіпті шөл далада да өсімдіктер өседі.Біз   өсімдіктерден пайдалы заттар аламыз,ол адамдарға азық болады,ал таза ауа үшін тигізер пайдасы ерекше.Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеті бар,сонымен қатар,олар өте әдемі,біз оларды әрдайым сүйсініп тамашалаймыз.«Өсімдіктер әлемі-жер дүниенің сәні мен әні» деп бекер айтылмаған.

Сергіту сәті

Алай-түлей жел соқты,

Шыбық желмен толқыды.

Кенеттен жел тоқтай қалды,

Шыбық түзу тұра қалды.

Бөлме өсімдіктерімен тәжірибе жасау.

-Балаларды өсімдіктің құрылымымен таныстыру.

– Қазтамақ гүліне зерттеу жасау.

-Зерттеудің қорытындысын шығару.

Түймедақ гүлінің күлтешелерін тақтаға жапсыру

арқылы қорытынды жасау.
-Балалар сендер қандай бөлме өсімдіктерімен таныстыңдар?
-Бөлме өсімдіктерін қалай баптап күту керек?
-Өсімдіктің пайдасы неде?
-Қандай өлең жолымен таныстыңдар?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *