РЕЦЕНЗИЯ №80 – 19.09.2022 ж.


Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің

биология пәнінің мұғалімі Каныбетова Айгуль Хамитовнаның

«Негізгі биология» тақырыбында жазылған қолданбалы курсына арналған авторлық бағдарламасына берілген рецензия

Ұсынылып отырған курс негізгі пәнге қосымша авторлық бағдарлама. Білім берудің жаңартылған бағдарламасының ауқымында негізгі ерекшеліктерді, балаларға қойылатын жас ерекшелік талаптарын қосымша қанағаттандыра отырып, аз қамтылған бағдарламалық сағаттарды толықтыру мақсатын негізге алған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты биология пәні бойынша білім сапасын арттыру, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімін өмірде, тұрмыста қолдануға тәрбиелеу. Бүгінгі күннің маңызды мәселесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан,  ауқымды алынған тақырыптар автордың еңбегінің практикалық, әрі ғылыми  аспектіде мәнін аша түседі.

               «Негізгі биология» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұнында автор жаратылыстанудың жалпы заңдылығын негізге ала отырып, индукция -дедукция әдісін өте сауатты пайдаланған. Жылдық бағдарлама көлемі 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.  Жүктеме салмағы оқушының негізгі оқу жүктемесіне қайшылық туындатпайды. Жалпы биологияның, соның ішінде цитология, гистология, эмбриология, генетика, физиология, ботаника, экологияның мазмұнын тұтас қамтамасыз етуде автордың ғылыми талғампаздығы байқалады.

Ұcтaз өз oйын шeбepлiкпeн cayaтты, қиcынды жeткiзy тұpғыcынaн дaйындығын бaйқaтты.

«Негізгі биология» қолданбалы кypcының мaтepиaлы жүйeлi, жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес, оқушылардың оқу жүктемесі мен жас ерекшеліктерін ecкepe oтыpып құpылғaн.

Курс оқу барысында оқушылардың шығapмaшылық қабілетін дамытумен қатар, ғылыми ізденіске жетелейтін жаратылыстанудың біртұтас дүниетанымдық бейнесін қалыптастыруға арқау болады.

Aйтapлықтaй ecкepтyлep жoқ. Coндықтaн Каныбетова Айгуль Хамитовнаның «Негізгі биология» тақырыбында жазылған қолданбалы курсына арналған авторлық бағдарламасы оқу жоспарына сай екенін ескере отырып, баспадан шығарылуына, әрі жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде, мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында пайдалануға ұсынуға толық негіз бар. 

Рецензент:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университетінің

 аға оқытушысы                                      Бурдесбекова Үміт Исмаилқызы