РЕЦЕНЗИЯ №77 – 19.09.1991 ж.


Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылы

«Жармыш жалпы білім беретін мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

З. Темирмаганбетованың «Шығармашыл шәкірт» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымдық ізденімпаздығын дамыта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу – қоғамдық мәні зор мәселе. Әлемге жаңалық әкелетін ғалымның ақыл-ой әрекеті мен жаңаны тануға талпынатын баланың ақыл-ой әрекеті арасындағы ерекшелік бұрыннан танылған.

          Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу кезінде, ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың ізденушілік әрекетінде қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми-ағартушылық жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту. Сондықтан да жоғарыда аталған терминдердің мәні ғылым, зерттеу, ғылыми зерттеу сияқты базалық түсініктерді қалыптастырған. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде, аталған авторлық бағдарламаның маңызы зор.

          Ұстаздың алдындағы басты міндет әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай, дарындылығын айқындау және дамыту әр түрлі әдістермен, оның ішінде ғылыми іздену қызметіне ұштасады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

ф.ғ.к.:                                                                               Л.Н. Дәуренбекова