РЕЦЕНЗИЯ №115 – 22.10.2022 ж.


Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі «Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Г. Закириштің

 «Бастауыш сыныптарында дарынды және талантты оқушылармен поэзиялық жұмыс» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың бойында қалыптасатын тілдік дағдыларды тиімді қалыптастыруда білім беру сапасын арттырудың инновациялық тәсілдерін жетілдірудің, сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Сол сияқты әдебиеттен сабақ жүргізетін мұғалім жаттықтыру барысында тілдік дағдыларға машықтану әрекеттерін жақсы меңгерген болуы керек.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін әрбір мектеп мұғалімінің өзіндік әдістемелік, яғни әдіскерлік жолдары мен амал-тәсілдері көп болуы керек. Әдебиеттік оқу сабағының басты мақсаты оқушыларды дұрыс сөйлей білу, ойлай білу қабілеті, жазу қабілетін дамытумен ұштасып жатады. Ал, мектептің оқушыларын шешен сөйлей білуге баулу – өте жауапты жұмыс. Өзінің ойын еркін жеткізе алмайтын, сөйлей алмайтын оқушылардың ертеңгі болашағы қандай болмақ? Дәл осы мәселені әдебиет мұғалімі әр сабағында ойластырып отыруы керек. Тіл мамандарына кіріктірілген тұрғыда тәрбиелік жағынан да, жеке тұлғаның ақылы мен ойының дамуына әсер ету оған мән беру қажеттігін ұмытпауы қажет. Осы тұрғыдан алғанда, Г. Закириштің «Бастауыш сыныптарында дарынды және талантты оқушылармен поэзиялық жұмыс» атты авторлық бағдарламасының маңызы зор.

Авторлық бағдарлама талапқа сай жазылған. Дегенмен бағдарлама мәтінін мұқият тексеріп шығуды ұсынамыз.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева