РЕЦЕНЗИЯ №79 – 19.09.2022 ж.


Алматы қаласы Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясы

Г.Ж. Исаеваның «Логопедиялық жаттығулар» атты авторлық бағдарламасына

«Логопедиялық жаттығулар» атты авторлық бағдарламада балалардың сөйлеу тілінде кездесетін дыбыстардың айтылуының, фонематикалық қабылдауының бұзылымдарын түзету жұмысында қолданылатын ойын-жаттығулардың тізбегі алынған. Тәжірибелік құжаттардан құрылған авторлық бағдарлама дыбысқа алынған сөзұйқастарды, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, саусақ ойындарды және ертегілерді, логоритмикалық жаттығуларды, фонетика-фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған дайындық ойындарын, сөйлей естуін дамыту, артикуляциялық аппарат құрылымдарын дамыту ойын-жаттығуларын, физиологиялық тыныс алуды дамыту, дауыстың күшін дамыту, дидактикалық-дамытушылық ойындарын құрайды. Бұл авторлық бағдарлама жас логопедтерге және балабақша тәрбиешілеріне, ата-аналарға арналған.

Ұсынылып отырған бағдарламада сөйлеу тілінің фонетика- фонематикалық бұзылу түрлеріне байланысты түзете-дамыту ойындарының негізгі бағыттары, түрлері, ерекшеліктері толықтай қамтылған. Бұл тәжірибелік құралды сөйлеу тілінің бұзылымдары бар балалармен арнайы практикалық түзету сабақтарына пайдалануға болады.

Сөйлеу тілін түзету жұмысының барлық кезеңінде балалардың танымдық процестерін, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын дамытуға бағытталған ойын түрлері құрастырылып ұсынылған. Мектепке дейінгі мекемелердің болашақ логопедтері, тәрбиешілері балада дұрыс сөйлеу тілін қалыптастырудың барлық жұмыстары негізгі бір мақсатқа бағынышты екенін ескеруі қажет, ол – баланы мектепке дайындау. Бұл жұмыстың мақсатына жету үшін мұғалім, ата-ана және логопед жұмыстарының тығыз байланысына тәуелді.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

ф.ғ.к.:                                                                               Л.Н. Дәуренбекова