Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы


Басыгарина Бахытгуль Болатовна

Қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжі

Сабақтың мақсаты:  1. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы  туралы

мәлімет беру, оқушылардың танымдық біліктілігін

арттыру;

  1. Оқушыны өз бетінше ізденуге, ойлануға, өз ойын

еркін айта білуге үйрету;

  1. Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай

білуге тәрбиелеу, оқушылардың адамгершілік

қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Ой шақыру, сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, шығармалар жинағы, суреттер.

Пәнаралық байланыс: география, тарих.

Сабақтың барысы: І.  а) Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1916 жыл оқиғаларын жырлаған ақындар, олардың шығармалары жайлы  зерттеу.

ІІІ.  Өткен сабақты пысықтау.

1) Ел тарихындағы елеулі кезеңді ата.

2)Ресей патшалығының 1916 жылдың 25 маусымдағы жарлығын қазақ халқы қалай қабылдады?

3) 19 бен 31  жас арасындағы жігіттердің майданның қара жұмысына зорлықпен алынуына байланысты өлеңдерде халықтың мұң-наласы қалай суреттелген?

4) 1916 жыл оқиғасына байланысты дүниеге келген өлең, дастандардың мәні неде?

  1. Жаңа сабақты меңгерту немесе мағынаны тану.
  2. С.Сейфуллиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері жайлы түсінік беріледі.
  3. Табиғатынан дарынды жаратылған ақынның Сәкен деп аталуы.
  4. Егемендіктің ең алғашқы шарты-білім. Білім- қай заманда да маңызды да өзекті мәселе.
  5. Сәкеннің жан-жақты білім алуы азаматтық-әлеуметтік көз қарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы.
  6. 1914 жылы «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағының Қазан қаласында басылып шығуы.
  7. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылуы.
  8. С.Сейфуллиннің қаламынан туған шығармалары мен зерттеу еңбектерінің танымдық-тәрбиелік мәні.
  9. Поэзия минуты. Ақынның өлеңдері жатқа оқылады. Үнтаспадан тыңдалады.
  10. Сабақты пысықтау. «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс.
  11. Зерттеңіз: С.Сейфуллин кім? Ассоциация әдісі бойынша жұмыс.
  12. Салыстырыңыз: С.Сейфуллин мен С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын салыстыру.
  13. Қолданыңыз: Жаңа сабақтан алған білімдерін кестені толтыру арқылы тексеру.
  14. Байланыстырыңыз: Сендерге, қарындастар,

Сендерге, інілер,

Сендерге арналды бұл әндер!

Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,

Әділдік, тендік іздеген,

Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,

Еркіндік, кеңдік іздеген,

Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,

Сендерге арналды бұл әндер…өлең шумағын өмірмен байланыстыр.

  1. Талдаңыз: Берілген өлең шумағын өлең құрылысына талда.

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты, биік таулы жерлері бар,

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар.

  1. Суреттеңіз: Ақын өмір сүрген кезең мен қазіргі өмірді суретте.

VII. Сабақты қорытындылау. Категориялы топтастыру стратегиясымен жұмыс.

VIII. Үйге тапсырма. Ақынның «Өткен күндер» атты жинағына енген өлеңдерін зерттеу, жатқа айту.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *