РЕЦЕНЗИЯ №84 – 19.09.2022 ж.


Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

А.С. Кудайбергенованың «Оқушылардың математикалық, функционалдық сауаттылықтарын дамыту» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

    Авторлық бағдарлама мектеп оқушыларының физика-математикалық, қаржылық-экономикалық бағыттар бойынша бейіналды дайындығына бағдарланған. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін қанағаттандырып, мектеп бағдарламасындағы маңызды математикалық білім мен дағдыларды жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп, таңдауға көмектеседі.

    Қаржылық математика мәселелері қазіргі уақытта тек финансистер мен экономистер үшін ғана емес, барлық адамдар үшін де қызығушылық тудырып келеді. Күнделікті өмірде біз тауарлар және қызмет көрсету бағаларымен ұшырасамыз. Мысалы, банктегі жинақ салымы, несие алу, айып өсімін төлеу, саудадағы жеңілдіктер, сақтандыру төлемі, т.б. Сондықтан математикалық сауаттылық математиканың практикалық құндылығын айқын көрсететін қажеттілік. Осы тұрғыдан келгенде аталған курстың оқушылар үшін берері көп болмақ. Курс 34 сағаттан тұрады.

    Қорыта айтқанда, А.С. Кудайбергенованың «Оқушылардың математикалық, функционалдық сауаттылықтарын дамыту» атты авторлық бағдарламасының оқушылардың математикалық сауаттылықтарын дамытуда маңызы зор деп есептеймін.

«Alikhan Bokeikhan University» ББМ

педагогика және психология

кафедрасының меңгерушісі,педагогика ғылымдарының кандидаты:                      Н.К. Султанова