РЕЦЕНЗИЯ №83 – 19.09.2022 ж.


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Кругоозерный жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі

А.А. Табенованың «Негізгі химия» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Авторлық бағдарламаның мақсаты – жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде химия ғылымының дамуын қарастыру және химиялық түсініктердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Автор осы мақсатқа жетуде химия ғылымы және оның дамуы туралы біршама толық түсінік беруді, химия ғылымы бойынша теориялық білім беруде әртүрлі деңгейдегі мәліметтерді оқытуды, химия пәнінен сандық есептеулер жүргізу және тәжірибелер жасауға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды орындатуды өз алдына міндет етіп қояды. Бұған қоса химия пәні бойынша олимпиадалық есептерді шығарудың жолдарын ұсынады. Бұл өз кезегінде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізбек. Автор бағдарламада ұсынған сабақ үлгілерін сыни тұрғыдан ойлау, Шаталовтың тірек сызбасы,  Блум таксаномиясы, АКТ, жобалау технологиялары арқылы жүзеге асырады. Сабақ барысында миға шабуыл, Джиксо, көшбасшы, инсерт, семантикалық карта, БББ кестесі, жұптық, жеке жұмыс сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.   

    Қорыта айтқанда, А.А. Табенованың «Негізгі химия» атты авторлық бағдарламасының оқушылардың химия пәні бойынша білімдерін дамытуда маңызы зор деп есептеймін.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.К. Султанова