Өндірістік оқыту сабағының жоспары ФастФуд -тағамдары


  Мырзалиева Айгерім Амангелдіқызы

№9 Меркі колледжі КМҚК өндірістік  оқыту шебері

Курс, топ: 2 курс, №202 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»   

1. Сабақтың түрі: Өндірістік сабақ

2. Мақсаты, міндеттері: Студенттердің теорияда алған білімін өндірісте жүзеге асыруын тексеру, білімдерін шыңдау.

Білімгерлерге фастфуд-тағамдары туралы түсінік беру.

3. Күтілетін нәтижелер: Студенттер фастфуд тағамдарын безендіруді және дайындауды меңгереді. Фастфуд- тағамдарының құрамы мен рецептурасын үйренеді.

4. Қажетті ресурстар:  Интербелсенді тақта, плакаттар, суреттер, презентация

5. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:                          

1.Сәлемдесу

 2. Тізім бойынша тексеру

 3.Тақырыппен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасы: «Word Wall» Викториналық сұрақтар

                                     «Хат келді» әдісі. Сұрақ-жауап

ІІІ.Кіріспе нұсқау:

Студенттерді жұмыс орнымен таныстырып, жұмыс орнын дайындау.

  1. Қауіпсіздік  техникасымен таныстыру.
  2. Студенттерді асхана жабдықтарымен таныстру
  3. Асхана жабдықтарын дайындау.

ІІІ. Жаңа сабақ Фаст-фуд — өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фаст-фуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы. Тез тамақтану Ежелгі Римнан белгілі. Әрбір Римдық базарларда тәтті және тез пісірілетін тамақтар қарапайым халыққа көптеп ұсынылатын болған. Ол кездегі бірден-бір тамақтың түрі ашытылған қамырдан жасалған және зәйтүн майы жағылған тандырлар болған. Ол қазіргі италиан пиццасына ұқсайды. Қытай базарларында тез пісетін ыстық кеспелер сатылған.

Фаст-фуд (англ fast food –тез тамақтану) тез әзірленетін тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 ж  Merriam-Webster сөздігіне енгізілген. Тез тамақтанудың кесірінен  ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.

 1920 жылдары ең бірінші фаст-фуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды.      Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, кфси, чикен, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен біле бермейміз.  Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Көне заманғы қағида бойынша:  «Ас — адамның арқауы» — делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану — біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «Жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Әсіресе, фаст-фуд өнімдерінің балалардың денсаулығына тигізетін зияны өте қатты. Әлі қатаймаған балалардың организмі фаст-фуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Фаст-фуд ойлап тапқан американдықтар тауық мәзірін әртараптандыру тәсілін тапты. ХХ ғасырдың ортасында. мейрамханашы Харланд Сандерс арнайы технологияны пайдаланып қуырылған тауық қанаттарының рецептін ойлап тапты. Бұл Кентукки тағамы танымал болып қана қоймай, сонымен қатар түрлі желілік мейрамханалардың мақтанышы – қуырылған тауық еті мен наггеттері.KFC 1952 жылы кәсіпкер Харланд Сандерс құрды, ол қуырылған тауық тағамдарын сата бастады.KFC-дің түпнұсқа өнімі-он бір шөптер мен дәмдеуіштерден тұратын қуырылған тауық еті. Сандерс жеке өзі жасаған бұл қоспаның құрамдас бөліктері коммерциялық құпияны құрайды.KFC мәзірінің негізі-қуырылған тауық еті-түпнұсқа рецепт.Стандартты жеке бөлікке екі немесе үш бөлік кіреді, ал отбасылық бөліктерге алтыдан он алтыға дейін (6-16) бөлік кіреді және картон шелекте беріледі.Құстардың қаңқасы тоғыз бөлікке бөлінеді: 2 аяқ, 2 жамбас, 2 қанат, 1 киль және омыртқадағы 2 кеуде бөлігі.Тауық еті бидай ұны мен дәмдеуіштерге қолмен оралады, процесс екі-төрт минутты алады. Содан кейін өнім 185 °C температурада қуырылады; қуырудың максималды ұзақтығы – жеті минут.Осыдан кейін өнім бес минут суытып, жылыту үшін пешке орналастырылады.!!! Егер өнім бір жарым сағат ішінде тұтынылмаса, онда ол компания саясатына сәйкес тасталадыКомпанияның басқа негізгі өнімдері-тауық гамбургерлері, соның ішінде Zinger және Tower сериясы, wraps (Twister және boxmaster сериялары)Қолмен тұтынылатын тағамдар: қытырлақ тауық “жолақтары” және өткір қанаттарPopcorn Chicken-KFC-тің аумақтық кең таралған өнімдерінің бірі; тағам қуырылған тауықтың кішкене бөліктерінен тұрады.2009 жылы компания Kit Kat, Oreo немесе құлпынайдан жасалған печенье кесектерін қамтитын Krusher/Krushem мұздатылған сусындарының желісін шығардыКремді жұмыртқа пирогы-бүкіл әлемде танымал KFC десерті2012 жылы бірқатар базарларда KFC таңертеңгі мәзірі (“KFC түске дейін”) пайда болды, оған стандартты тауықтан басқа құймақ, вафли және Жарма кірді.KFC-сауда айналымы бойынша екінші орындаMcDonald ‘ s-тен төмен әлемдегі кафелер желісі.2015 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша KFC брендімен әлемнің 118 елінде 18 876 сауда нүктесі жұмыс істейді.Компанияның Штаб-пәтері Кентукки штатының Луисвилл қаласында орналасқан.Айналым: 23 млрд $

Сергіту сәті «Жұмсақ шар» ойыны

Сабақты  пысықтау «Постер» әдісі арқылы тауық қанаттарының зиянды жақтары мен пайдалы жақтары

Сабақты бекіту «Бейнебаян» тауық қанаттарының дайындау технологиясы

                            «Көңілді әріптер» әдісі

IV Ағымдағы нұсқау

Студенттермен жаттығулар орындау, о/ө шебері студенттердің жұмыс орындарын аралап шығу.

1.Жұмыс орынын ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру.

2.Асхана жабдықтарын дайындау, ережелерімен таныстру.

3.Жұмыс орындау дұрыстығын тексеріп, құралдармен жұмыстар жасау

V. Қорытынды нұсқау

1. Ө/О сабағы үшін жұмыс қортындысын шығару.

2.Студенттердің  өзіндік жұмысын талдау.

3.Студенттердің ө/о шебері мен орындаған жұмыстарын талдау.

4.Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау.

5.Ұй тапсырмасын беру  (қауіпсіздік техникаларын жаттап келу)

6.Жұмыс орнын ретке келтіру.

VІ. Үй тапсырмасы: Фастфуд тағамдарының технологиялық

сызбасын жасау

VІІ. Бағалау.

«Білім заряды» әдісі

Тексерген :