«Жас натуралистер станциясы туралы»


Естаева Кульшат Таурбековна

Биология пәні мұғалімі

Шал ақын ауданы , Сергеевка қаласы, қазақ орта мектебі

Мектеп директорының аты- жөні: Исина Ырысты Олжабаевна

Біз  ұстаздар қауымы, сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру үшін қосымша білім беру мен сауықтыру еңбегінің маңызы зор екенін ұғамыз.

Қосымша білім беру мен сауықтыру еңбегін ұйымдастырудың негізгі көзі- жас натуралистер станциясы болып табылады. Бұл ұйымда оқушылар табиғат әлеміне ене отыра экологиялық білім және патриоттық тәрбие алады. Жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі  жоқ»-деп, адам тек табиғатпен етене араласқанда ғана табиғатты түсінеді.

Қазіргі таңда балалар «ақпараттық технология әлеміне» еніп, қоршаған ортаны айтпағанда табиғат әлемінен алыстап, өзімен- өзі жеке қалып, тұйықталып бара жатқаны құпия емес, бұл олардың келешекте жеке тұлға болып қалыптасуына және елінің нағыз азаматы болып өсуіне кері әсерін тигізері сөзсіз.

Өзімнің баяндамамда  мен әдіскер ретінде, қосымша білім беру мен сауықтыру еңбегінің негізі бағыттарын жас натуралистер станциясының жұмысында баяндамақпын.

Жас натуралистер станциясының өзіндік ашылу тарихы бар. Сергеевка қаласында 1966 жылы құрылып , осы күнге дейін жұмысын жалғастыруда. Бұл ұйымның 0,8 гектар жері, қазіргі талапқа сай жабдықталған  оқу кабинеті бар. Онда жоғары санатты мұғалімдер және  оқу жылы мен жазғы уақыттарда жүздеген балалар тәрбиеленеді.

Негізгі мақсаты:

Оқушылармен оқу- тәрбие жұмысын жүргізу барысында экологиялық білім мен тәрбие берумен қатар табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, танымдық қасиеттерін қалыптастыру және теория мен практиканы ұштастыру.

Мынадай міндеттерді алға қойдық:

  • экологиялық мәдениетті қалыптастыру
  • оқушылардың шығармашылық жұмысына басшылық жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
  • Өсімдіктер түрлерін сақтай білу қасиеттерін дамыту
  • «Тірі табиғат» обьектілерін пайдалана отырып, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру
  • Оқушылардың өсіп- дамуы мен денсаулықтарын нығайту

Экологиялық оқыту мен тәрбиелеу барысында мынадай іс- шаралар өткіземіз:

«Табиғатты аяла!», «Табиғат- ортақ үйіміз!», «Әлемнің ғажайып қызықтары!» атты әңгімелер, балалардың танымдылық қасиеттерін кеңейту және тұрғылықты жердің өсімдіктерін тану үшін саябақтар мен орманға саяхатқа шығамыз.

Сауықтыру еңбегі мен шаруашылық жұмыстарында  оқушылар өсімдіктерді егу, сирету, көшеттер отырғызу, оларды суару, топырақтарын қопсыту, өнімді ысырапсыз жинау, тұқым алу және тұқымды сақтау агротехникасымен танысып қана қоймай еңбек етуге  дағдыланады.

Ал күздегі өнім бойынша, 150 кг қызанақ, 380 кг орамжапырақ, 380 кг қияр,200 кг сәбіз, 60 кг қызылша, 60 кг кәді, 15 кг бұршақ, 55 кг асқабақ өнімдері алынады.

Оқушылар алынған өнімді өздері саудаға  шығарып, түскен қаржыны есептейді, «бизнес –жоспар» құрады, аз қамтамасыз етілген отбасыларына көмектеседі, әдеби оқулықтар алады және еңбекке  қажетті құралдар алуға ақша бөледі, жақсы жұмыс істеген оқушыларға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Үйірме мүшелері бірнеше рет аудандық, облыстық конкурстарға қатысып марапатталды:

  • «Зерде» республикалық экологиялық- шығармашылық зерттеу жобасында оқушыларымыз дипломмен марапатталды
  • -«Экологиялық бизнес- жоба» 4 – Республикалық конкурсының аудандық кезеңінен 1- орын, облыстық кезеңінен 3- орын алды
  • Жыл сайын «ең әдемі гүл шоғы» аудандық конкурсына қатысып жүлделі орындар аламыз

Жас натуралистер ұйымының  «Жарғысы» бекітілген. Онда тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген:

-тәрбиеленушілер ұсыныстарын айтуға және құрал- жабдықтарды пайдалануға құқылы

Міндеттері:

  • қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуға
  • берілген тапсырмаларды орындауға
  • дәстүрлерді сақтауға
  • қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті

Көп жылғы қалыптасқан дәстүрге : қаламыздың көшелерін, орталық алаңдарын гүлдендіруге, көркейтуге үлес қосу ұрпақтар арасында жалғасын табуда.

Қазіргі қоғамның талабына сай – нағыз патриот азаматты тәрбиелеп, экологиялық білім беруде жас натуралистер станциясының  берері мол.

Алдымызда көптеген міндеттер бар, ең негізгісі- келер ұрпақ бойында рухани- адамгершілік қаситетін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *