Конкурстық сабақ “Сан есім”


Муздыбаева Карлыгаш Кайроллина

                               Павлодар облысы, Качир ауданы,

Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табу арқылы сұрақ қоюға, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.

2.Дамытушылығы: сөз таптарын ажырата білу,сөйлем ішілік мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуге, оқушылардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, сауаттарын жетілдіру.

3.Тәрбиелігі: оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тапсырмалар, ойын.

 

Ақпараттық құрал: интербелсенді тақта

 

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сюжетті суреттер, сызба

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық әзірлік. «Кім дейміз?».

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.

Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз.

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Оқушылар: Үлгілі екен бұл дейміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау.

-Қанша сөз табы бар?

Новый рисунок (1)

Новый рисунок

ІІІ.Жаңа сабақ.

Ал, балалар, мына сұрақтарға жауап беріп көріндерші.

3 слайд.

Екі көз не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін керек..

Екі құлақ не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек.

Екі қол не үшін керек?

Елге көмек беру үшін керек?

Екі аяқ не үшін керек?

Туған жерге жету үшін керек?

Тілін не үшін керек?

Сөйлесу үшін, тілдесу үшін керек.

Санды білдіріп тұрған сөздер бар ма? Сұрақ қояйықшы. Оны қандай сөз табына жатқызамыз?

Сан есім. Ендеше балалар, біз сан есім туралы сабағымызды одан әрі жалғасты-рамыз.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сен білесің бе?

4 слайд. Дронт құсының суреті.

А) Мәтінді оқытып, әңгімелету.

В)Дронт құсы туралы қосымша мағлұмат беру.

3

Дронт- тұмсығы үлкендеу, қанаты жетілмеген, салмағы 20 кг жететін, қаз тәріздес ұшпайтын құстың бірі. Үнді мұхитының Маскарен аралдарында кенінен таралған болатын. 17-18 ғасырларда мүлдем жойылған. Жекелей жұп болып, тоғайларда мекендеген. Жерде ұя салып, бір ғана үлкен жұмыртқа басқан. Аралдық өмірде өте қауіпті жаулары болмағандықтан, өз-өздерін қорғау қабілеті болмаған. Олар бәріне сенімділікпен қараған. Бірақ, адамдар шошқаны аралға кәшіріп әкелуіне байланыс-ты, олар мүлдем жойылған. Олардың 3 түрі болған. Біріншісі – дронт, екіншісі – ақ дронт,үшіншісі-шөлейттік дронт деп аталған.

С) Сөйлемдердегі цифрларды сөзге ауыстырып, сөйлемдерді көшіріп жазу, күрделі сан есімдердің астын сызу.

5 слайд. Сюжетті сурет. 2-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс. Сыныпты топқа бөлемін. Екі топқа екі сурет бойынша әңгіме құратамын. Сан есім қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызбамен көрсетеді.

Новый рисунок (2)

6 слайд.

Сергіту сәті.

Аппақ болып таң атты

Түтін тік боп шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады.

Қоюланып қара бұлт

Төкті жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек.

7 слайд.

«Орнынды тап» ойыны. Тақтаға сөз таптары ілінеді. Әр сөз табының тұсына тиісті сөздерді конверттің ішінен алып, орнына қояды.

 

Зат есім:

Сын есім:

Сан есім:

Етістік:

Керекті сөздер: жеті, қыз, үш, ағаш, бала, төрт, әдемі, келді, жиырма бір, ақ, сары, отыр.

Өздері қалаған бір сөзге сөйлем құрау.

8 слайд.

ІҮ.Сабақты бекіту.

  1. Тірек сөздер арқылы санамақ құрау.

Бір дегенім- ……… .

Екі дегенім- ……… .

Үш дегенім- ……… .

Төрт дегенім- …….. .

Бес дегенім- ……….. .

Тірек сөздер: ерлік, үздік, бірлік, тірлік, берік.

 

9 слайд.

 

  1. Тест тапсырмалары.

 

1.Сөйлемдегі сан есімді көрсетіңіз:

Әр аптада жеті тәулік бар.

А) апта

В) тәулік

С) жеті

 

2.Мына сөздерге қай жұрнақ жалғанады?

Үш…… , төрт…… .

А) нші

В) ыншы

С) інші

 

3.Екі сөзден тұратын сан есімді белгілеңіз:

А) жиырма

В) екі жүз

С) бесінші

 

Ү.Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта қандай сөз табына байланысты тапсырмалар орындадық?

-Қандай сұрақтар қойылады? Қандай түрлері болады?

ҮІ.Үйге тапсырма. 4-жаттығу. 190-бет.

Ү. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатынасуына қарай мадақтап, бағалаймын.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *