РЕЦЕНЗИЯ №85 – 19.09.2022 ж.


Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

«Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі «Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Е. Кенжеғараеваның

«Морфология» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Аталған авторлық бағдарламада қазақ тіліндегі сөздердің барлығы түбір күйінде жұмсалмайтындығы, көпшілігі жұрнақ жалғану арқылы жаңа мағынаға ие болатындығы, енді біразы түбірлердің бірігуі, қосарлану, тіркесу арқылы жаңа сөз болып қолданысқа түсетіндігі жайында мағлұмат беру мақсат етілген. Бағдарламада инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізілген сабақ жоспарлары, оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетілген. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар оқушылардың ұтымды ойлау дағдыларын дамытуда септігін тигізеді. Сондай-ақ, оқушылардың ауызша-жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.

Курсты аяқтағаннан кейін оқушылар қосымшаның түрлерін, туынды сөздердің жаңа мағынаға ие болуын, терминдер мен дерексіз ұғым атауларын толығымен меңгереді. Қазақ тілі бойынша білімдерін ғылыми-ізденіс тұрғысында жетілдіреді. Бағдарламада ұсынылған ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндердің маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық танымын қалыптастырып, шығармашылық қиялдарын дамытады.

          Қорыта айтқанда, Н.Е. Кенжеғараеваның «Морфология» атты авторлық бағдарламасы мектеп оқушыларының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді деген ойдамын.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы