РЕЦЕНЗИЯ №78 – 19.09.2022 ж.


«Парасат» Алматы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нусипалиева Назым Нурдановнаның «Математика және логика» элективті курсы бойынша бастауыш сынып математикасына арнап жазылған авторлық бағдарламасына берілген рецензия

Авторлық бағдарлама ауқымында қарастырылған мәселе бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық танымдық әлеуетін көтеруге негізделген.

Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын аттырудың талабы қосымша педагогикалық тәжірибені қажет етеді.

Автордың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда логикалық тапсырмалардың маңызы мен баланың жас ерекшелік мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған бағдарламасы ғылыми бірізді ұстанымы барын байқатты. Әсіресе  «курс оқушыларды сауаттылыққа үйретіп, олардың логикалық және танымдық, шығармашылық қабілетін арттырады, кез- келген жағдаяттан қисынын тауып шығуға баулиды, есептер мен ребустар құрастыруға үйретеді» деп аталған міндеттерінен бағдарламаның жүйелі, бірізді, интеграцияланған әдістер мазмұнында құрылған сауатты бағдарлама екенін көруге болады.

Бағдарлама 34 сағатты қамтиды.

Бағдарлама мазмұнында баланың негізгі әрекеті ойын екенін ескере отырып, түрлі заманауи  сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршылар, түрлі ойындар автор тарапынан таңдалған. Оқушының  қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған мұндай сабақтардың білімділік сапасын, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда тиімділігін, маңызын автор  ескерген.

Қазіргі ақпараттық технологиялық, жаһандық заман талабынан туындайтын шұғыл шешім шығару, шығармашыл адамдардың қасиетін бала кезден қалыптастыру бүгінгі педагогикалық басты міндет. Автордың бағдарламаны жасаудағы  басты ерекшелігі, ұсынылған тапсырмалары шынайы, қазіргі қолданыстағы өмірден алынған тапсырмаларды ұсынуы.

Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын көтеру мен шығармашылық қабілетін дамытудағы негізге алынған логикалық тапсырмалары жаңартылған білім беру бағдарламасының принциптерін жүзеге асырудағы қосымша бағдарлама ретінде ұсынуға толықтай негіз бола алады. Автордың еңбегінің жүйелілігін, ғылымилығын, тапқырлығын жоғары бағалай отырып, бұл бағдарлама тек бастауыш сынып мұғалімдеріне ғана көмекші бағдарлама емес, сонымен қатар, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын оқу орындарында үлгілік бағдарлама ретінде сабақ барысында пайдаланатын оқу әдістемелік нұсқаулық ауқымында қарастыруға болады. Бағдарлама баспа талаптарына сай, әрі қолданысқа даяр.

Aйтapлықтaй ecкepтyлep жoқ. Coндықтaн Нусипалиева Назым Нурдановнаның «Математика және логика» элективті курсы бойынша бастауыш сынып математикасына арнап жазылған авторлық бағдарламасына оқу жоспарына сай екенін ескере отырып, баспадан шығарылуына өз ұсынысымды білдіремін.

Рецензент:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университетінің  аға оқытушысы                                      Бурдесбекова Үміт Исмаилқызы