Құда түсу. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем


 Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

Жұмабаева С.Е.

№   42 орта мектеп

                                                                                       Қазақ тілі пәні

Сабақтың тақырыбы:  Құда түсу. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: құда түсу дәстүрі туралы түсінік беру, терең білімді меңгерту

Ә)дамытушылық:оқушының сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорларын байыту

Б)тәрбиелік: отбасыдағы салт-дәстүрлерді  ұстануға,  құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Көрнекілігі:  интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:  психология, әдеп

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: тапсырмалар орындау,  сұрақ-жауап,  сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

* Оқушылармен амандасып, кезекшімен сұхбаттасу.

* Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

**  Сөздік қорларын  тексеру

**  сүйінші туралы  әңгімелеу

ІІІ.  Білімдерін жан- жақты тексеру: себеп бағыныңқылы сөйлем қалай құрылады?

ІV. Жаңа білімді меңгертуге дайындау

  • Мәтінмен жұмыс істеу: * оқып, тыңдату

* жаңа сөздерге көңіл бөлу

  1. Білімді меңгерту:

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем-  ережені қайталау.Бұл сөйлем қалай құрылады? Мысалдар келтіру.

**Мәтінді аудару.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

( өздігінен жұмыс істету), тексеру.

 Құда түсу ежелден келе жатқан дәстүр. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі «бесік құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан кызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бой жеткенде, ұл жағы аттастырып қойылған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі.

ІІІ деңгей    Мәтінді оқып ,таныс сөздерді аудару

Сұрақтар құру

Етістіктерді тауып, тұйық етістік етіп  жазу

ІІ деңгей     Мәтінді аудару

Септіктегі зат  есімдерді теріп жазып, құрамын анықтау

Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді оқып,схемасын құру

І  деңгей     Қазір  құда түсу қалай өтеді?  Пікір жазу

VІ. Білімдерін бекіту:  1.Мақалдар жазу,түсіндіру. Сөз тіркестерді аудару.

Күйеу жүз жылдық-құда мың жылдық. Үйлену оңай,үй болу қиын.

ҮІ. Қорыту: нені білдік? Құда түсу туралы әңгімелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:  Бұл дәстүр жайлы мәлімет дайындау,презентация жасау /өз қалауы бойынша/,әңгімелеу, сөздерді  жаттау.

Бағалау. Қоштасу

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *