РЕЦЕНЗИЯ №125 – 09.11.2022 ж.


Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі А.А. Игентаеваның «Заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық техналогиялардың маңызды бағдарламасы Python» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          Автор А.А. Игентаеваның «Заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық техналогиялардың маңызды бағдарламасы Python» атты авторлық бағдарламасы талапқа сай рәсімделген.

          Бағдарламаның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары мен тапсырмалар жиынтығы сәйкес келеді.

          Аталған бағдарлама мазмұны python орнату, бірінші python бағдарламасы, PyCharm бағдарлау ортасы, Visual  Studio  бағдарламасындағы  Python, бағдарлама құруды бастау, айнымалылар мен мәлімет типтері, сандармен орындалатын амалдар, шартты өрнектер, жолдармен операциялар, шартты оператор if, циклдар, функциялар сияқты тақырыптардан тұрады. Авторлық бағдарламасының орындалуы келесі әрекеттерден тұрады: бріншіден, мәтіндік редакторға берілген бағдарламалау тілінде өрнектер жиынтығымен сценарий жазылады. Бұл сценарий аудармашыға жіберіледі. Аудармашы кодты аралық байт-кодқа айналдырады, содан кейін виртуалды машина алынған байт-кодты операциялық жүйе орындайтын нұсқаулар жиынтығына айналдырады.

          Бағдарлама мәтінінің тілі, стилі, жұмыстың құрылымы және мазмұндау логикасы, қарастырылып отырған сала бойынша түсініктеме аппаратын пайдалануы жоғары деңгейде.

          Қорыта айтқанда А.А. Игентаеваның «Заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі инновациялық техналогиялардың маңызды бағдарламасы Python» атты авторлық бағдарламасын мектеп мұғалімдері қосымша әдістемелік құрал ретінде қолдана алады.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты:                               Н.Х. Шадиева