РЕЦЕНЗИЯ №81 – 19.09.2022 ж.


Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, «Шырын» орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі А.А. Джаламовтың «Тарихи құзіреттілік» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

«Тарихи құзіреттілік» атты авторлық бағдарламада әлем тарихындағы мәселелер, оқиғалар, тарихи тұлғалар жайлы мәліметтер жан-жақты қамтылған. Мәселен, ежелгі дүние тарихы, алғашқы қауымдық құрылыс, ежелгі Қосөзен, ежелгі Египет тақырыптарында аталған елдердің тарихы бойынша мәлімет берілген.

Жинақта берілген тест тапсырмалары оқушылардың білім деңгейін көтеріп, өткен тақырыпты бекітуге жағдай жасайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың ауызша жауабы тыңдалады, дәптермен жұмыс жүргізіледі, жауап беруге сыныптағы барлық оқушылар қатыстырылады, топпен жұмыс, құжаттармен жұмыс, реферат қорғау, кесте толтыру, сұрақтарды талдау, өздік тапсырмаларды орындау, т.б. әдістерді қолдану барысында оқушылардың белсенділігі артады.

Аталған бағдарламада ұсынылған тапсырмалар жинағымен жұмыс жүргізу барысында оқушылар өздігінен ізденіс жасауға талпынады. Қосымша әдебиеттерден керекті материалдарды тауып, пайдаланады. Қосымша материалдар пайдалану арқылы оқушылар шығармашылық жұмысқа дағдыланады. Өз бетімен сызба, кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру арқылы оқушы білімділігі тексеріледі. Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына да бағыт-бағдар беріледі.

Жалпы, А.А. Джаламовтың «Тарихи құзіреттілік» атты авторлық бағдарламасында дүние жүзі тарихы туралы тереңірек мағлұматтар беру арқылы оқушылардың әлем елдерінің тарихы турасында танымдары артады, көкжиектері кеңейеді.

ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы

институтының ғылыми қызметкері,

т.ғ.к.:                                                                                           Қ. Еңсегенов