РЕЦЕНЗИЯ №82 – 19.09.2022 ж.


Абай облысы Аягөз ауданы

№1 жалпы орта білім беретін мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

И.Т. Смаилованың «Use of English» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Аталған авторлық бағдарламада ағылшын тілінің грамматикасын үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және стандартты емес ойлауын дамыту, диалогқа қатысу дағдыларын жетілдіру, типтік жағдайларда ауызша түрде қарым-қатынас негіздерін қалыптастыру мақсат етілген.

          Курс 6 сынып оқушыларына арналған. Сабақ аптасына 1 рет өткізіледі және 34 сабақты қамтиды. Тақырып таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары негізге алынған. Мәселен, «Дұрыс тамақтану» атты алғашқы сабақта оқушылардың назарын денсаулық пен ұзақ өмір сүру құндылықтарына аудару, оқушыларды салауатты өмір салтына баулу арқылы салауатты болу қажеттілігі туралы ойлануға көмектесу, салауатты өмір салты, тамақтану гигиенасы дағдыларын, қауіпсіз және сапалы тамақтану қағидаттарын қалыптастыру бойынша жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, зейінін, танымдық қызығушылығын дамыту, оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсат етілген. Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қоры көбейеді, өз пікірін дұрыс жеткізуді үйренеде, берілген мәтінді түсініп, сөздердің мағынасын дәл анықтауға дағдыланады.

          Қорыта айтқанда, И.Т. Смаилованың «Use of English» атты авторлық бағдарламасы мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамын.

Тұран-Астана университеті,

Әлеуметтік-гуманитарлық және

тілдік пәндер кафедрасының

аға оқытушысы:                                                                     Ш.С. Актанова